Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация. 2 сабақ.
6-бөлім - Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта
Оқу мақсаты:
11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу
Сабақтың тақырыбы: Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар
Сабақтың мақсаттары:
денсаулықты нығайтуға бағытталған дене белсенділігі арқылы қауіпсіз сабақтар өткізе аладыБағалау критерийлері :
қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы қауіпсіз сабақтар өткізе алады.
Дескрипторлар:
Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады;
Допты әр түрлі бағытта лақтырады;
Допты бір қолымен бастан асыра торға лақтырады.
Тілдік мақсаттар
Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.Мыналарды қамтиды:- лақтыру, қағып алу, допты алып жүру - мәселені шешу- қауіпсіздікТалқылауға арналған сұрақтар:Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.1-ші тапсырма:
(С, Т, ҚБ) Сыныпты шағын топтарға бөлеміз. Топтарда "аймақтық қорғауға қарсы 3-2 шабуылы" жұмыс істейді. Бірінші ойыншы оңға қарай допты жерге ұрып жүріп қарсы командаға шабуыл жасайды.
Допты жерге бір, екі ұрғаннан кейін ол екінші ойыншыға допты береді.
Бірінші ойыншы допты жерге ұрып жүргенде бесінші ойыншы үш секундтық аймақты кесіп өтіп, допқа қарсы шығады.
Екінші ойыншы мүмкін болса допты бесінші ойыншыға береді және алаңның жанының сызығымен алға шығады.
Бұл уақытта төртінші ойыншы себетке соққы жасайды.
Бесінші ойыншы шабуыл жасағанда төртінші ойыншыға және алаңдағы екінші, үшінші ойыншыға допты бере алады.
Ережелерді жиі өзгерту барлық ойыншылардан шабуылдаудан өз ойын тез қайта құру және кері қайтуды талап етеді.
Шабуылдың табысты әрекеттері Тікелей нәтиже береді, ал табысты қорғаныс әрекеттері оны бекітеді.
Олар бір-бірін толықтырады және олардың біреуінің жетілмегендігі команданың жалпы нәтижесіне кері әсер етеді.
1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады.Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар пайда болды? Тапсырманы орындау кезінде нені ескеру керек?2 Тапсырма
(С, ЖЖ, ҚБ) Ойынға қатысушылар екеуден жұптасып, допты әртүрлі бағытта бір-біріне лақтырады.
Олардан басқа команда ойыншылары (бір немесе екі ойыншы) допты алып қоюға тырысады.
Белгілі бір уақыттан кейін командалар ойыншылардың орындарын ауыстырады.
Ойыншылары допты көп рет ұстап алған команда жеңеді.
Қорғаушылар мен шабуылшылар санын доп беру мен алып қоюды игерген сайын арттыруға болады.
2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады;-Допты бір қолмен жоғарыдан секіріп лақтырады;Допты бір қолымен бастан асыра торға лақтырады.Сұраңыз: Табысты болу үшін осы тапсырмада Сізге қандай негізгі дағдылар қажет?Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:
1. Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өтемұқият болу.Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.· Допты салмағына сәйкес таңдау.· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;«финтті» қолдана білу;Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;Бір –бірін итермеу.Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.Ресурстар:
Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Yhttps://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26shttps://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjIhttps://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.htmlБаскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтемеhttp://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру