Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрон күйі және және қозғалысы.Көрсетілім № 1 «Атом құрылысы моделі». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1AАтом құрылысы

Мектеп:

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10 А, В, С, D

Қатысқандар саны:

А (...), В (…), С (…), D (...)

Қатыспағандар саны:

А (...), В (…), С (…), D (...)

Сабақ тақырыбы

Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрон күйі және және қозғалысы.Көрсетілім № 1 «Атом құрылысы моделі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.2.1 атом құрылысының заманауи теориясын біледі;

10.1.2.2 s, p, d, f орбитальдерінің пішінін ажыратады;

Сабақ мақсаттары

-атомдағы электрондардың ядродан арақашықтықтары алыстай түсетін орбиталдар бойында орналасатындығын түсіну;

- әрбір электрондық қабат белгілі электрон сиымдылығына ие екендігін түсіну;

 Жетістік

 критерийлері

-атомның құрылысын білсе,электрондарды энергетикалық деңгейде орналастырады;

-s, p, d, f орбитальдерінің пішінін ажыратады;

-электрон бұлты, орбиталь, энергетикалық деңгей, энергетикалық деңгейше ұғымдарын сипаттайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

тақырыпты зерттей отырып және алынған мәліметтерден өздерінің қалаулары бойынша сапалы ауызша презентация жасау;

Пәнге қатысты лексика мен терминология

деңгей, деңгейше, орбиталь, айналу, квант саны, изотоптар, (радиоактивті) ыдырау, (масс-) спектрометр, (масс-) спектр, (электрондық) конфигурация, иондану, экрандау

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

X -ті yyyy-та ашқаннан кейін, Z… тұжырымдамасы

Z атом ядросы … тұрады деп болжады

Бұл теория … ашуға көмектесті (анықталған факт)

 Құндылықтарды

 дарыту

– Сыйластық (Бір-бірінің ойын айту кезінде)

– Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында)

– Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру)

Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Сабақ презентациясы , атом құрамы, құрылысы изотоптар

Өмірмен байланыс

Радиация және оның қоршаған ортаға әсері.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен атом құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік

Бастапқы білім

«атом құрылысы», «изотоп»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру сәті. Амандасу.Ынтымақтастыру атмосферасын құру.

Активити «Ең жақсы қасиет» (Парта бойынша көршісінің ең жақсы қасиеттерін сипаттау және осы қасиеттерді сыйлауды сұраңыз).

Бейнебаян қарау:

**Материяның күрделі құрылысы

Жұмбақ бейнебаян.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты болады?

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау.

http://www.bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/11298-atomnyng_qurylymy

Презентация

Сабақтың ортасы

6-10 мин

Барлық заттардың негізі – атом болып табылады.

Сұрақтар:

**Атом туралы не білесіздер?

Атом үш негізді субатомдық бөлшектен құралады; олар: 

электрондар, протондар және нейтрондар. Тығыз жинақталған протондар мен нейтрондар атом ядросын  түзеді, ал электрондар оның айналасында жеке траектория бойымен қозғалады.

11-20 мин

Бейнебаян қарау:

** Атом деген не?

Тапсырма:

Хлор атомының ХЭПЖ-гі орнын көрсетіп, ядро құрамын анықтаңыз.

Атом құрылысының планеталық моделі әрбір орбитальда бір электронның бар болуын тұжырымдайды. Қазіргі кезде электрондық қабат 7 орбитальдан тұратыны белгілі...

Кіріспе сұрақ: Атом электрондары орбиталдарда қалай(қаншадан) орналасады?

Кесте бойынша жұмыс (оқушылар дайын ақпарат арқылы

қарастырады):

https://twig-bilim.kz/film/what-is-an-atom-5626/

21-33 мин

Мұғалімнің жаңа ақпаратты түсіндіріуі:

Электрондардың энергетикалық деңгей бойынша орналасуы. Атомдағы электрондардың күйлері.

Атомдағы электрондар әртүрлі энегрияға ие, олар энергияны белгілі бір мөлшерде(нақтырақ айтсақ, квант) сіңіре немесе шығара алады. Атомда электрон тек қана белгілі бір кванттық күйлерде бола алады, бұл электронның ядромен байланысын көрсететін энергиясына сәйкес.

Электрон энергиясының мәні бас квант санымен (n) көрсетіледі, ол тек қана бүтін сандармен жазылуы мүмкін: n=1, 2,3… .

Энергия қоры ең төмен электрондар (n=1 ), бірінші энергетикалық деңгейде орналасады. Мысалы:

Электрондардың бір кванттық күйден басқаға көшуі – энегрияның өзгеруіне байланысты, сондықтан электрондар екінші немесе одан да жоғары энергетикалық деңгейге өте алады. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың саны(N) мына формуламен анықталады: N=2n2 ,

n – бас квант саны. Бұл формулаға сәйкес: бірінші энергетикалық деңгейде (n=1) 2 электрон орналаса алады. (N=2 ∙ 12 = 2), екіншіде (n=2) – 8 электрон (N=2 ∙ 22 = 8), үшіншіде (n=3) – 18 электрон (N=2 ∙ 32 = 18 ) т.с.с.

**Орбиталдар әртүрлі пішінде болуы мүмкін.

Әрбір жаңа энергетикалық деңгейі, бір s-орбиталдан басталады, оның пішіні шар тәрізді болады. Екінші және одан кейінгі деңгейлерде бір s-орбиталь және үш р-орбиталь пайда пайда болады, р-орбиталдың пішіні гантел тәрізді.

10 слайдағы бейнебаяннан кейін қарау

34-38 мин

Бекіту сұрақтары:

**ПЖ-гі элемент реттік нөмірінің физикалық мәні

**ПЖ-гі период нөмірінің физикалық мәні

**ПЖ-гі топ нөмірінің физикалық мәні

Сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия. Қойылған мақсаттар мен критерийлерге оралу.

Презентация

2- сабақтың барысы

Сабақтың басы

41-42 мин

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

41-53 мин

54-64 мин

Алдыңғы тақырыпты маңыздылау:

Жеке жұмыс:

Тапсырма1: Кестені толтыру

1-нұсқа

2- нұсқа

Өзара бағалау:

Жетістік критерийлері бойынша (слайд):

-атом құрылысын біледі, электрон, нейтрон, протон(кем дегенде 4 элементтің) санын дұрыс анықтайды;

-периодтық кестедегі ақпаратты пайдалана алады.

Слайда дұрыс жауаптары ұсынылған:

Тапсырма 2

Алғашқы 20 элементтің атомдарында электрондардың орналасуын суреттеу. Тақтамен жұмыс

Қосымша 1

65-77 мин

Қалыптастырушы бағалауға арналған жұмыстарды орындау

Қосымша 2

Сабақтың соңы

78-80 мин

Рефлексия. Кері байланыс.

Үй жұмысы

Теориялық ақпаратты қайталау.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы: - химияның негізгі ұғымдарын біледі;

Көбісі- изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады;

Кейбіреулері: - салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады;

Бекітуге арналған тапсырмаларды тексере отырып, оқушылардың қаншалықты жаңа ақпаратты игергенін қадағалайды.

Интерактивті тақтамен мұқият жұмыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру