Ұзындық пен биіктікке әртүрлі секіру. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік. Ортақ тақырып: Саяхат. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С. | |||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар cаны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Ұзындық пен биіктікке әртүрлі секіру. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.3.1 Тірек қимыл-аппаратының жұмысын талқылау және сипаттай алу. | |||||||
Сабақ мақсаттары | Әр түрлі қимыл-қозғалыстарды, қарапайым секіру, сермелу жаттығуларын орындау, әр түрлі қозғалыс-қимылдың дағдыларын қайталау, орындаудың маңыздылығын білу, жаттығуларды тиісінше кешенді, ретімен орындау. | |||||||
Бағалау критерийлері | Қарапайым әр түрлі секіру, сермелу жаттығуларын орындайды, секіру үшін қозғалатын тірек қимыл-аппаратының маңыздылығын түсінеді, қозғалыстарды ажыратады. | |||||||
Тілдік мақсаттар
| Тіл туралы сындарлы ойлауды ынталандыру (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді нақты қолдануға жігерлендіру, оқу тілінде ілгерілеуді бағалау). Мысалы: секіргіш арқылы секіру, секіру, тырпылдау, қолмен дриблинг, галоп. | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ойын барысында өзгелер көзқарасына құрмет және жеке, жұпта, командада жұмыс істеу қабілеті. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. | |||||||
Алдын ала білу керек | Оқушыларға осы бөлім бойы шығармашылық таныту, салауатты өмір салтына бағытталған өздерінің, басқа оқушылардың идеяларына қатысу ұсынылады. | |||||||
Жоспарлардағы әрекеттер. | Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс. Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері. Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді. | |||||||
Сабақ барысы. | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау. | Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. | ||||||
Сабақтың ортасы
| (К, И, Ф) «Өзеннен» секіріп өт. Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп сап бойынша тізіліп тұрады. Старттан 8 м аралықта екі параллель сызықпен екі метрлік ендіктегі шартты бұлақ белгіленеді, ал тағы 8 м аралықта әр тізбектің алдында бұрылу бағанасы қойылады. Сигнал бойынша тізбектің бағыттайтын ойыншылары бұрылу бағанасына жүгіріп келеді, екпінмен бұлақ арқылы секіріп өтеді, бағананы айналып өтеді, қайтып оралады, бұлақтан өткендей қайта өтеді, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады. Бұлақтан өте алмағаны үшін топқа 2 айыппұл секунд қосылады. Аз уақытта эстафетаны бітірген топ жеңеді. (К, Г, И, Ф) Казактар-қарақшылар Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінуі керек: «қарақшылар» мен «казактар». «Казактар» тұтқынға түскен «қарақшылар» — «абақтыдағылар» үшін орын табады, ал «қарақшылар» тығылады. Содан кейін «казактар» іздей бастайды, ал «қарақшылар» оларға міндетті түрде жетіп, ұстауы керек. Тұтқынға түскен «қарақшы» қаша алмайды. Барлық тұтқынға түскендер «абақтыға» отырады, оларды «казак» қарауылдайды. «Қарақшылар» «абақтыдағы» досына хабар айта алады, бірақ ол үшін олар «тұтқынды» ұстауы керек. Егер ол ойыншы бірден қашып үлгерсе, «казак»-қарауылшы оны қайтадан ұстап алады. «Казак» көмекке келген «қарақшыны» да ұстап ала алады. Барлық «қарақшылар» «абақтыға» түскен кезде ойын аяқталады. Содан кейін ойынды қайтадан бастауға болады, ал ойыншылар өз рөлдерімен алмасады. | Физикалық дене шынықтыру сабақтарындағы іс-қимыл ойындары: http://festival.1september.ru/articles/566873/ Үлкен кең алаң, мұғалімге арналған ысқырық, «абақты» зонасының белгісі. 6-12 жас аралығындағы балаларға арналған дамытатын іс-қимыл ойындары: | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалімсекіру, сермелу тапсырмаларында, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Осы тапсырмаларға байланысты басқа да баламалы нұсқаларына ұсыныстар жасау. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының үйлесімділігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша белсенді орындау. Жекелей тапсмырмалардың күрделі тұстарына мән беру. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қайталап, орындалуын өз бетінше, нұсқаларын көрсету. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Күрделі тапсырмаларды орындауға бейім болу. Талаптарға сай орындалуына көңіл бөлу. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Жабдықтардың талапқа сай болуын қамтамасыз ету. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру