Тыныс алу процесі. Химия, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Оқушының аты-жөні: ______________________ Сыныбы: 7_____ Күні: __________

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаты

Жетістік критерийі

7.3А: Химиялық элементтер,қосылыстар және адам ағзасы.

тыныс алу химиясын түсіну

Оқу мақсатына оқушы жетеді, егер

Жану өнімдерін біледі

Тынысалуға қажет реагенттерді ажыратады

Тынысалу өнімдерін анықтайды

Тынысалу теңдеуін сөз арқылы құра біледі

Тынысалу мен жанудың ұқсастығын біледі

Тынысалу мен жанудың айырмашылығын біледі

Зертханалық жұмыс №10

Тақырыбы: Тыныс алу химизмін зерттеу

Мақсаты:

  • Тыныс алу химиясын (энергияны қоса) түсіну
  • Тыныс алу процесін түсіндіру

Кіріспе:Тыныс алу деп  организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады.

Өкпедегі газ алмасу –тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79 % – азот, 21% – оттек, 0,03 % – көмірқышқыл газы және т.б. болады. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттегі – қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді. Оттегін тасушы – гемоглобин.

Жасушалық тыныс алу

Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмірқышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмірқышқыл газының сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.

Тынысалу мүшелері: мұрын қуысы, өкпе, аңқа, көмей, кеңірдек, бронхы.

Реактивтер: әкті су

Құралдар: сынауықтар, сынауық қоятын штатив, қорғаныс көзілдірігі, асбест тор, май шам, лабораториялық штатив, сіріңке, шұқырақ /воронка/, термометр,градусник.

Жұмыс барысы мен нәтиже:

Тәжірибе№1. Құйғы астында май шам жағу.

Майшамды асбест тордың үстіне қойып жағады. Үстінен құйғымен жабады.

Жану реакция теңдеуін сөз арқылы жазады:

+ + + = + +

Тәжірибе №2. Әк суына үрлеу.

Сынауықта құйылған әк суына түтікшені салып, (тыныс алу өнімін шығарады) үрлейді. Қандай өзгеріс байқалды?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқушылар әк суымен жұмыс жүргізу кезінде қорғаныс көзілдіріктерін киюлері керек.

Тәжірибе №3. Айнаға үрлеу.

Айнаны қолдарына алып, оған демалады. Қандай өзгеріс байқалды? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?