Биологиялық маңызды металдар. Химия, 11 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 Адам ағзасында кездесетін макро және микроэлементтердің пайыздық мөлшерлері көрсетілген суретті ұсыныңыз және «Төмендегі сурет бойынша не айтуға болады?»,-деген сұрақтар қойып, оқушылардың бұрынғы білімдерін қолдана отырып, сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырып өтіңіз. Осыдан барып, оқушылармен бірге бағалау критерийлерін шығарыңыз.

 3-9 слайдтардың көмегімен оқушылардың көмегімен жаңа тақырып бойынша ақпараттар беріңіз.

 Мәтінмен жұмысты жүргізу үшін оқушылардан мәтінді зерттеп, жеке оқып танысуды және мәтінге сүйене отырып, 10 тест сұрақтарын құрастыруды ұсыныңыз. Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы оқушыларға көмек көрсетіңіз. Күтілетін нәтиже: оқушылар элементтердің ағзадағы маңызын анықтайды және биологиялық маңызды металдардың ерекшеліктерін ескере отырып, сұрақтар құрастырады. Соңында жұппен жұмыс істей отырып, күрделі сұрақтарды анықтайды. Әр жұп бір сұрақты сынып форматына қояды, басқа оқушылар жауап беруді ұсынады. Оқушылар өздерінің шешімдерін түсіндіреді, бір бірін толықтырады.

 Келесі тапсырмада элемент атауын және оның ағзадағы биологиялық қызметін сәйкестендіруді ұсыныңыз. Кальций, темір, магний, натрий элементтерінің атауын олардың ағзадаға биологиялық маңызымен сәйкестендіреді.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.

Тиімді сілтемелер:

Макроэлементы https://www.youtube.com/watch?v=VYYq6U1V3Ho

Кальций https://www.youtube.com/watch?v=RvnpJe68Kd4



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды