Фениламин (анилин) алу. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2.A. | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Фениламин (анилин) алу. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.5.1.6 нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Нитроқосылыстар дегеніміз не?жалпы формуласы қандай? 2. Тотықсыздану реакциясы дегеніміз не? 3. Анилиннің формуласы, оның жүйелік номенклатура бойынша атауы. 4. Нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакция теңдеуін жазу және мәнің түсіну. | ||||||||||
Бағалау критерийі | Сабақ бойы жүреді. Кері байланыс дер кезінде беріліп барылады | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушы орындауы тиіс: ауызша және жазбаша жауаптарда ғылыми терминологияны қолдану Пәнге қатысты лексика мен терминология бифункционалды тотықсыздандыру, бипоярлы ион, спираль, реакция (тип) Реакция - … типі, …. деген мағынаны білдіреді Реакция … басталады Нәтижесінде …. және өнім ретінде ….. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Мектеп құндылықтары мен Мәңгілік Ел идеяларын сабаққа енгізу сабақтың ажырамас бөлігі. Ол құндылықтар сабақ барысында туындаған жағдайға және оқу мақсаттары мен оқушылардың жауаптарына сай қолданылып барылады. Білім құндылықтары:
Сабақ барысында тек осы жоғарыдағы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің басқа да құндылықтары қажет болған кезде кіріктіріліп барылады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл сабақта химияның басқа салаларымен байланыс болады. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация. Анимациялар. | ||||||||||
Бастапқы білім | 10.1C Химиялық байланыс 10.2A Органикалық химияға кіріспе 10.3А Тепе-теңдік 11.1B Азот пен күкірт 11.2C Ароматты қосылыстар қатары | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Оқушылардан бірқатар сұрақтарға жауап беруді сұрау арқылы ауызша талқылау/әңгімелесу жүргізіледі, қажет жерлерінде жазбаша түрде де сұралады. (Б) Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар: І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну): 1. Нуклеофиль дегеніміз не? 2. Нуклеофильдерге 3 мысал келтіріңіз. 3. Диэтиламмоний бромидінің формуласын жазыңыз. Жоғары деңгейлі тапсырмалар (қолдану): 1. Галогеналкандарды нуклеофильді орынбасу реакциялары қыздыру арқылы жүргізіледі. Осы кезде түзілуі мүмкін өнімдерді атаңыз. 2. Этиламин мен бромэтанды әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз. 3. Екіншілік аминдер өздерінің тұздарынан алынады. Осы реакция теңдеуін механизмін көрсете отырып жазыңыз. (Б) Оқушылардан талқыланған сұрақтарды түсіндіруін сұраңыз және оның дұрыстығына көз жеткізіңіз. Жаңа сабаққа кірісу. Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты: 11.5.1.6 нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру; Осы жоғарыдағы оқу мақсатына жету жолында қандай іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі оқушылардан сұралып, бірлесе отырып сабақтың мақсаттары анықталады (мүмкін болатын сабақтың мақсаттары): 1. Нитроқосылыстар дегеніміз не?жалпы формуласы қандай? 2. Тотықсыздану реакциясы дегеніміз не? 3. Анилиннің формуласы, оның жүйелік номенклатура бойынша атауы. 4. Нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакция теңдеуін жазу және мәнің түсіну. Бұл жоғарыда көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімнің ұсынған нұсқасы, оқушылар тарапынан айтылған идеялар да мұқият ескеріледі. Ортаға тасталған барлық идеялар ескеріп, ең ұтымды нұсқасы таңдалынып тақтаға флипчарт қағазында жазылады немесе тақтаға жазылады. Оқушыларға осы критерийлер бойынша сабақ өтілетіні ескертіледі және сабақ барысында осы критерийлерді басшылыққа алу ұсынылады. Сабақтың тақырыбы: Фениламин (анилин) алу | ||||||||||
Сабақтың ортасы
| Қосымша №1 (С) (М) Мұғалім оқушыларды фениламиннің құрылысымен таныстырады. Қосымша №2 (С) (М) Анилин алудың бірінші сатысы бензолдан нитробензол алу сатысы болатының түсіндіреді және реакция жүруіне қажетті сатыларымен таныстырады. Қосымша №3 (С) (М) Нитробензолдан фениламин алудың бірінші сатысын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Қосымша №4 (С) (М) Нитробензолдан фениламин алудың екінші сатысын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Қосымша №5 (Ж) (Б) Оқушылардан нитробензолдан анилин алудың қорытынды теңдеуін жазу сұралады. Жаңа сабақ аяқталғаннан соң оқушылардың жаңа оқу мақсаттарына қаншалықты жеткенің нақтылау мақсатында сабақты бекіту процесі жүргізіледі. (Б) Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар: І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну): 1. Нитроқосылыстардың жалпы формуласы қандай? 2. Фениламиннің формуласы қандай? 3. Бензолдан нитробензол алу реакция теңдеуін жазыңыз. 4. Бензолдан нитробензол алу реакциясына қажетті жағдайларды жазыңыз. 5. Нитробензолдан фениламин алу неше кезеңнен тұрады? ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану): 1. Бензолдан нитробензол алу реакциясын неліктен төмен температурада жүргізу қажет? 2. Нитробензолдың фениламмоний ионына айналу реакциясын жазыңыз. 3. Фениламмоний иондарының фениламинге айналу реакция теңдеуін жазыңыз. (Б) |
https://www.chemguide.co.uk/organicprops/anilinemenu.html#top | |||||||||
Сабақтың соңы | Сабақты бағалау процесі мен кері байланыс сабақ барысында, қажеттілікке сай беріліп барылады. Үй тапсырмасы: Оқу мақсатына сай үлестірме тапсырмаларды орындап келу; Қосымша №6 | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар: Нитробензолдан анилин алу реакциясын біледі және әрбір кезеңдерін көрсете алады. Кейбір оқушылар: Оқу мақсатын жете түсініп, оған жету жолында алға қойылған критерийлерді толықтай меңгереді. Оқу мақсатына толық жетіп, сабақ барысында өзінің үйренгенің өзгелермен бөлісе алады. | Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жұрыс және анық жауап беруі, практикалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
ҚОСЫМША №1
Фениламиннің құрылысы
Фениламин - біріншілік амин - аммиак молекуласындағы сутегі атомдарының бірі көмірсутектер тобымен алмастырылған қосылыс.
Алайда, метиламин сияқты қарапайым біріншілік аминдермен салыстырғанда, фениламиннің қасиеттері аздап ерекшеленеді. Себебі, азот атомындағы жалғыз жұп электрон бензол сақинасындағы делокализацияланған электрондармен әрекеттеседі.
Фениламиннің құрылымын сызудың қарапайым әдісі:
ҚОСЫМША №2
Бензолдан нитробензолға дейін
Бензол бензол сақинасындағы сутегі атомдарының бірін нитро тобына, NO2-ге ауыстыру арқылы нитратталады.
Бензол концентрленген азот қышқылы мен концентрленген күкірт қышқылының қоспасымен 50°C аспайтын температурада өңделеді. Қоспа осы температурада шамамен жарты сағат ұсталады. Сары түсті майлы нитробензол түзіледі.
Сіз мұны ықшамдалған түрде жаза аласыз:
Концентрлі күкірт қышқылы мұнда катализатор ретінде әсер ететіндіктен химиялық реакция теңдеуінде жазылмайды.
Реакция нәтижесінде сақинаның құрамына бірнеше нитро топтары еніп кетпеуі үшін температураны салыстырмалы түрде төмен етіп отыру керек,
ҚОСЫМША №3
Нитробензолдан фениламинге дейін
Бұл негізгі екі кезеңнен тұрады:
1 кезең: нитробензолдың фениламмоний ионына айналуы
Нитробензол фениламмоний ионына қалайы мен концентрлі тұз қышқылының қоспасының қолдану арқылы тотықсызданады. Қоспа қайнаған су ваннасында рефлюкс астында жарты сағаттай қызады.
Қышқылдық жағдайда фениламинмен бірге фениламмоний иондары түзіледі. Фениламиндегі азоттың жалғыз электрондық жұбы қышқылдағы сутек иондарын өзіңе жинайды.
Бұл реакцияның электронды жартылай теңдеуі:
Нитробензол қышқылдың қатысында жүретін реакция болғандықтан одан электронды алып тотықсызданады.
Қалайыдан электрондар бөлініп қалайының (ІІ) және (IV) иондары пайда болады.
ҚОСЫМША №4
2 кезең: фениламмоний иондарының фениламинге айналуы
Бұл үшін бізге не істеу қажет, ол үшін -NH3+ тобынан сутек иондарын бөліп алу керек.
Натрий гидроксиді ерітіндісі реакцияның бірінші сатысының өніміне қосылады.
Фениламин бірінші этапта түзілген қалайының комплексті иондары мен натрий гидроксидінің сулы ерітіндісі әрекеттескенде түзілген қалайының қосылыстарының қоспаларымен бірге түзіледі.
Фениламин соныңда осы қоспадан бөлінеді. Бұл процесс ұзақ уақыт өтеді және қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап етеді.
ҚОСЫМША №5
ҚОРЫТЫНДЫ ТЕҢДЕУ
ҚОСЫМША №6
1) Кальций карбонатынан анилиннің алыну реакциясының теңдеуін жазыңыз.
2) Өзгеріс тізбегінде
C6H6 Х1 Х2 [С6Н5NH3]Cl
«Х1» және «Х2» заты ретінде:
а) С6Н5NО2 және С6Н5Cl
б) С6Н5ОH және С6Н5Cl
в) С6Н5ОH және С6Н5NО2
г) С6Н5NО2 және С6Н5NН2
3) Массасы 18,6 г анилин мен 104 г бром әрекеттескенде түзілген 2, 4, 6-триброманилиннің массасын есептеңіз. Жауабы: 66г.
4) Келесі заттар берілген: тұз қышқылы, натрий гидроксиді, су, натрий хлориді. Этиламин осы заттардың қайсысымен әрекеттеседі?
«Аминдер» тақырыбына тапсырмалар (сабақ үстінде немесе үй тапсырмасы реінде де қолануға болады):
1. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:
метан → А → бензол → Б → анилин. А және Б затын табыңыз.
2. Өнім шығымы 0,9 болатын болса 246г нитробензолдың тотықсыздануы нәтижесінде қанша грамм анилин алуға болатынын есептеңіз. Жауабы: 167,4 г.
3. Құрамына 2% қоспасы бар көлемі 20 л метиламиннің жануы нәтижесінде түзілетін азоттың (қ.ж) көлемін есептеп табыңыз.
4. Массасы 24,6 г нитробензолдың тотықсыздануы нәтижесінде массасы 17г анилин түзіледі. Анилиннің шығымын есептеңіз. Жауабы: 0,91 немесе 91%.
2. Фениламинді алуда бастапқы материал ретінде нитробензолды қолдануға болады.
(а) Реакцияның бұл түрін атаңыз.
[1]
(ә) Бұл өзгеріске қандай реагенттер қолданылады?
[2]
(б) Осы реакция үшін теңдестірілген символдық теңдеуді жазыңыз. Қажет болған жағдайда [O] немесе [H] конвенциялары қолданылуы мүмкін.
[2]
Барлығы = 5
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?