Лақтыру тәжірибелері. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 99 сабақ.


8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты

Тақырыбы: Лақтыру тәжірибелері

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.2.5.5 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды

Сабақ мақсаты:

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды пайдаланады және қолданады.

Бағалау критерийлері:

қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;

қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.

Жүгіріс тура сызықпен 10-12 қадамнан аспайды.

Жүгіріс жылдамдықты үдетуден басталады.

Тым қатты жүгіруге болмайды. Себебі қатты жүгіріс лақтырғанда белгілі қиындықтар туғызады. Лақтыру сызығына жақындағанда қолды жазып артқа жібереміз. Кеуде оңға бұрылады. Сол жақ аяқ сызықтан аспай жартылай бүгіліп кеп жерге тиеді. Сол аяқты сызығынан асырмай қойып, денеміз оң жаққа бұрылған күйі сәл артқа шалқайып сол қол жылдам артқа кетеді де допты ұстаған қол иықтан және бастан асып допты барынша қатты лақтырады.

Серпілу (жерден көтерілу)

Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен  секіруші тік қалыпқа келуі керек.

Самғау (ұшу немес қалықтау)

Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген  жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.

Жерге түсу

Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері

Тапсырма

(Т, Ж, ҚБ) «Епті және мерген» Алаңға диаметрі 10 және 15 м үш шеңбер сызыңыз. Екі команда ойнайды. Әр топта бір капитан және үш қорғаушы болады қалған ойыншылар шабуылшылар. Капитан кіші шеңберде, қорғаушылар ортаңғы шеңберде, ал шабуылшылар үлкен шеңберде тұрады, капитандардың біріне мұғалім волейбол добын береді. Капитан допты өз шабуылшысына лақтырады ал қорғаушылар қарсыластар допты қағып алып өз капитанына беруге тырысады. Доп алғаннан кейін, капитан олардың қалаларының бірін соғады. Мұғалім келесі ойынды бастау үшін допты келесі капитанға береді. Ойын қай команда ортадағы қалалардың төртеуін соқса аяқталады. Көңіл бөліңіз:

1. Капитан, қорғаушы шабуылшы шеңбер сызығын басуға болмайды.

2. Допты жұлып алып 3 секундтан артық қолда ұстауға болмайды.

3. Егер қорғаушы ойын кезінде аяқпен қалаларды құлатса ойынды қайтадын бастайды және қала орнына қойылады.

4. Келесі команданың капитаны доппен қалаларды құлатса ғана сналады.

«Епті және мерген» ойыны.

Дескриптор:

- Допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу