Ойын тактикасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 81 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 81

Сабақ тақырыбы: Ойын тактикасы

Оқу мақсаты: 8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу;

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- қимыл-қозғалыс комбинацияларын реттілігін түсідіреді

- ойын тактикасының орындалу реттілігін түсідіреді және көрсете біледі;

Футбол добының жүргізу қауіпсіздік ережесі: https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Оқушыларды сапқа тұрғызыңыз, сабақтың тақырыбымен оқу мақсатын күтілетін нәтижелерді таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

-оқушылар проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді.

-мақсатқа жету үшін мұғалім жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.

- Спорттық ойындар және эстафеталар тактикаларды, шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданылады.

–Оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады.

Оқушыларды жұппен тұрғызыңыз. «Миға шабуыл » стратегиясы өткізіңіз.

Оқушылар бұл стратегияда өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады және сұрақ қою дағдыларын дамытады.

ЖДЖ орындау мақсатында сынып ішінде көшбасшыны таңдаңыз. Сұраңыз: сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Тапсырма 1

Бұл тапсырманы футбол алаңында өткізіңіз. Әр ойыншыда, сондай-ақ жүргізушіде (бірнеше жүргізуші болуы мұмкін) доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша барлық ойыншылар жүргізушілердің соңынан допты теуіп жүреді. Жүргізушілердің мақсаты – допты тебу арқылы, сәті түскенде ойыншылардың біреуінің добына добын тигізу. Егер бұны жасай алса, жүргізуші сол ойыншымен орын ауыстырады, ойын осылай жалғаса береді. Жүргізушілердің добы ойыншылардың добынан өзгеше болуы керек (мысалы, түсі, т.б.).

Тапсырма орындау барысында оқушыларға бағыт көрсетіп түзетулер енгізіп отырыңыз.

Екінші тапсырмада дидактикалық материалдарда берілген суреттегі қорғаныс әрекетін түсіндіріңіз және көрсетіңіз.

Тактикалық әрекеттер орындағаннан соң оқушыларды екі жұлдыз бір тілек әдісімен бағалау

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-қорғаныс әрекетін құра алады .

-допқа әрекет жасайды.

Сұраңыз: Бұл тапсырма қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Допты дәл беру үшін қандай қасиеттер жетіспеді?

Ойын кезінде оқуышларды бағалауды жүргізіңіз.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу