Иондық байланыс. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 8.3В Химиялық байланыс түрлері | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімдердің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Иондық байланыс | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8. 1.4.2 иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - иондық байланыстың түзілу механизмін түсіну -"нүктелер мен айқыштар" диаграммасын сала білу | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Иондық байланыстың түзілуі туралы ауызша айта алу және тұрақтылыққа ұмтылу үшін электрондарды беріп немесе қосып алатындықтарын түсіндіре білу Пәндік лексика мен терминология: Иондар, иондық тор, коваленттік байланыс, электростатикалық тартылыс күші, электртерістілік, қосылыс, формула, атом, топ нөмірі, соңғы электрондық қабат және т.б. Диалогқа қажетті тіркестер: Натрий атомында х электрон бар, ал натрий ионында у электрон бар. Оттегі атомына қарағанда оттегі ионы........................, себебі................ Топ нөмірі х тең | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика | |||||||||||||
Бастапқы білім | 7.2А Атомдар. Молекулалар. Заттар 7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0-10 минут 11-15минут | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін алдыңғы білімді өзектендіру және қайталау. Ол үшін оқушылардан атом құрылысын, молекулалар және элементтердің электрондық конфигурацияларын, ионды еске түсірулерін сұрау:
Осылайша өткен білімді еске түсіріп алған соң, слайд презентация арқылы оқушыларға сурет көрсетіледі. Сурет арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашуға бағытталған жетелеуші сұрақтар қою. Кілттік сөздерді айқындап, жаңа сөдіктер мен терминдерді тақтаға жазып, үш тілде атау:анион, катион, химиялық формула, ион, иондық байланыс, иондық қосылыс, Льюис құрылымы (айқыштар мен нүктелер) Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру | Презентация, оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 16- 32 минут 33-38 минут 39-54 минут 55-60минут 61-65 минут 66-75минут 76-79минут |
|
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 79-80 минут | Рефлексия «Бағдаршам» әдісі Үй тапсырмасы: Li, Na, K, Rb, Cs, Fr бұл элементтерге не ортақ екенін тауып жазыңыз. F, Cl, Br, I бұл элементтердің сыртқы электрондық қабатында қанша электрон бар? Не, Ne, Ar, Kr, Xe и Rn бұлардың инертті болу себебі неде? | стикерлер | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Барлық оқушылар иондық байланыстың қалай түзілетінін біледі Көпшілік оқушылар иондардың түзілуін түсіндіреді, иондық байланыстың түзілу механизмін айқыштар мен нүктелер арқылы көрсетеді Кейбірі иондардың тұрақтылығын инертті газдармен салыстыра отырып түсіндіреді, иондық байланысқа тән қосылыстардың формулаларын дұрыс құрастырады | Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау. | Сабақта қолданылған белсенді оқыту тәсілдері, оқушылардың химиялық байланыс жайлы білім қалыптастыруларын жеңілдетеді және топтық жұмыста өзара оқыту әдісі өздерін табысты сезінулеріне мүмкіндік береді. |
1-қосымша
Қалыптастырушы бағалау
№1 тапсырма. Сa,S,Cl,Zn,Si,Na ,B берілген элементтердің қайсысы :
а) тұрақты электрондық конфигурацияға жету үшін белгілі электрон санын бөлетіндер:
_____________________________________________________________________________
Катион түзілуінің сызбаларын жазыңыз:
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
в) тұрақты электрондық конфигурацияға жету үшін белгілі электрондарды қосып алатындар : _________________________________________________________________________________
Анион түзілуінің сызбаларын жазыңыз:
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№2 тапсырма.
Төменде берілген элементтерді қолдана отырып, иондық байланысқа ие бес формула құрастырыңыз:
AI, С, P, O, Ca, K, CI, Fe, Mg, Br, F, Сu.
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Иондық байланыстың түзілу механизмін құрастырған бір молекула мысалында төмендегі алгоритм бойынша көрсетіңіз:
1.Металл атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласын жазыңыз
2. Металл атомынан түзілетін ионның зарядын анықтаңыз
3. Бейметалл атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласын жазыңыз
4.Бейметалл атомынан түзілетін ионның зарядын анықтаңыз
5.Иондық байланыстың түзілу схемасын салыңыз
№3 тапсырма.
Төмендегі қосылыстардың айқыштар мен нүктелер диаграммасын салыңыз
- Натрий (2,8,1) және оттек (2,6)
- Кальций (2,8,8,2) және хлор (2,8,7)
- Aлюминий(2,8,3) және фтор (2,7)
- Aлюминий (2,8,3) және оттек (2,6)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?