Химиялық тепе-теңдік және оның ығыс жағдайлары. Ле Шателье-Браун принципі. Химия, 10 сынып, презентация.
Тапсырма. Берілген химиялық реакция теңдеулерін қайтымды/қайтымсмыз реакцияларға жіктеңіздер:
NaOH(с.е.) + HCl(с.е.) → NaCl(с.е.) + H2O(с.)
N2(г) + 3H2(г) → 2NH3(г)
AgNO3(с.е.) + NaCl(с.е.) → AgCl(қ.) + NaNO3(с.е.)
SO3(г) + H2O(с.) → H2SO4(с.е.)
CH4(г) + 2O2(г) → CO2(г) + 2H2O(с.)
BaO(қ.) + H2SO4(с.е.) →BaSO4(қ.) + H2O(с.)
2HCl(с.е.) + Na2CO3(с.е.) → 2NaCl(с.е.) + CO2(г) + H2O(с.)
2SO2(г) + O2(г) → 2SO3(г)
2C2H6(г) + 7O2(г) → 4CO2(г) + 6H2O(с.)
Орындалу уақыты:
4 минут
Химиялық тепе-теңдік және оның ығыс жағдайлары.
Ле Шателье-Браун принципі.10.2С Химиялық тепе-теңдік
Оқу мақсаттары:
10.3.3.1 тәжірибе жүзінде әр түрлі факторлардың химиялық тепе-теңдікке әсерін зерттеу;
10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысымның әсерін болжау;
10.3.3.3 тепе-теңдік константасының өрнегін құрастыра алу.
Бағалау критерийлері:
Ле Шателье принципін қолдана отырып тепе-теңдік ығысуын болжайды;
химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін жағдайларды анықтай алады;
жағдайларды өзгерту арқылы тепе-теңдікке әсер еткендігін анықтай алады.
Тақырыпқа сәйкес үш тілдік терминдердер тізімі:
Химиялық тепе-теңдік
Динамикалық тепе-теңдік
! Динамикалық тепе-теңдік тек жабық жүйелерде болуы мүмкін.
Проблемалық сұрақ
Химиялық реакцияларды тепе-теңдік бағытын өзгертуге болады ма?
?
Химиялық тепе-теңдік ығысу бағыты
A + B ⇄ C + D
Ле Шателье-Браун принципі
химиялық тепе –теңдікте тұрған жүйе күйіне сыртқы факторлардың біреуімен (қысым, температура , концентрация) әсер етсек, тепе – теңдік сол факторды әлсірету бағытына қарай ығысады.
Анри Луи Ле Шателье
(1850–1936)
Концентрацияның реакцияның тепе-теңдігіне әсері
Реагенттердің біреуінің концентарциясының ↑ өнімдер түзілу жағына;
Өнімдердің біреуінің концентрациясының ↑ реагенттер түзілу жағына тепе-теңдікті жылжытады.
Реагенттердің біреуінің концентарциясының ↓ тепе-теңдікте солға;
Өнімдердің біреуінің концентрациясының ↓ тепе-теңдікте оңға жылжытады.
Жүйедегі тепе теңдіктің ығысуына температураның әсерін демонстрациялау моделі:
N2 + 3H2 ↔ 2NH3 + Q.t↑, эндотермиялық реакция бағытына ығысады
t↓, экзотермиялық реакция бағытына ығысады
N2 + 3H2 ↔ 2NH3
1көлем 3 көлем 2 көлем
4 көлем > 2 көлем
Қысымның реакцияның тепе-теңдігіне әсері
Жүйедегі тепе теңдіктің ығысуына қысымның әсерін демонстрациялау моделі:
N2 + 3H2 ↔ 2NH3.
Р ↑, көлемі аз бағытқа ығысады
Р ↓, көлемі көп бағытқа ығысады
Тепе- теңдікке катализатор әсері
Катализатор бірдей дәрежеде тура және кері реакциялардың жылдамдығын арттырады.
Бірақ тепе- теңдіктің ығысуына әсер етпейді
Тепе-теңдік константасы, Kc
Тепе-тендіктің термодинамикалық сипаттамасы - тепе-теңдік константасы болып табылады. Мысалы, тепе-теңдіктің жалпы схемасы мынадай болса:
aA + bB ⇄ cC + dD
Онда тепе-тендік константасының мағынасы төмендегідей:
К - концентрациялық тепе-теңдік константасы деп аталады, себебі оның мағынасына тепе-теңдіктік концентрациялар кіріп тұр.
Есте сақтаңыз!
[қатты заттар] тепе-теңдік константасы, Kc өрнегіне енгізілмейді.
Жаттығу
Келесі химиялық реакциялар үшін тепе-теңдік константасы өрнегін құрастырыңыз және өлшем бірлігін анықтаңыз.
10 Минут
Өзара тексеру
Үй жұмысы
*Ле Шателье принципі біздің өмірімізге қалай әсер етеді?
**Өз жауабыңызды мысал арқылы дәлелдеңіз (мысал химияға байланыссыз болуы қажет)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?