Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 12 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №12 сабақ

Сбақтың басында оқушылардың көңіл күйін көтеруге арналған жаттығулар ұсыныңыз.

Кіші допты лақтыру кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау қажет. Аяқ, қол, дене әрекеттерінің келістілігіне назар аударыңыз. Кіші доп алақанмен басылмай, лақытратын қол саусақтарының бөліктерімен ұсталынады. Сұқ, ортаңғы және шылдыр шүмек саусақтары иінтірек секілді доптың артында орналасқан, ал бас бармақ пен шынашақ оны жанаса ұстайды. Екпін басында лақтырушы снарядты иық үстінде, бүгілген қолында ұстайды.Оқушылардан сұраңыз, қол куші бұл жерде пайдалана ма, пайдалатын болса, оны қай жерден аңғаруға болады? Қолдан басқа қандай бұлшық еттер топтары, бұл жаттығуда қатысады? (мысалы, арқа бұлшық еттері, лақтыру кезінде). Ойыншылар сызық бойымен тұрады. Әрқайсының қолында теннис добы бар. Оқытушының қолында волейбол добы. Ол допты үнемі жоғары қарай лақтырады. Ойын оқытушы дабылымен басталады. Сызықтан шығып тию есептелмейді. Ойынды топпен өткізіге болады.

Сұраңыз: бұл ойын қандай дене қасиеттерін жетілдіреді?

Сабақтың соңында оқуышлардың сабақты толық меңгергеніне көз жеткізіп қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жүргізіңіз. Төмендегі қалыптастырушы бағалау тапсырмасы берілген. Сабақ соңында оқуышлардың тыныс алу жүйесін қалпына келтіру тапсырмаларын жүргізіңіз.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бөлім/тақырып

Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту

Оқу мақсаты

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

- арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді

- басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу түсіну қолдану

Тапсырма

Сыныпты екі командаға бөлу. Оқушылар диаметрі 10-12м болатын шеңбердің бойына орналасады. Бірінші бір команданың ойыншысы, одан кейін екінші команданың ойыншысы кезекпен ортаға шығып, теннис добын барынша жоғарыға лақтырады. Ойынды басқарушы қолдан шыққаннан бастап, жерге түскенге дейінгі доптың ұщу уақытын өлшейді. Лақтыру неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның ұшу уақыты көбірек болады. Кімнің добы ауада көбірек болса, сол ойыншыға бір ұпай беріледі.

Лақтырушылар лақтыру межесіне әр командадан кезекпен шығып, белгіленген аймақтарға лақтыруды орындайды:

1-ші аймақ лақтыру сызығынан 20м, 2-ші-25м, 3-ші- 30м қашықтықта орналасады. Әрбір аймақ келесідей белгіленген: 1-2-3 ұпай. Әр аймаққа тигізгені үшін, оқушыға, әртүрлі ұпайлар беріледі.

Дескриптор

-допты 1 аймаққа лақтырады

- допты 2 аймаққа лақтырады

- допты 3 аймаққа лақтырады

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу