Параллельдер мен меридиандар. Дүниетану, 4 сынып, дидактикалық материал.


ДИДАКТИҚАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

№1. Сиқырлы қорапша» ойыны. Оқушылар қорап ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

-Климаттың ауа-райынан қандай айырмашылығы бар?

-Климат адамзат дамуына әсер етеді ме?

-Ертеде адамдар ауа-райын қалай болжаған?

-Су, жер, ауаның ластану факторларына нелер жатады?

-Біздің өңірімізде қандай қауіпті апаттар кездеседі? Ол адамдарға қандай зардап әкеледі?

-Өрт болған жағдайда қандай

ережелерге сүйенуіміз керек?

№2 Жұптық жұмыс

Жұптық жұмыс

бгоусл

лапалеьрл

карвотэ

емидаинр

юпсло

бгоусл

лапалеьрл

карвотэ

емидаинр

юпсло

№3.Венн диаграммасын толтыру (тірек сөзер)

географиялық объектілерді нақты көруге болады,

жер бедері тегіс жазық түрінде беріледі,

қалалардың атаулары қара әріппен жазылған,

жердің кішірейтілген дәл үлгісі,

көлдер мен өзендердің атаулары көкшіл әріппен жазылған,

латын тілінде «шар» деген сөз,

өзендердің ұзындығын анықтауға болады,

екі пункттің ара қашықтығын анықтауға болады,

таулардың биіктігін анықтауға болады

4 (Мәтінмен жұмыс)

Параллель мен меридиан

Әлемдегі жалғыз глобустар мұражайы Австрия еліндегі Вена қаласындағы Ұлттық кітапханасында орналасқан. Бұл мұражай 1956 жылы ашылған. Қазір мұражайда 590 экспонат бар. 1492 жылы атақты неміс картографы Мартин Бехайм глобус жасайды. Бұл алғашқы сақталған глобустардың бірі. Бұл глобуста Еуропа, Азия, Африка бейнеленген. Онда Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын, яғни Еуропадан Шығыс Азияға дейінгі аралықты мұхит алып жатыр. Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар. Олар солтүстік және оңтүстік полюстер. Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай, орнында қалады. Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді. Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор - теңейткіш деген сөз). Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға - солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі. Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллелдер деп аталады (грекше параллель-қатар жүруші деген сөз). Глобуста солтүстік және оңтүстік полюстердін арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтар бар. Олар – меридиандар. Латын тілінен аударғанда меридиан - түскілік деген мағына білдіреді. Өйткені тал түстегі көлеңке сол жердегі жергілікті меридиан бағытына сәйкес келеді. Меридиан солтүстік-оңтүстік бағытты көрсетеді.

Халықаралық меридиан ретінде нөлдік меридиан 1884 жылы қабылданды. Ол Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының маңымен өтеді. Бастапқы меридиан шеңбері Жерді батыс және шығыс жарты шарларға бөліп тұрады.

5 (Сызбамен жұмыс)

Параллельдер, меридианалар, экватор, солтүстік пен оңтүстік полюстерді көрсетіңіздер:

№6. Тірек сөздер;

Глобус

Полюс

Параллель

Меридиан

Экватор

№ 7. Қалыптастырушы бағалау. Тұжырымдар

Аты-жөні:___________________________________________________________

«Дұрыс-бұрыс?» тапсырмасы (егер дұрыс болса «+», бұрыс болса « - « қоямыз)

 тұжырымдар

+/-

1

Жер шарында 2 полюс бар.

2

Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналмайды.

3

Экватор сөзі «түскілік» мағынаны білдіреді

4

Жерді тең екі жарты шарға меридиан бөледі

5

Жер экваторының ұзындығы 40000 километр

6

Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллель деп аталады.

7

Оңтүстік,солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды экватор деп атайды

8

Алғашқы глобусты жасаған М. Бехайм

9

Қазақстан солтүстік жарты шарда орналасқан

Аты-жөні:___________________________________________________________

«Дұрыс-бұрыс?» тапсырмасы (егер дұрыс болса «+», бұрыс болса « -« қоямыз)

 тұжырымдар

+/-

1

Жер шарында 2 полюс бар.

2

Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналмайды.

3

Экватор сөзі «түскілік» мағынаны білдіреді

4

Жерді тең екі жарты шарға меридиан бөледі

5

Жер экваторының ұзындығы 40000 километр

6

Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллель деп аталады.

7

Оңтүстік,солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды экватор деп атайды

8

Алғашқы глобусты жасаған М. Бехайм

9

Қазақстан солтүстік жарты шарда орналасқан



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу