Есептер шығару «Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

9.2В  Металдар  мен   құймалар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Есептер шығару «Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.3.2 -қоспаның белгілі бір  массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу

Сабақ мақсаттары

  • Қоспа туралы ұғым қалыптастыру
  • Алгоритмді қолдана отырып, қоспаларға берілген есептерді шешу

Бағалау критерийлері

  • Тиісті реакция теңдеуін дұрыс құрады
  • Салмағы белгілі заттың моль санын дұрыс есептейді
  • Қоспа құрамындағы заттардың массасын есептейді
  • Қоспадағы заттың пайыздық үлесін есептейді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

- есептер шығарудың алгоритмін құрады және берілген есептерді шешеді

Пәндік лексика және терминология

қоспа, зат мөлшері, зат массасы

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Заттың сандық құрамы ........................................ анықталады.

.................. атомдық салмақтың молекулалық массаға қатынасы.

Элементтің/қосылыстың молярлық массасы .................... тең

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика

Бастапқы білім

7.2В Қарапайым химиялық реакциялар

8.1В Металдардың химиялық белсенділігі

8.2А Металдардың белсенділік қатары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

6 – 10 минут

Сабақтың басталуы

Амандасу. Оқушылардың өткен сабақты еске түсіріп, жаңа сабаққа көшуін жоспарлау үшін «иә немесе жоқ» активитиін орындау

  • Химиялық формула- заттың сандық және сапалық құрамын көрсетілген, химиялық таңбалар мен индекстермен өрнектелетін шартты белгілеу (иә)
  • Құймалар химиялық қосылыстар (жоқ)
  • Таза заттың массасын есептеу үшін қоспадағы массалық үлесін білу керек (иә)
  • Белсенді металдар тұзының құрамынан белсенділігі төмен төмен металды ығыстыра алады. (иә)

Жауаптарын сыныпта талдау

Ой шақыру

Мұғалім презентацияны қолдана отырып, сабақтың келесі бөліміне өтеді.

Химия өндірісінде таза өнімді өндіру үшін бастапқы заттар (шикізат) қолданылады. Ол заттар әрқашан таза күйінде болмайды, құрамында әртүрлі қоспалар кездеседі.

Бұл қоспалардан өндіріс процесінде қажетті өнімдер жасалмайды. Бұндай кезде қалай есептеу жүргізуге болады?

Топта талқылап, оқушылар жаңа сабақ тақырыбын айқындайды.

Презентация,

оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар.

9 сынып химия оқулығы мен есептер жинағы

 

Сабақтың ортасы

11-18 минут

19-27 минут

28-39 минут

Жаңа сабақты меңгеру

Мұғалімнің түсіндіруі

Қоспалардың құрамы әдетте пайызбен беріледі.. Бұл мән үлгідегі таза заттың немесе қоспаның массалық немесе көлемді бөлігін көрсетеді.

Оқушылар слайд презентация арқылы қоспаның құрамы мен оның құрамындағы таза заттың массасын, қоспадағы пайызын есептеу әдісімен танысады.

Тапсырма №1

Құрамында 2 % қоспасы бар 20г коксты жаққанда көміртек (IV) оксидінің қандай көлемі түзіледі (л)

Шешуі:

Берілгені

m (кокс)=20г

W(қоспа)=2%

Табу керек: V СО2=?

С +О2 → СО2

1.Таза заттың массалық үлесін есептейміз

W таза зат =100%-2%=98%

m (таза кокс) = 20 *0,98% = 19,6г

2.Кокстың зат мөлшерін есептейміз

n=m/ M; Mr = M; Mr(C) = 12; M(C) = 12г/моль

n(C) = 19,6г/ 12 г\моль= 1,63 моль

3. Сәйкесінше көмірқышқыл газының зат мөлшерін есептейміз

1,63 моль – x моль

1 моль – 1 моль x = 1,63 моль

4. газдың көлемін есептейміз

V = n . Vm ;

V (CO2) = 22,4л\моль . 1,63 моль= 36,512л

жауабы : V (CO2) =36,512л

Мұғалім оқушылармен біріге отырып, есепті шығару алгоритмін талдайды. Оқушылар дәптерлеріне жазады

Есептерді шығару алгоритмі

1.Химиялық реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңіз

2. Заттың формуласының астына теңестіру коэффициентіне сәйкес зат мөлшерін жазыңыз

3. Таза заттың массалық үлесін анықтаңыз

4. Таза заттың массасын есептеңіз

5. Тұздың массасын есептеңіз

6. Жауабын жазыңыз

Жұптық жұмыс

Есептер шығару

Оқушылар жұбымен бірлесе отырып, есепті шешеді

Есеп

Құрамында 5% қоспасы бар 50г кальций оксиді тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген калций хлоридінің массасын есептеңіз

Бер: Шешуі:

m(СаО) = 50г СаО + 2HCI = CaCI2 + H2O

W(Примеси) = 5% 1. Таза заттың массалық үлесі:

m(CaCI2) - ?

W% таза зат =100%-5%=95%

Таза заттың массасы:

m (СаО таза.) = 50 *0,95% = 47,5г

2. СаО зат мөлшері:

n=m/ M; Mr = M; Mr(CaO) = 40+16= 56

M(CaO) = 56г/моль

n(CaO) = 47,5г/ 56 г\моль= 0,85моль

3. Зат мөлшерін есептейміз

0,85моль – x моль

1 моль – 1 моль

x = 0,85 моль

4.тұздың массасын есептейміз

m = v . M ; Mr(CaCI2) = 40 + 35,5 . 2 = 111; M (CaCI2) = 111г/моль ;

m (CaCI2) = 111г\моль . 0,85 моль= 94,12г

жауабы: : масса CaCI2 =94,12 г.

Әр жұп бірін бірі тақтадан көрсетілген слайд презентация арқылы бағалайды. Егер тапсырманы орындау кезінде қиындық туындаса, мұғалім түсіндіреді.

Сабақты бекіту Топтық жұмыс

«Карусель» әдісі

Әр топ осы типтегі есеп құрастыру тапсырылады. Сәйкесінше бағалау критерийін жасау керек.Екі минуттан соң әр топ келесі топқа барып, өзара орын алмастырып, сол топтың дайындаған есебін шешеді, қателіктер болса, тиісті түзетулер жасалады. Есептің жауаптары бойынша әр топ бірін- бірі өзара тексереді. Есеп шығару кезіндегі туындаған мәселелер тақтаға жазылады.

Просмотр видео по вопросам, возникшим при выполнении заданий

Жеке жұмыс

Оқушыларға есептер жазылған жұмыс парағы таратылады. Әр оқушы тыныштықта жеке отырып орындайды. Содан соң тақтадан көрсетілген дұрыс жауап арқылы өзін өзі бағалайды.

Есеп 1. Қоспа құрамындағы массалық үлесі 3% құрайтын 450г фосфорды күкіртпен балқытқанда пайда болған фосфор пентасульфидінің массасын есептеңіз

Есеп 2. Құрамында массалық үлесі 8% қоспасы бар 1кг әктас айырылғанда бөлінетін көмірқышқыл газының (қ.ж) көлемін есептеңіз

калькулятор

1-қосымша.

 

2-қосымша

Сабақтың соңы

39-40 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

Рефлексия «Шығу билеті»

Оқушылар ұсынылған терминдердің бірін таңдап, оны толықтырады және шығу билеті ретінде оны есікке жапсырып кетеді

Маған сабақта қиын болды .........................

Маған сабақта жеңіл болды ........................

Маған әлі де көмек керек …........................

Үй тапсырмасы: Бүгін сабақ бойынша есептеп шығару дағдыларын бекітуге арналған есептер ұсыну.

Таратпа қағаздар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар заттың сандық және сапалық құрамын ажырата алады, қоспа құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептейді

Көпшілік оқушылар құрамында қоспасы бар зат арқылы реакция өнімінің массасын табуға берілген есептерді дұрыс шеше алады;

Кейбірі алгоритмсіз берілген есептердің шешімін өз беттерінше тауып, барынша күрделендірілген есептеулерді орындай алады.

Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау.

Сабақта қолданылған белсенді оқыту әдістері оқушылардың массалық үлес табуға, қосылыстың формуласын табуға бағытталған білімдерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Білімді өз беттерінше меңгеріп, бір – біріне түсіндіру- өздерін табысты сезінулеріне жағдай жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?