Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А Зат мөлшері | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.1 -зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде мольді білу және Авогадро санын білу 8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
| ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық, ашықтық,құрмети құндылықтары топтық, жұптық жұмыстар барысында насихаттала отырып дарытылады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика және тарих пәндерімен бөлшектердің массалары және зат мөлшерін ашқан ғалым туралы мәліметтер беру арқылы байланыс жасалады. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бейнежазба, презентация, интернет ресурстарын қолдану арқылы дамытылады. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Қосылыстар мен қоспалар (7.1В) Атомдық массаға қатысты қарапайым формулалар (7.2 В) Қосылыстар формулаларын жаза білу (8.2A)) | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Жаңа сабаққа кіріспе. Ой қозғау: банкта тиындарды есептеу туралы бейнежазба көрсету https://www.youtube.com/watch?v=8gZQWcavz1w Банкта тиындар саны өте көп. Оларды қолмен есептеу тиімді емес. Банк қызметкерлері тиын сандарын есептеу үшін «Өлшеу жолымен есептеу» әдісін қолданады. Іс әрекет түрі: бүкіл сыныпты оқыту әдісі | Ютуб | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 8 минут 7 минут
7 минут | ІІ. Демонстрация (оқушылар қатысуымен) «Өлшеу жолымен есептеу» заңы Оқушыларға: 1 теңгенің 100 данасы 163г (1,63) тартады 2 теңгенің 100 данасы 184г (1,84) тартады 5 теңгенің 100 данасы 218г (2,18) тартатындығын көрсету Оқушыларды 3 топқа бөліп 1, 2 және 5 теңгелік тиындар салынған қапшықтарды беріп санамай қапшықтардың массасын өлшеу арқылы ішіндегі тиын санын анықтауға тапсырма беріледі. Анықталған тиын сандарын тақтаға жазып қойып қапшықты ашып ішіндегі тиын санын санап дұрыстығын тексереді. Қапшықтағы тиынның массасын бір теңгенің массасына бөлгенде қапшықтағы тиынның саны шығады. Дифференциация: Анағұрлым озық оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызу: құны 2 теңгелік уыс тиынға 5 теңгелік бір тиынды қосып неге масса сәйкес келмейді деп сұрау. Бағалау: Мұғалімнің кері байланысы. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Кілтті сөздер ендіріледі. Заттардың белгілі бір мөлшерінде (порциясында) болатын бөлшектер саны өте үлкен. Оларды қолмен санау мүмкін емес. Миға шабуыл: Проблемалық сұрақ:
Оқушыларды талқылай келе осы әдісті бөлшектер санын есептеуде қолдану туралы қорытынды жасауға жетелеу қажет. Презентация бойынша моль зат мөлшері және Авогадро саны туралы түсінік беріледі. Тапсырма-1 Оқушылар жұбына 1 моль мөлшерінде алынған әр түрлі заттардың (су, темір, күкірт, ас тұзы) үлгілерін таратып беріп массасын өлшеу сұралады. Өлшеу нәтижелерін талқылау барысында кез келген заттың 1 молінің массасы молярлық масса деп аталатыны жөнінде анықтаманы тұжырым оқушылармен бірге жасалады. Іс әрекет түрі: Жұптық жұмыс. Бағалау: Өзара бағалау ІІІ. Жаңа сабақты бекіту Тапсырма -2 1.Оқушылар мини-тақтаға периодтық кестеден мұғалім атаған элементтердің бір молінің массасын жазады. 2.Олар кеспе қағазда берілген қосылыстардың бір молінің («молярлық масса») массасын есептейді Іс әрекет түрі: Жеке жұмыс. Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша мұғалімнің кері байланысы Дифференциация: Деңгейлі тапсырмалар | Таразы-3 10/20/25 т.б. данадан 1, 2 және 5 теңгелік тиындар салынған қапшықтар. Презентация 1 моль мөлшерінде алынған әр түрлі заттардың (су, темір, күкірт, ас тұзы) үлгілері Периодтық кесте Мини-тақталар Қосымша-1 | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Оқу мақсаттары бойынша бас бармақ әдісімен кері байланыс жүргізіледі. Үй жұмысы: үйде бар химиялық қосылыстардың молярлық массасын есептеу. | Қосымша-2 | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу арқылы жүзеге асырылды. | Сұрақ-жауап арқылы бағалау Топтық, жұптық және жеке тапсырмаларды бағалау | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?