Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 46 сабақ.


 

 

 

 Дене шынықтыру сабағының №46 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.

Оқу мақсаттары

6.2.6.1. Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу

Сабақ мақсаттары

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білуге үйрету.

Бағалау критерийлері

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне алады.

Тілдік мақсаттар

 

Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • Ұлттық ойындар
  • асық, алшы, тәйке, бүк,шік;
  • «Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, қазандық;
  • команда, ойыншы, төреші
  • қарсылас, шабуыл, қорғаныс
  • ереже, баға, әділ ойын

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?
  • Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?
  • Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?
  • Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылармен «Тоғызқұмалақ» ойынынның шығу тарихы бойынша қысқаша ақпарат беріліп, ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Осыдан кейін «Тоғызқұмалақ» ойынын өткіземін. Ойынның мақсаты – ойыншы өз серіктесіндегі 81 тастан көбірек жеңу болып табылады. Ойыннан кейін олар пайдаланылған тактиканы және ойынды жақсарту бойынша стратегияларды талқылайды.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Тоғызқұмалақ ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;
  • төрелік ету ережелерін біледі.

Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойын қалай басталады?

Ойын қалай аяқталады?

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Хан алшы» ойынын өткіземін. «Хан алшы» ойынының мәні – ойлау қабілетін, зейінді, ықыластылық пен бипаздықты дамыту. Бұл ойынға 5 оқушыдан 10 оқушыға дейін қатыса алады. Ойынды ойнау үшін барлық қатысушыларға асық жеткілікті болатындай беріледі. Асықтардың ішінен ең ірісі қызыл түске боялған болады. Бұл асық «хан» болады. Ойын санамақ арқылы жүргізушіні таңдаудан басталады, ол асықтардың барлығын алақанына жинап, шеңбер бойымен отырған ойыншылардың алдына лақтырады, солайша «хан» қай жағымен түскендігін мұқият қарап алады. Егер «хан» «бүк», «шік» немесе «тайқы» түссе, жүргізуші сұқ саусақпен, бас бармақ көмегімен ең жақында жатқан асықтарды атуы керек. Атылған асықтарды жүргізуші өзіне алады. Міндетті шарт — «ханды» «хан» түскен жақпен түскен соңғы қалған асықпен ғана атуға болады. Егер жүргізуші басқа асықтарға қолымен немесе асықпен тиіп кетсе, жүргізуші болып басқа ойыншы таңдалады. Егер «хан» «алшы» болып түссе, әр ойыншы оны атып алуға тырысуы қажет. Солайша, «ханды» кім иеленсе, сол жеңімпаз болады. Келесі ойынды жеңімпаз бастайды.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • «Хан алшы» ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;
  • төрелік ету ережелерін біледі.

Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойында қандай стартегияларды қолдандыңыздар?

Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар. (әр жұпқа).

«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме: http://soyle.kz/article/view?id=176

Оқыту бейнесі:

https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0

Зияткерлік ойындар(ойын тарихы):

http://sportwiki.to/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B

Үлкен бос ойын алаңы, асықтар, бор.

«Хан алшы» интернет ресурсына сілтеме:

http://bilimsite.kz/tarbie_sagaty/8831-ulttyk-oyyn-asyl-kazyna.html

https://articlekz.com/article/5852

«Хан ату» (11 минут 25 секундтан бастап): https://www.youtube.com/watch?v=zpavGOT2GmM

Асық ату мобильді нұсқасын жүктеп алу: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.KEOLimits.asyk

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін барлық білім алушылар түсінеді деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіну кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Бірін-бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу