Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ жоспары №3

2-бөлім

Өзгертілген командалық ойын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Акмуханов А.У.

Сыныбы: 5-сынып

Қатысқан оқушы саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету

Меңгеру мақсаттары:

5.2.4.4 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну

 Сабақ мақсаты:

  • Техникалық әдісте:допты ұтып алу,допты алып жүру,допты жалғау,ойын кезінде доп үшін күресте оқушылардың білімін қалыптастыру

 Жетістік критерийлері:

  • Ойында техника және техникалық әдіс(допты ұтып алу,допты алып жүру,допты жалғау, доп үшін күрес,шабуыл) сөзінің мағынасын біледі
  • Техникалық әдістерді көрсетеді: допты ұтып алу,допты алып жүру,допты жалғау,ойын кезінде доп үшін күрес

 Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминдер:

  • Шабуылдау ойыны, бейімделген ойындар
  • баскетбол добы,пластиктен жасалған доп, әр түрлі лента, ысқырық

Талдау үшін сұрақ:

  • Сіз мақсатқа жету үшін топтың мінез-құлықтарын қалай өзгертесіз?

 Құндылықтарды дарыту:

 

Жеке жауапкершілік, оң болу. Көшбасшылықты дамыту және өзара көмек.

 Пән аралық байланыс:

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс(дене және оның қозғалысы). Геометрия пәнімен байланысады

 Акт қолдану:

Таныстырылым көрсету үшін интерактивті тақта қолдану

 Бастапқы білім:

Оқушылар баскетбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5-10 мин

Сапқа тұру,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;

Қауіпсіздік ережесімен танысу.

Саптық жаттығулар-бір орындағы бұрылыстар

Жәй жүгіріс(диагонал бойынша,ортадан,қарсы бағытқа,жылан тәрізді)

-тізені жоғары көтеріп жүгіру;

-аяқты артқа сермеп жүгіру;

-жылдамдыққа жүгіру;

-180º-қа айналу

Жанымызбен жылжу

-кеудеден доп лақтыру қалпын салып оң және сол жақ жанымызбен жылжу.

Жәй жүріс:

-қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру;

-қол желкеде немесе жанымызда,өкшемен жүру;

-аяқтың сыртымен жүру;

-аяқтың ішімен жүру.

ЖДЖ

Әр бір белсенді қозғалыс үшін үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы:

25мин.

«Баскетбол ойынында негізгі элементтер» таныстырылымын көрсету

(Б, Т, Тәж, ф)

Доп үшін күрес. Баскетбол алаңында екі топ ойнайды. Мұғалім алаң ортасынан капитандар арасына допты ойынға қосады, олар допты өз жағына қағып алуға тырысады.Ойыншылар допты қағып алғаннан кейін, допты бір-біріне жалғайды, ал қарсылас топ допты қағып алуға тырысады.10рет допты жалғаған топ өз еншісіне ұпай алып келеді.Осыдан кейін ойынды ортадан бастайды. Өз қоржынына көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болып саналады.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Допты жалғауды дұрыс орындау

-Допты тартып алу кезінде ережені бұзбау

ҚБ:

«Жина және жауап бер».

Оқушыларға «жұлып алу», «жалғау», «допты алып жүру», «екі адым», «себетке лақтыру», «допты ұтып алу», «доп үшін күрес»-атты сөздер жазылған парақшалар беріледі.

Оқушылар белгілі бір уақыт ішінде сөздерді реттілігі бойынша жинайды және неліктен реттілік бойынша тұрғанын түсіндіреді.

(Б, Т,)Жеңілдетілген ережемен баскетбол ойыны.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

- Допты жерге соқпай алып жүру баскетбол ойыны,доппен екі адым жасауға рұқсат беріледі.

Үлкен ойын кеңістігі,жарыс өткізуге қажетті құрал жабдықтар.

Сабақтың соңы:

5 мин

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия.Оқушыларға сабақтың ұнаған,ұнамағанын әр түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы бағалауды сұраймыз.

Қызыл түс «өте жақсы», сары түс «орташа», ақ түс «нашар».

Үлкен бос кеңістік.

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.

Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: бір тактикалық тәсілді меңгеру

Қабілетті оқушыларға: күрделірек тапсырмалар беру

Сабақ барысын бағалау, мұғалімнің мынадай бақылауынан тұрады:

1 оқушыларды бақылаумен

2 оқушыларға ауызша сұрақ қою

3 оқушымен жекелей әңгіме жүргізу

- белсенді оқушыларға

- жетістік критерий

-теориялық біліміне

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау

Рефлексия

Были ли цели урока/цели обучения реалистичными?

Все ли учащиеся достигли ЦО?

Если нет, то почему?

Правильно ли проведена дифференциация на уроке?

Выдержаны ли были временные этапы урока?

Какие отступления были от плана урока и почему?

Общая оценка

Какие два аспекта урока прошли хорошо (подумайте как о преподавании, так и об обучении)?

Что могло бы способствовать улучшению урока (подумайте как о преподавании, так и об обучении)?

Что я выявил(а) за время урока о классе или достижениях/трудностях отдельных учеников, на что необходимо обратить внимание на последующих уроках?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу