Қала мен ауыл. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: Бізді қоршаған әлем Күні: Сынып: 1 | Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қала мен ауыл | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау 1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау | ||||
Сабақ мақсаттары | Өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын тапсырмаларды орындау барысында дарыту. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, математика, ғылымға кіріспе | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||
Бастапқы білім | Бағдарлауды үйренейік | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 2 минут 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі Қоңырау үні соғылды, Сабағымыз басталды. Оқушылар тынышталып, Қатар-қатар тік тұрды (Т) «Ойлан тап». Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, сыни ойлауын, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқушыларға қима суреттер таратылып беріледі. Оқушы берілген суреттен тұтас сурет құрастыру керек.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. | Слайд Суреттер | |||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 13 минут | (МК,Ұ)Суретпен жұмыс. Мақсаты: өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау. Ауыл мен қала көрінісі бейнеленген сурет көрсетіледі. Суретті салыстырыңдар. - Қай суретте ауыл, қайсысында қала берілген? - Оны қайдан білдіңдер? - Қала мен ауылдың ерекшелігі неде? - Өз тұратын жерің қалай аталады? - Тұратын жерің несімен ерекшеленеді? /Оқушылардың жауаптары тыңдалады, өзара толықтырулар енгізіледі/. (Ұ) бейнежазба. «Ауыл мен қала» Мақсаты: ауыл мен қаланың байланысын анықтау, өзара салыстыру, сыни ойлауын дамыту. Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазба бойынша білімдерін бекіту үшін «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады.
/ Оқушылардың пікірлері тыңдалады. Бейнежазба бойынша не білгендерін ортаға салады/.
/Оқушылардың пікірлері тыңдалады, қажеттілігіне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/ . (Т) «Көрікті орындарға саяхат» Мақсаты: жергілікті жердің көрікті орындарын, орналасу аймағын сипаттау. Оқушыларға шет елден туристтер келетінін және оларға қаланың көрікті орындарын таныстыру қажеттігі айтылады. Таныстыру үшін жарнала жасайды. Ол үшін топ оқушылары өзара ойласып, қаладағы көрікті орынды таңдайды, суреттеу арқылы жарнамалау жасайды. /Әр топтың өз жарнамаларын қорғайды. Тыңдарман топ туристтер ретінде бағалап, таңдау жасайды/. Дескрипторлар:
| Слайд , Суреттер Бейнежазба «Ай мектеп» https://imektep.kz/kz/kala-men-auyl Постерлер | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өз жұмысын қорытындылайды. Маған бүгін............. қызықты / қызықсыз болды Мен бүгін ................білдім Алдағы уақытты .............білгім келеді Бағалау: Сабақтың басында анықталған критерийлер арқылы өзін-өзі бағдаршамның түрлі-түсті көздері арқылы бағалайды. | бағдаршам | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
топтық тапсырма оқушылардың қабілет-деңгейлеріне сәйкес орындалады. Жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. | Жұптық топтық жұмыстар арақылы өзара бағалау және өздік бағалау қолданылады. | Сабақ барысында оқушының денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуына мән беріледі. | |||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?