Түбегейлік ( бағаналы) жасушалар. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 12.2D Өсу және даму

Мектеп:

Күні:

Оқытушы:

СЫНЫП: 11 сынып

Сабаққа қатысушылар саны:

Сабаққа қатыспаушылар саны:

Сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаты

  • түбегейлік жасушалардың мамандану үдерісін сипаттау

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

Бағаналық жасушалар туралы бұрыннан бар білімді қолданады. Бағаналық жасушаларды мамандандыру үдерісін түсіндіру үшін блок-сызбаны құрастырады. Бағаналық жасушаларды мамандандыру үдерісін түсіндіреді. Ақпаратты пайдалана отырып, көп жасушалы ағзаның пайда болу кезеңдерін дұрыс сипаттайды.

 Сабақтың мақсаты

Бағаналық жасушалардың мамандану процесін түсіндіреді.

 

Оқушылар орындай алады: Түбегейлік жасушаларды және олардың қолданылу ықтималдылығын түсіну және 12.3D тарауындағы биотехнологиядан белгілі. Түбегейлік жасушаларды практикада қолдану этикалық сұрақтарды талқылаумен байланысты, бұл өз кезегінде басқа да этикалық сұрақтарды, мысалы , 12.3D тарауындағы мәселелерді түсінуге үлес қосады.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

түбегейлік жасуша

стволовые клетки

stem cells

дифференциация

дифференциация

differentiation

тотипотенттік

тотипотентные

totipotent

мультипотенттік

мультипотентные

multipotent

ұрықтану

оплодотворение

fertilization

бластоциста

бластоциста

blastocyst

белсендіру

активировать

аctivate

ұрпақ

поколение

generation

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

a) Түбегейлік жасушалар…, ал басқа жасушалар…

b) Тотипотенттік түбегейлік жасушалар– бұл .. жасушалар.

c) Плюрипотенттік бағаналы жасушалар – бұл … жасушалар.

d) Мультипотенттік бағаналы жасушалар – бұл … жасушалар.

e) Эмбриональдық бағаналы жасушалар …, ал ал жетілген

Түбегейлік жасушалар…

f) Мен бұл ұсыныстарды дұрыс деп есептеймін , бірақ …. ұсыныстар дұрыс емес, өйткені

Алдыңғы білім

Оқушылар:

Оқушыларға осы тарауды игеруге қажетті білім, дағды немесе тәжірибе.

Алдыңғы өтілген организмдердің өсуі мен дамуы тақырыптары пайдалы болады.

Алдыңғы өтілген ішіндегі ең пайдалылары:

Өсу және даму: 6, 7, 9, 10

Жасушалық цикл: 9, 10

Көбею: 6, 10

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс -әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басталуы

0-2 минут

3-4

5-10

10-15

15-20

20-25

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардын назарын сабаққа аудару.

(W) Сынып оқушыларының түбегейлік жасушалар туралы не білетіндіктерін анықтау. Ұрықтану мен дифференциация негіздерін сипаттау, зигота сияқты терминдерді және зиготаның бөліну және дене жасушасының әрбір жеке типіне өзгеру потенциалы бар екендігін сынып оқушыларының естеріне салу; түбегейлік жасушалардың да дәл осындай потенциалдары бар:

1.Түбегейлі жасуша деген не?

2.Ұрықтануды қалай түсіндіресіз?

3.Дифференциация және зигота терминдеріне анықтама беріңіз.

4. Мына суретте не бейнеленген:

(I) (f) Жекелеген оқушылар «Түбегейлік жасушалардың қасиеттері» ақпараттық бюллетенін беріңіз де, олардың оны оқып шығып, сосын:

a) Бағаналық жасушаларды басқа жасушалармен салыстыру;

b) тоти / плюри / мультипотенттік түбегейлік жасушалардың анықтамаларын жазуларын сұрау;

c) эмбриональдық және жетілген түбегейлік жасушалардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау;

d) өз жазбаларын конструктивтік кері байланыс орнату үшін «сыншы жолдасына» берулері керек.

(I) Әр оқушыға оқып шығу үшін «Түбегейлік жасушаларды түсіну» парағын беріңіз

(W) Сыныпқа келесі қысқаметражды анимацияларды көрсетіңіз: «Адамның дамуы және түбегейлік жасушалар» және «Жасуша ғұмырын құрастыру»

(G) (f) Оқушыларға ұрықталған аналық бездің көпжасушалы организмге айналу кезіндегі процестерді айқындау мақсатында блок-сызба құрған кезде оқушылардың жұппен жұмыс істеуін тапсыру.

Түбегейлік жасушалардың қасиеттері, ақпараттық бюллетень:

http://www.wellcome.ac.uk/About-us/Policy/Spotlight-issues/Human-Fertilisation-and-Embryology-Act/Stem-cell-basics/WTD040075.htm

«Түбегейлік жасушаларды түсіну» студенттік парағы:

http://www.pbs.org/wgbh/nova/teachers/activities/pdf/0305_03_nsn_01.pdf

адамның дамуы және бағаналық жасушалар бойынша 2 минуттық анимация:

http://www.hhmi.org/biointeractive/media/human_emb_dev-lg.mov

Ортасы

25-30

30-35

(G) (f) Оқушылар жұбына аздап пластилин беріңіз. Олардың жетілген түбегейлік жасушалардан өз денелерінде туындайтын жасушалардың түрлерін модельдеулерін тапсырыңыз. Оларға өз модельдерін жасауға дейін немесе кейін «Тірі түбегейлік жасушалар» анимациясын қарап, пайдаланулары керек.

(W) (f) Оқушылар жұптарынан өз модельдерін белгілеп, ортадағы үстелге әкеліп қоюларын сұраңыз. Оқушылардан мыналарды сұраңыз:

Жасушалардың жалпы құрылымдары қандай?

Жасушаларды не айрықшаландырады?

Ұрықтық қабат қандай жасушалардан туындайды?

(W) Дифференциацияланған жасушалардың ядроларының бүкіл геномды сақтайтындығын көрсететін Джон Гердонның классикалық тәжірибесін талқылаңыз: ұрпақтық жасушалардың мамандандырылуы кезінде ешқандай ген жоғалмайды.

(W) «Қандай да бір» ерекше жасуша типіне көшіп, гендердің ішкі топтары туралы айтып беріңіз. Сонымен, дифференциация процесіне жасуша типін сипаттайтын белгілі бір ақуыз жиынтығын алу үшін кейбір гендерді белсендіру (бір түрге көшіру) және екінші бір гендерді белсенсіздіру (бір түрден көшіру) енеді.

(W) Транскрипция факторлары мен мамандандырылған жасуша өндірісіндегі гомеозистік гендердің ролін талқылаңыздар

(I) (f) Кейбір оқушыларға жасыл стикер парақтарды пайдаланып, олардың түбегейлік жасушалар туралы өздері білген үш негізгі нәрсені жазуды, сонымен қатар қызғылт стикер парақтарды пайдаланып – өз сұрақтарын жазуды тапсырыңыз.

түбегейлік ғұмыр құру бойынша 2 минуттық анимация: http://www.hhmi.org/biointeractive/media/differentiation-lg.mov

«Тірі түбегейлік жасушалар » Интерактивтік анимациясы - түбегейлік жасушалар тауашасы және түбегейлік жасушаларды мамандану үшін активтендіру үшін:

http://learn.genetics.utah.edu/content/tech/stemcells/sctypes/

Дамуды генетикалық бақылау (Гердонның классикалық эксперименті):

http://www.biologyreference.com/Fo-Gr/Genetic-Control-of-Development.html

Гомеозистік гендерді «Природа» журналында түсіндіру:

http://www.nature.com/scitable/topicpage/hox-genes-in-development-the-hox-code-41402

Аяқталуы

35-40

  • (I) Оқушылар жеке жұмыс істейді, «Түбегейлік жасушалардың мамандану үдерісін сипаттау» үшін оқушылардың мақсатқа жетуі анықталады.

Алған білімдері бойынша кері байланыс орнатады.

  • Үй жұмысы: Түбегейлік жасушалардың мамандану үдерісін сипаттау

ҚБТ №1

«Сэндвич әдісі»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – сіз қосымша қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау - сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Оқуаралық байланыстарДенсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидаларын орындау

Байланыс АКТ

Мәндер байланысы

Барлық оқушылар: Бағаналық жасушаларды мамандандыру үдерісін түсіндіру үшін блок-сызбаны құрастырады.

Оқушылардың көбі:

Бағаналық жасушаларды мамандандыру үдерісін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: Ақпаратты пайдалана отырып, көп жасушалы ағзаның пайда болу кезеңдерін дұрыс сипаттайды.

Оқушылардың ақпараттармен жұмыс жасау қабілеттері бағаланады. Белгілі бір оқушылар басқа оқушылармен таныстырылым дайындау барысында олардың түсінгендігі туралы сұрақ қою мүмкіндігі болады. Жеке жұмыс. Өзін –өзі бағалау

Бағаналық жасушаларды мамандандыру үдерісіне мысал келтіруде физика және химия пәндерімен байланыстырады.

Алынған деректерді өңдеу және жұмыс істеу процесінде оқушылар креативтік және сындық келісті көрсетеді. Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады.

Бағаналық жасушаларды мамандандыру үдерісін түсіндіру үшін блок-сызбаны құрастыруда нұсқауларды мұқият сақтау жауапкершілікті көрсетеді, және белгілі дәрежеде басқалармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетеді, оқушылардың денсаулығын қалай сақтауы және маңындағылардың қауіпсіздігін қалай қамқорлыққа алуы керектігін үйретеді

Сабақ бойынша сұрақтар

Сабақтың міндеттері/Оқу міндеттері шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Төмендегі орынды сабақ бойынша сұрақтарға жауап үшін қалдырыңыз.

Сол жақ бағанда келтірілген сабақ бойынша ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Қысқаша бағалау

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу