Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақтың ұлттық ойындары.

Ортақ тақырып: Менің туған өлкем.

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.4.1 Рухани - адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді талқылау.

2.2.2.1 Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату.

Сабақ мақсаттары

Қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, рухани - адамгершілік құндылықтарды, көшбасшылық қасиеттерді анықтау, пайдалану.

Бағалау критерийлері

Қазақтың ұлттық ойындарының, рухани - адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын анықтайды және көшбасшылық қасиеттерді пайдалана маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

ұлттық қазақ ойындары білімін талқылау және көрсету.

Пән лексикасы және терминология

  • «Теңге алу»
  • «Арқан тартыс»
  • «Бәйге»
  • «Қаршығалар және қарлығаштар»

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Біздің ойындарымызда неліктен ережелер бар?
  • Сізге ойынсерікпен жұмыс істеу ұнай ма?
  • Ережелерді ұстанудың және топтық ойындарды әділ ойнаудың неліктен маңызды екені туралы айта аласыз ба?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салты маңызынан хабардарлық (дене,ой, қатынас);

Қимылдар, таңдаулар мен шешімдерде тәуелсіздік;

Жеке, жұпта және командада жұмыс істеу қабілеті;

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Оқушылардың Рухани - адамгершілік құндылықтарын және патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, қазақ ұлттық ойындарындағы, командалық жұмыс дағдыларын жауапкершілікке және өзара түсіністікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғалам торды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Қозғалыс ойындары: http://www.fizkult-ura.ru/sci/mobile_game/27

Бастапқы білім

Бөлімнің басында оқушылар ұлттық ойындармен танысады, сюжеттік - рөлдік ойындарды ойнайды және бөлімнің соңында ұлттық ойындар арқылы әділ ойын дағдыларды мен ынтымақтастық машықтарын бекітеді.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Комплекстік жаттығу №16-18.

Мұғалімге ысқырық, секундомер,

тексеру журналы.

Сабақтың ортасы

Қазақ ұлттық ойындарымен танысу.

(К) Екі командаға бөлінген оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды. «Теңге алу» «Теңгені алу».  Бұл ойын ат үстінде ойналады. Салт аттылар ат үстінде келе жатып, жерден теңгесі бар орамалды алу керек.

Қатысушылардың жүгіріп келе жатып, кубикті алу, бөренені айналып өту және өз тобына оралу керек.«Арқан тартыс» – «Арқанды тартысу».  Қатысушылар арқанның ұшын ұстап тұрып, қарсыластарын өз жағына тартып алуға тырысады.

«Бәйге» - екі компанда анықталған қашықтықта бір-бірімен жарысып атпен шабады. 

Оқушылар гимнастикалық таяқтарды қолданып, атпен шауып келе жатқандай болады.

Мұғалімге нұсқаулық:

Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру.Тарихқа, қазақ ұлтының дәстүріне құрметті тәрбиелеу. 

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш. Кубиктер, буылған орамал, арқан, гимнастикалық таяқтар.

Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс.

Сұрақ: Ұлттық ойын қалыпты ойыннан немен ерекшеленеді?

Ережелерді ұстанудың және топтық ойындарды әділ ойнаудың неліктен маңызды екені туралы айта аласыз ба?

Үйге тапсырма: қол,дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

.

Қозғалмалы ойындарындағы тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен ойындарда тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын анықтау.

Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі іс-қимылдардың орындалуына байланысты қойылған.

Оқу мақсаты оқушыларға түсінікті, белсенді түрде ынталанып қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт толығымен жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың орындалу сапасын бақылау, саралау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жекелей, топтық тапсырмалардың орындалу сапасы.

2: Жаттығулардың орындалу ретінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру.

2: Тапсырмалардың орындалуына ықпал ететін факторлар. Тапсырманың мағынасын ашу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың ішкі жағдайына, оқушылардың үнін есту, жекелеген оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Тапсырманың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Тапсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу