Жүгіру ойындарына қатысу. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 96 сабақ.


3 сынып

№8 бөлім:

Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру ойындарына қатысу

Оқу мақсаты:

3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру.

Сабақ мақсаты:

Уақытты және кеңістікті көрсететін машықтарды дамыту және жетілдіру.

Бағалау критерийлері:

- Өз машықтарын дамыта алады;

- Жүгіру ойындарына қатыса алады;

- Ойын кезіндегі жүйеліліктерді жетілдіреді.

Бұл бөлімде, оқушылар қозғалыс әрекеттері кезінде денедегі өзгерістерді түсіндіреді, салауатты өмір салтын қалыптастырады, қозғалыс белсенділігіне қатысады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

- Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

- Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

- Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

- Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

- Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

- Өкшені артқа лақтырып жүгіру

- Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

- Артпен жүгіру

Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

«Жүгіру ойындарына қатысу»

Оқушыларға сабақтың тақырыбын түсіндіре отырып, жүгіруге қатысты тапсырмаларды ұйымдастырып, оқушыларды топтарға бөліп, жарыстыру.

“Көжектер” ойыны

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.

Дискрипторлар:

Ойынды ережемен ойнайды;

Жылдамдық, ептілік дағыларын көрсете алады

Допқа дейін жеткіз» ойыны

Мақсаты : Балалардың қимыл қозғалыстарын арттыру. Ойынды жарыса ойнау арқылы жылдамдыққа баулу. Кезектесіп ойнау арқылы бір –біріне деген құрметке ,сыйластыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп 3 баладан ойнайды. 3 балаға бір –бірден қап немесе сеіртпе доптары таратылады, ал олардан 20-30 метрдей қашықтықта доптар тұрады. Балалар секіріп, сол доптарға жетуі тиіс. Ең бірінші болып жеткен бала жеңімпаз атанады. Осылай қалған балалар да ойнайды.

Дискриптор:

Ойында ережені сақтайды,

Қозғалыс дағдыларын арттырады

Бағалау: Шағын топтардағы жұмыста немене жарыстарда оқушылардың іс-әрекеттерін үнемі бағалап отыру. Тапсырманы орындауда немесе қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауда оқушылардың кемшіліктерін атап, ережемен ойнауға баулу.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;

Жеңіл атлетикалық дағдыларды игеру.

Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.

Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу