Жарыстар өткізу және төрелік етуді ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация.


Қазақ ұлттық ойындардың іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.

Ежелден келе жатқан қазақ халқының ұлттық ойындарының біріасық ойыны. Бұл ойынды күндіз де, түнде де ойнауға болады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғанысақа, жақсыларыоңқы аталадыОдан да өзге асықтың түрлері мен атаулары да болады.

Күш сынаспақ

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2 - ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

Ежелгі сақ тайпаларында кездесетін салтқа сай қызға үйленбес бұрын жігіт өзінің шабандоздығын және ат үстінде отыра алатындығын дәлелдеуі керек болған.

Қалыптасқан салт бойынша жігіт атпен шауып бара жатқан қалындығын құып жетуі қажет. Үлкен жиын тойларда сол себепті қыз қуу ойыны ұйымдастырылатын болған.

  Жігіт пен қалындық жарыс жолына шығып, қалындық 12-15 метр қашықтықта ілгері тұрады.

  Төрешінің белгісінен кейін қыз шаба жөнеледі, жігіт болса, қалындығы 100 метр асқанда ғана шаба жөнеледі. Қызды қуып жеткен атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті.

Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұлқыздың жеңгені. Қыз қуу тамашалаушылар үшін үлкен қызық орны болған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу