Ойын техникасының дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 16 сабақ.


 Бекітемін__________________________

 __________________________

 

 Дене шынықтыру сабағының №16 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: Командалық спорттық ойындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын техникасының дағдысын дамыту

Оқу мақсаттары

6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу

Сабақ мақсаттары

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білуге үйрету

Бағалау критерийлері

Баскетболдағы арнайы техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.

Дескрипторлар

  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдайды;
  • Допты жоғарыдан қағып түсіреді;
  • Допты жүргізу кезінде қағып түсіреді.

Тілдік мақсаттар

 

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • лақтыру, қағып алу, допты алып жүру
  • мәселені шешу
  • қауіпсіздік

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?
  • Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда сабақтарда және оқу бағдарламасынан тыс алған спорт ойындары туралы алдын ала білімдер мен дағдыларды меңгереді деп күтіледі.

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-4мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

5-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-34мин

 

(С, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар баскетбол ойынындағы қорғаныс техникасын дамытуға арналған келесі оқу тапсырмаларын орындайды:

Допты жоғарыдан қағып түсіру. Бұл тәсілде допты қағып алуға және иемденуге мүмкіндік жоқта қолданылады. Лақтырушының қолынан доп бөлінгенін аңдып тұрып, қолдың қысқа қозғалысымен, секіріп, допты ұшу траекториясынан қағып түсіру керек.

 

Допты жүргізу кезінде қағып түсіру. Добы бар қарсыластан шегіне отырып, оны бүиір сызыққа бағыттаукерек, және ептеп оны өткізіп жіберіп, қолдың бүрлей қозғалысымен допты қағып түсіру керек.

Берілімдерді жеткізбей алып қою. Қорғаушы шабуылшының бір жағында немесе артында орналасып алып, өзіне қашан берілім болатынын күтеді. Қарсыластан бұрын қимылдап, оған шығуға мүмкіндік бермей, допты қолынан жұлып алу кезінде тез алға ұмтылу керек, допты қағып алып немесе алға итеріп допты тартып алу керек.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдайды;
  • Допты жоғарыдан қағып түсіреді;
  • Допты жүргізу кезінде қағып түсіреді.

Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

(С, Т, ҚБ) Алаңның бір жағында 5-7 ойыншыдан екі команда жарысады. Қарсы тұру ұзақтығы – 5-10 минут. Доп «даулы доп» кезіндегідей айып лақтыруы сызығында қарама-қарсы командалардың кез келген екі ойыншысы арасына лақтыру арқылы ойынға енгізіледі. Допты иеленген команда әріптестер арасында беру және допсыз қозғалуды пайдаланып, оны барынша ұзағырақ ұстап қалуға ұмтылады. Қарсыластар допты қағып әкетуге тырысып, оны ойнатуға белсенді қарсы әрекет көрсетеді. Ойынның мақсаты – 24 с ішінде допты ұстап қалу және қарсыластарға оны иеленіп алуға жол бермеу. Жеңімпаздарды анықтау. Көбірек ұпайлар санын жинаған команда жеңіске жетеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдайды.

Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Баскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26s

https://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4

Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.html

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.

Баскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтеме:

http://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілік

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті барлық білім алушылар таңдай біледі деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдауда сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Бірін-бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

 

 

[attachment=67420:2-nsa_-ojyn-tehnikasyny-dadysyn-damytu_-ysa-merzimdi-zhospar-16-saba.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу