Жемірілудің түрлері және онымен күресу жолдары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

10.3 Маңызды d-элементтер

және олардың қосылыстары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жемірілудің түрлері және онымен күресу жолдары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.3.7 Коррозияның түрлерін, оның пайда болу себептерін білу және металл құрылымдарына теріс әсерін түсіндіру;

10.2.2.2 металдардың қатысында химиялық реакциялардың теңдеулерін, қоспалары бар реагенттерді, сондай-ақ теориялық мүмкіндіктен салыстырғандағы өнімнің практикалық шығымын есептеу.

 Сабақ

 мақсаттары

Барлық оқушылар:

Металдардың жемірілу себептерін білу және түсіндіру

Көптеген оқушылар:

Жемірілудің түрлерін ажырата алу олардың кері әсерін түсіндіру

Кейбір оқушылар:

Қоспаға байланысты есептерді практикамен ұштастыра алу

Жемірілумен күресу жолдарын ұсынады

 Жетістік

 критерийлері

-металдардың жемірілуі себептерін түсіндіреді;

- жемірілудің зиянын сипаттайды;

- жемірілудің түрлерін бір-бірінен айырмашылығын табады;

-қоспаға байланысты есептеулерді жүргізеді.

- жемірілумен күресу жолдарын ұсынады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнгеқатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Х ерітінді жалынды(түсі) .... түске бояды

Х ерітінді жалын .........(түсі) бөлді

Ерітіндіде қандай түс пайда болды? Ерітінді қандай түске боялды?

Алдымен сымды ерітіндіге батырыңыз, артынан…

Мырыш гидроксиді................................ериді

Концентрлі азот қышқылы мыспен ...................................................түзіп әрекеттеседі

Сұйылтылған күкірт қышқылы мырышпен ...................................................түзеді

 Құндылықтарды

 дарыту

Сабақ барысында білім құндылықтары: Сыйластық; Ынтымақтастық;

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
  • Ашықтық;
  • Өмір бойы білім алу, нақтылық, жинақылық;
  • мәдениетаралық диалог, тілдер (екітілділік, көптілділік) (жаңа терминдермен жұмыс жасау барысында).

АҚТ қолдану дағдылары

http://www.rsc.org/learn-chemistry/resource/res00000472/properties-of-the-transition-metals-and-their-compounds?cmpid=CMP00000542

Пәнаралық байланыстар

Биология, география

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0- 6 мин

Ұйымдастыру сәті.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Ынтымақтастық атмосферасын құру (оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып бір-бірлеріне сәттілік тілеу)

Сабақтың стартері. Бұл суреттен не байқауға болады?

  • Бұл үрдіс жайлы не білеміз?
  • Қай элементтің қосылыстары осы құбылысқа ұшырайды?
  • Қайда қолдануымыз мүмкін?
  • Бұл элементтердің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Осы сұрақтардың жауабын толықтай білу үшін бүгінгі сабақтан жауабын табамыз. Ендеше, сабағымыздың тақырыбы «Жемірілудің түрлері және онымен күресу жолдары». Оқушылардан сабақтың мақсатын өздеріне айқындауды сұрау.

http://www.rsc.org/learn-chemistry/resource/res00000472/properties-of-the-transition-metals-and-their-compounds?cmpid=CMP00000542

2 мин

18 мин

12 мин

Коррозия үрдісіне анықтама беріледі.

  • Жемірілудің механизмінің қандай түрлері бар?
  • Жемірілудің қандай түрлері бар?
  • Жемірілудің физикалық әсері қандай?
  • Жемірілуді болдырмайтын қандай әдістерді білесіздер?

Топтық жұмыс:

Оқушылар үш топқа бөлініп, жоғарыда берілген сұрақтарға жауап бере отырып, постер қорғайды.

Постерді қорғау үшін оқушылармен бірге бағалау критерийлерін құрастыру. Топтар бір-бірінің постерді қорғауын өзара бағалайды.

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда зат шығымын есептеу.

Есептің бірінші типін шешу алгоритімі:

1) Есептің шартын мұқият оқып шығу.

2) Жазып ал: не берілді, не табу керек?

3) Реакция теңдеуін жазып, теңестіру.

4) Реакция теңдеуі бойынша өнімнің теориялық массасын табу.

5) Белгілі формула бойынша өнімнің шығымын есептеп алу. Жауабын жазу.

Топтық жұмыс. Бірінші мысалдың шешу алгоритмін құрастыру.

Жеке жұмыс. Әр оқушы өздері есеп шығарады. Тақтадағы жауабымен сәйкестіріп өз-өзің тексеріп бағалайды.

1 мысал. 32,4г. Мырыш оксидінен алюминийтермия әдісі арқылы, 24г. таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар. Жауабы: 92% Zn

2 мысал. Теория жүзіндегі мен салыстырғандағы шығымы 92% болса, онда 23,4г. алюминий гидроксидінең алынған металл оксидінің массасын табыңдар. (14г.)

3 мысал. Теория жүзіндегі мен салыстырғандағы шығымы 80% болса, онда темір (ІІІ) оксидіне, көміртек (ІІ) оксидімен әсер етсек, нәтижесінде 11,2г. темір алынды. Реакцияға жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар. (20г.)

4 мысал. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%) (90%)

5 мысал. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%) (80%)

3 – слайд

Периодтық кесте.

Металдар үлгісі.

2 мин

Барлығы 40 мин

Оқу мақсаттары және жетістік критерийлеріне қайта оралу. Қорытындылау

Үй жұмысы.

1. 11,2 г темір тұз қышқылымен әрекеттескенде 4,45 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Реакция өнімінің шығымы (%).

2. 20 кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.

3. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфаттын ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль)

Презентация

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

Көбісі:

Кейбіреулері:

Оқушылардың тақтадағы жұмысы, жазбаша ҚБ жұмысы, өзара тексеру

Көрсету №6 кезінде ҚТ ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды