Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 70 сабақ.


Сабақ жоспары № 70

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекетіМектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

- қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана алады

 Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана алады;

- қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын көрсете алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік, адал ойын
  • Ереже, жарыс, серіктестік
  • Рөлдер, көшбасшы, шабуылшы, қорғаушы
  • Қозғалыс дағдылары, физикалық қасиеттер
  • Серіктестік, проблемаларды шешу
  • Бақылау, бағалау, кері байланыс, талқылау
  • Тактика, техника, стратегия
  • Ережелерді бұзу
  • Жүгіру, доппен секіру
  • Допты беру, оны себетке лақтыру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Айып добын лақтыру аумағында тұрған ойыншы қандай рөл атқарады?

Құндылықтарды дарыту

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Баскетбол ойын сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=azTjwdN--oA

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Ойын техникасы:

https://www.youtube.com/watch?v=Xp9yXCMG2Iw

Бастапқы білім

Оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын, баскетбол ойындарының элементтерін қолдану арқылы командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін, логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

«Миға шабуыл» әдісі.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

(Т, К, ҚБ) Барлық ойыншылар әр топта 5 адамнан бөлінеді. Әрбір бес ойыншы үшін алаңның төрттен бірі бөлінеді. Өз алаңынан тыс жерге шығуға болмайды. Әрбір бестіктің ішінде ойыншылар екі командаға бөлінеді: 3 ойыншы-шабуылшы, екінші ойыншы-қорғаушы. Шабуылшылар допты бір-біріне бере отырып, оны барынша ұзағырақ ұстап тұруға тырысады, ал қорғаушылар допты игеруге тырысады. Допты беру кезінде қате жіберген шабуылшы қорғаушымен рөлдерді ауыстырады.

(Т, К, ҚБ) Оқушылар логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындарды қарастырып балама ережелер құрып орындайды.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-шабуыл әрекеттерін орындайды.

-қорғаныс әрекетін орындайды.

-ойында берілген рольдерді орындайды.

-ойын кезінде ережеге сай әрекет жасайды.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Сұраңыз:

Шабуыл кезінде қандай қауіп қатерлер болуы мүмкін?

Шабуыл қызметі мен қорғаныс қызметін ұйымдастыру қаншалықты қиынға соқты?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Үлкен бос кеңістік

Ойын жаттығуларында баскетбол техникасына үйрету.

http://nvsu.ru/ru/Intellekt/1135/Krasnikova%20O.S.%20Uroki%20basketbola%20Igrovie%20uprazhneniya%20i%20igri%20-%20Uch-metod%20posobie%20-%202013.pdf

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, баскетбол добы, ысқырғыш мұғалімге, уақыт өлшегіш.

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Ойын техникасы:

https://www.youtube.com/watch?v=Xp9yXCMG2Iw

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Кері байланыс әдісі

Ең түсініксіз

Оқушылар 1-2 түсініксіз болған жағдайды жазады. Бұл орындалған жаттығудың бөлігі немесе өткен сабақтағы материал болуы мүмкін. Содан соң мұғалім оқушылармен тығырықтан шығу жолын қарастырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу