Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 72 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №72

Оқу мақсаты

8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаттары

-ойын кезінде қауіп қатерлерді және тәуекелдерді анықтайды.

- қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана алады

-өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін салыстыра алады;

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана алады;

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін салыстыра алады;

Сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) «Вирус » ойынын өткізіңіз. Бұл ойынды спорт алаңында ойнатылады ойынға 10 нан астам ойыншы қатыса алады. Ойында бір ойыншыны бүкіл ойыншыны қуалайды егер ойыншының кез келгенің ұстап алса бір бірінің қолынан ұстап екеулеп қуалайды, үшеулеп, төртеулеп, ойыншылар саны біткенше ұсталған ойыншылар бір бірінің қолынан ұстап қуалайды. Осылайша ойын ойыншылар саны біткенше жалғаса береді.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдаңыз.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсыныңыз.

Тапсырма 1

«Допты жұпта лақтыру».

Бұл ойында сынып екі командаға бөлінеді. Ойынға әр командадан екі ойыншыдан қатысады. Олар допты лақтырып, қағып алулары керек (4 метрден немесе үш ұпайлы сызықтан асырып).

Жаттығу доп беруден басталады.Допты сақинаның астынан берген ойыншы допты лақтырушының орнына барады. 1-позицияда тұрған ойышы допты қағып алып, оны сақинаға лақтырады. Допты лақтырғаннан кейін оны қағып алуға барады. Ойын осылай жалғаса береді. Әр ойыншы допты 5 рет лақтыру керек. Жаттығу жылдам орындалуы керек, бірақ ойын техникасы қатаң сақталуы тиіс.

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.

Сұраңыз: Бұл тапсырма бірігіп және тиімді жұмыс жасау дағдыларын дамыта ма? Бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңыз?

Сабақ соңында рефлекция жүргізіп жетістік сатысы карточкасын толтыртыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу