Қазақстан халықтарының мейрамдары. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- «Қар атысу» ойынында оқушыларды екі топқа гендерлік сипатқа байланысты ұлдар және қыздар тобы деп бөлуге болады. Топқа бөлудің бұл әдісі – саралаудың бір түріне жатады. Ойын соңында қыздар мен ұлдар жауаптарының ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз. Себептерін сұраңыз.
Ойын барысындағы жауаптарды қадағалап отырыңыз. Ойын шартын бұзуға жол бермеңіз (жай ғана атамай лақтыру).
- Бейнеақпаратпен жұмыс
Оқушыларға Бірлік күні туралы бейнерепортаж көруге ұсыныс беріңіз. ("Қазақстан халқының Бірлігі күні") бейне көрсетілгенге дейін оқушыларға сұрақ қойыңыз.
-Бұл қандай мереке деп ойлайсыздар?
-Бұл мерекенің мақсаты қандай?
- «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы
- Топқа бөлу үшін шаңырақ пен әр түсті ленталарды алдын ала дайындап қою ұсынылады (4-5 түсті). Мұғалім оқушыларды көне мейрамдар және қазіргі мейрамдар, әр халықтың өз ұлттық мейрамдары бар екендігіне көңіл аудартады. Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық мейрамдары туралы түсінік береді.
- Қосымша сілтемелер:
№ | Тақырыбы | Сілтеме | ұзақтығы |
1 | Біз біргеміз | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/biz-birgemiz | 5.54 |
2 | Қазақстан халқы ассамблеясы | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-xalqy-assambleyasy | 5.11 |
3 | Мемлекеттік рәміздер | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/memlekettik-ramizder | 5.21 |
4 | Қазақстан – ортақ үйіміз | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz | 06.19 |
- Теориялық ақпараттар:
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Елімізде 130-дан астам ұлтпен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан — азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер пен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет.
Ұлттық мейрамдар:
-орыс халқында «Вербная неделя» (пасха алдындағы апта), «Пасха» – христиандардың басты діни мейрамы«Масленица» - (славян және басқа христиан халықтарында — қысты шығарып салу мейрамы),
-татар халқында «Сабантуй» - (сабантой -түркі халықтарында (татар, башқұрт, ішінара қазақтарда) тойланатын мейрам. Егін жинау науқанынан кейін күзде өткізіледі. «Жыен» - (көктемднің соңында суарымның аяқталып, пішен шабудың басталған кезі)
-корейлерде «День посадки деревьев» - (ағаш отырғызукүні), «Чхусок» - ұлттық корей мейрамы. (Бұл мейрам кезінде корей халқы өзі туған отанына туған-туыстарымен көрісу үшін барады.) Қазақ халқының көне мейрамдары: «Көктем туды», «Аламан бәйге» т.б.
Қазіргі заманауи мейрамдар: «Бірлік және еңбек күні», «Қайырымдылық күні», «Балаларды қорғау күні» «Білім күні» т.б.
Қазақстан Республикасының мерекелері ҚР Президентінің 1998 жылы 20 қантардағы №3827 Жарлығы мен оған 2003 жылы 15 карашада енгізілген өзгерістерге сәйкес заңды түрде белгіленген ұлттық, мерекелік және кәсіби мерекелер жүйесі. Ұлттық мерекелер — Қазақстан Республикасындағы жаңа оқиғаларға, оның ішінде жеке мемлекет болып қалыптасудағы тарихи жағдайларға байланысты белгіленеді. Қазақстан Республикасында ұлттық мерекенің ең бастысы — 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні. Айтулы күн 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі турапы» конституциялық заңын қабылдауымен байланысты. Осы күні республика өзінің тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет екендігін жариялады. Өз аймағындағы барлық билікке иелік етіп, ішкі және сыртқы саясат жүргізетін болды. Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы азаматтарыныңдәстүрлі мемлекеттік мерекелері белгіленген. Олар:
- Жаңа жыл (1-2 кантар)
- Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)
- Наурыз мейрамы (22 наурыз)
- Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр)
- Отан қорғаушылар күні (7 мамыр)
- Жеңіс күні (9 мамыр)
- Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз)
- Республика күні (25 казан).
Сонымен қатар елімізде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Кәсіптік мерекелер негізінен әр салада қызмет атқаратын азаматтардың төл мерекесі.Олар:
- Отан қорғаушы күні (7 мамыр)
- Медицина қызметкері күні (маусымның үшінші жексенбісі),
- Баспасөз, теледидар жөне радио күні (маусымның соңғы жексенбісі )
- Металлург күні (шілденің үшінші жексенбісі)
- Көлік және байланыс қызметкерлері күні (тамыздың бірінші жексенбісі)
- Құрылысшы күні (тамыздың екінші жексенбісі)
- Спорт күні (тамыздың үшінші жексенбісі)
- Шахтер күні (тамыздың соңғы жексенбісі ) ,
- Білім күні (1 қыркүйек),
- Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні (қыркүйектін бірінші жексенбісі)
- Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні (қыркүйектің үшінші жексенбісі)
- Мұғалім күні (қазанның бірінші жексенбісі )
- Ұлттық валюта күні (15 караша)
- Ауыл шаруашылық қызметкерлер күні (қарашаның үшінші жексенбісі)
- Энергетик күні (желтоқсанның үшінші жексенбісі).
Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері демалыс күндері болып саналады.
Дереккөздер
1.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
|
1-2 қаңтар | Жаңа жыл | |
7 қаңтар | Рождество Христово | |
8 наурыз | Халықаралық әйелдер күні | |
21-23 наурыз | Наурыз Мейрамы | |
1 мамыр | Қазақстан халықтары бірлігінің мейрамы | |
7 мамыр | Қазақстанда Отан қорғаушыларының күні | |
9 мамыр | Жеңіс күні | |
6 шілде | Астана күні | |
30 тамыз | Конституция күні | |
1 желтоқсан | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні | |
16-17 желтоқсан | Тәуелсіздік күні |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?