Қауіпсіздік ережесі. Командалық ойындағы көшбасшылық және көшбасшылық дағдысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар

7-бөлім – Командалық ойын – белсенді қозғалыс нысаны

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі.

Командалық ойындағы көшбасшылық және көшбасшылық дағдысы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме).

10.1.1.1. Спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде шеберлік көрсете отырып үйлестіру

Сабақ мақсаттары

Командалық ойындарда жүйелі тактика мен стратегияны көрсету. Оқушылар жұппен және топпен тиімді жұмыс істей алады. Ойындар барысында өзінің көшбасшылық дағдыларын пайдалану.

Бағалау критерийлері

- Қауіпсіздік ережесін сақтайды;

- Оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасайды, командалық бірлесу әрекеттерін жүзеге асырады;

- Жаттығулар жинағын орындағанда көшбасшылық дағдыларды көрсету;

 

 Тілдік мақсаттар

Мыналарды қамтиды:

  • логикалық ойын, логикалық ойлау
  • шабуылдау элементтері бар ойындар
  • шабуыл, қорғаныс, қарсылас
  • ынтымақтастық, бәсекелестік
  • бақылаушы, жаттықтырушы, ойыншы, командалық жұмыс
  • тактика, стратегия
  • жүгіру, жалтару, жылдамдықты және бағытты өзгерту
  • ұпайларды есептеу жүйесі, ережелер

Құндылықтарды

  дарыту

Құрмет, жауапкершілік, , өмір бойы оқу

  Пәнаралық

  байланыстар

Тілді дамыту, қарым-қатынас, талқы, зерттеу дағдылары. Сабақты физика, биология пәндерімен байланыстыру.

Акт қолдану:

Бұл сабақта АКТ қолдану жүзеге асырылады

Бастапқы

білім

Оқушылардың «Дене мәдениеті» мектеп бағдарламасының алдыңғы бөлімдерінен және сабақтан тыс уақытта қазақ ұлттық ойындары арқылы шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау дағдылары бар.

сұрақ жауап , бақылау, қошеметтеу, өзара бағалау,өзін-өзі бағалау,кері байланыс,

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жетістік өлшемдерімен таныстыру

Командалық ойындардағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін тексеру. Қыздырыну жаттығулары және арнайы дайындық жаттығуларын орындату.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалім үшін уақыт өлшегіш,ысқырық

Сабақтың ортасы

«Орын ауыстыру арқылы допты қуу».

(Б, Т, К) Сынып екі топқа бөлініп 10 м. арақашықтықта қарама-қарсы бір қатарға сап түзеп тұрады. Қатардағы оқушылардың ара қашықтығы 3-4 м. болу қажет және 1-ші 2-шіге саналады, бірдей сандағы оқушылардың арасында бөлек сандағы оқушылар тұруы керек. Екі топтағы 1 нөмірлер бір команда құраса 2 нөмірлер екінші команданы құрайды. Екі қатардың да шеткі ойыншыларында доп болады және оларды шеңбермен белгілеп қоямыз. Мұғалімнің белгісі бойынша диагоналмен допты қарсы тұрған ойыншыға жалғау керек және соның орнына тұру үшін жүгіреді, ал, допты қағып алған ойыншы диагоналмен келесіге жалғайды ойын солай жалғасады. Доп ең шеттегі тұрған ойыншыға жеткен кезде ол допты алып жүру арқылы қарсы сапты айнала жүгіріп белгіленген орынға бірінші болып жету керек. Ойын аяғында ойыншылар өздерінің бастапқы орындарынан табылу керек. Бастапқы сапты қай топ бірінші жабдықтайды сол топ жеңіске жетеді.

Дескрипторлар

- Қауіпсіздік ержесін сақтайды.

- Тапсырма бойынша ойыншылар өз рөлін дұрыс орындайды

- Жылдамдылық қасиеттерін арттырады.

- Ойын барысында допты алып жүру, командаласына допты беру әдістерін дұрыс орындайды.

(Б, Т, Ф) Баскетбол алаңында үш команда ойнайды. Екінші және үшінші бестіктер әрқайсысы өз қалқанының астынан қорғаныс аймағын құрады. Доп бірінші бестік ойыншыларында болады.

Мұғалімнің белгісі бойынша 1-бестіктің ойыншылары шабуыл жасап кәрзеңкеге лақтыруға тырысып, 2-бестіктің қалқанына шабуылдайды. 2-бестіктің ойыншылары допты қағып әкеткен сәттен бастап, олар тоқтамай, 3-бестіктің қалқанына шабуыл жасайды. Доптан айырылған 1-бестік 2-бестіктің орнында қорғаныс аймағын құрады. Допты иеленген 3-бестік 1-бестікке шабуылды бастайды және т.с.с. Допты лақтырған команда ұпай алады және қорғаныс аймағын құрады, ал ұтылғандар шабуылға шығады. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Дискриптор

- Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Топта бірлесіп жұмыс жасайды.

- Ойында ұтымды әдістер қолданады.

- Көшбасшылық қасиеттерін көрсету.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық, уақыт өлшегіш, бор, баскетбол доптары

https://www.youtube.com/watch?v=dqfTLaa-tXE

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.

Бос кеңістік.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Екі жақты жаттығу ойыны кезінде дене белсенділігі, дәлдік қабілеттері жоғары оқушылар шабуылшы рөлдерді атқарады, ал дене белсенділігі орташа оқушылар қорғаушы,. Дене белсенділігі төмен оқушылар төреші қызметін атқарады.

сұрақ жауап , бақылау, қошеметтеу, өзара бағалау,өзін-өзі бағалау,кері байланыс,

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу