Ойындардағы командалық қызмет және көшбасшылық. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Команда құру ойындары

Школа:

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ойындардағы командалық қызмет және көшбасшылық

Оқыту мақсаты:

9.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді бағалау

Сабақ мақсаты:

Оқушылар волейбол ойынында "үйлестіруші" ойыншының міндеттерін үйреніп орындайды.

Бағалау критериі

" Үйлестіруші " ойыншысының міндеттерін көрсете алады және командада жұмыс істеу дағдылары мен көшбасшылық дағдылары немен байланысатынын көрсетеді

Тілдік мақсаты:

Тілдік оқыту мақсаты:

Оқушылар жасай алады:

Топта қалыптастыру ойындары шеңберінде өздерінің дағдылары мен түсініктерін сипттау, талқылау, көрсету

Пәндік лексикамен терминология:

  • шабуыл
  • қорғаныс
  • бірлескен ойын, жарыс, кеңістіктегі бағдарлау
  • топтық жұмыс
  • әдіс, айла
  • доппен қозғалыс
  • жүгіру, жылдамдықты өзгерту,
  • доп беру,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркесі

Талқылау сұрақтары:

  • Топ қандай әдістер қолдануы мүмкін? Сіздің тобыңыз жақсы жұмыс жасай алу үшін сіз не істей аласыз?
  • Сабақта денсаулыққа қауіп төндірмеу үшін не істей аласыз?
  • Топ жетекшісі команда ойынын жақсы ұйымдастыра алдыма? Ойында және төрелікте ойын шартын бұзу байқалдыма?
  • Қорғанушы ойыншыға қарсы ойнау үшін қандай тиімді тәсіл бар?
  • Ойын барысында назарыңызды бір ойыншыға немесе барлық ойыншыға аударған дұрыс?

Насихаттау құндылықтары

Оқуға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын ояту,

шығармашылық және зерттелетін материалға сыни көзқарас,

олардың физикалық жай-күйін, ой-өрісін, қатынасын және сипатын тұрақты дамыту. оқушыларды өз бетінше оқып үйренуге, өзара қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға және конструктивтік тәсілді дамытуға, қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін дағдылар мен қабілеттерді дамыту.

Пән аралық байланыс:

Биология – Бұлшық еттердің шаршауы.

Физика – бұлшық еттердің динамикалық жұмысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Ноутбуктің және проектордың көмегімен мақсатты көрсету, бағалау критерийлері, дескрипторлар қарау

Алдыңғы білім:

Бұл сабақ алдыңғы сабақта алынған дағдыларды дамытуға негізделген. Оқушылар осы бөлімде қолданылатын физикалық қасиеттер мен қозғалтқыш қабілеттерін дамытты.. Олар біледі,орындай алады: қауіпсіздік ережесін., «Волейбол» ойынының ережесін, допты жоғары , төмен беру тәсілдерін біледі, төменгі түзу, допты ойынға қосу, доппен қыздырыну кешенін біледі

Сабақ барысы

Сабақты жоспарлау кезеңі

Жоспарланған сабақ әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Мұғалім оқушылармен амандасады.

Қауіпсіздік ережесін қайталайды.

Оқушыларға кіріспе сұрақтар қойып сабақ тақырыбымен,оқытудың мақсаттары және дескрипторларымен таныстыру

Жаттығу жүрісі: аяқтың ішкі жағында, аяқтың сыртында, аяқтың ішкі жағында.

Жүгіру жаттығу: 3 - 5 мин.

Жалпы дамыту, сабақта берілетін жүктемеге бұлшық еттерді дайындау

Үлкен бос кеңістік

Ноутбук, проектор.

Конустар .

Мұғалімге ысқырғыш.

№1Карточка

«Волейбол доптарымен жаттығулар кешені»

Негізгі бөлім

25 минут

 «Үйлестіруші» ойыншының міндеттерін үйренеді және орындайды

  «Үйлестіруші» ойыншысының алдыңғы және артқы алаңдардағы міндеті

  «Үйлестіруші» ойыншы алдыңғы аймақта ойнаған кезде:

Допты ойынға қосқаннан кейін әрдайым 2 аймақта орналасады. Доп қарсылас аймаққа өткеннен кейін торға жақындап шабуылдаушынын барлық қимылына тосқауыл жасайды. Доп қарсылас тарапынан соққы болмаған жағдайда өзі әріптестеріне қарап қомандаластарының шабуылдауна пас береді. Үйлестіруші өзіне пастың дұрыс берілмегенін көрген жағдайда допты ойын аяқтаушыға береді. Ойын барысында қарсыласты мұқият зерделеп және оның тактикасы мен осал позицияларды анықтау керек. Қарсылас командасының бос кеңістігін көргеннен кейін, ол оның артықшылығын пайдаланып, өзінін командасына ұпай әкелуі тиіс. Қарсыластар тордың ортасына шабуыл жасаған кезде бірінші аймақтағы ойыншы бір ғана тосқауыл қойса, үйлестіруші оның аймағын қорғап, допты 2-ші аймаққа лақтырады. Үйлестіруші допты бірінші шабуылшыға да, ойын аяқтаушыға да дәл жеткізу тиіс. Үйлестіруші допты дәл беру кезінде үнемі бірінші шабуылшыға шабуыл жасауға жағдай туғызады.

 

 «Үйлестіруші» ойыншы артқы аймақта ойнаған кезде:

Допты ойынға қосқаннан кейін әрдайым бірінші аймақта болуы тиіс. Үйлестіруші қарсылас тарапынан шабуыл болмағанын көргеннен кейін дереу өз командасының қорғаушысының артқы аймағынан алдау добын көтеріп 2 үйлестірушіге беруі тиіс. Қарсылас шабуыл жасағанда, үйлестіруші блоктың оң жағынан допты қабылдайды. Допты ойынға қосқан кезде ойын аяқтаушыға жақын тұрады және «либеро» ойыншыға бос кеңіст қалдырады. Үйлестіруші командада ең манызды адам болған себепті кез келген қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға тиісті.

Дескрипторлар:

- доптын астына дұрыс шығуды орындайды;

- допты беру кезінде аяқ және қолды дұрыс қояды;

- қорғаныста допты сақтандыруды орындайды;

- ойын барысында ҚЕ сақтайды.

Үлкен бос кеңістік

Волейбол торы.

Волейбол добы

Мұғалім ысқырығы

№2Карточка

«Үйлестіруші ойыншынын міндеттері»

Қортынды бөлімі

5 мин

Қорытынды кезеңі сапқа тұрғызу:

Мұғалім сабақтың жағымды жақтарын көрсетеді

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер».

Бүгін мен білдім……

Мен жақсы жасай алдым….

Қиыншылық туғызды……

Оқушылар рефлесиялық карточкаларды толтырады.

- Мұғалім үй тапсырмасын береді:

- Әлемдік волейбол командаларының атауын жаттап алу;

-Таңғы жаттығу,еденнен кеудені көтеру, арқаға жатып кеудені 90 градусқа көтеру

Мұғалім оқушылармен қоштасады спорт залдан саппен шығарылады

Рефлексиялық картолар

Бағалау картасы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Қалай сіз көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Ыңталу оқушылар алдыңа қандай тапсырма қоясыз?

Бағалау – Оқушылардың мәліметте қабылдағанын қалай бағалайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау

Допты 2 аймаққа беру (пайп шабуылы) және допты артқа беру (бастан асыра)

Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескрипторлар бойынша жұптарда өзара баға беруді және әр түрлі ойын жағдайларында кері байланыс жасай отырып, мұғалімді бағалауды ұсынады.

Қаупсіздік ережесін қайталау ойын барысындағы қауіпті түсінеді және ойын кезінде бір бірімен соқтығыспауға тырысады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты шынайы болды ма?

Барлық оқушылар СМ жетті ме?

Жоқ болса неге?

Сабақта деференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ барысында бөлім уақыттары сақталды ма?

Жоспардан ауытқыған сәттер болды ма және неге?

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу