Фотосинтездің жарық кезеңінде. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1В Қоректену

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фотосинтездің жарық кезеңінде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • Оқушылар:

фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіре алады

 Бағалау критерийі

  • Фотожүйе I (ФЖI) мен фотожүйе II (ФЖII) арасындағы айырмашылық
  • ФЖII және ФЖI арқылы жарық қалай сіңірілетінін және электрондарды қалай тасымалдайтынын түсіндіру.
  • Фотолизге үдерісіне сипаттама беріп түзілген өнімдерді анықтау.
  • Циклдік және циклдік емес фосфорлануды ажырату.
  • Жарық кезеңінде өтетін фотофосфорлану үдесіндегі химио-осмос реакциясының митохондриядағы тыныс алу кезіндегі электрондарды тасымалдау тізбегімен ұқсастығы және одан айырмашылығын талқылау.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар

Фотосинтездің Жарық фазасының процестерін түсіндіру үшін тиісті терминологияны пайдалана алады.

Пайдалы лексика және терминология:

Хлоропласт, пластид, хлорофилл, каротеноид, пигмент, эукариоттық жасуша, фотосинтез, АТФ, НАДФ, сыртқы / ішкі / қос мембрана, строма, грана, тилакоидтар, ламелла, рибосома, крахмал түйіршіктері, электрохимиялық градиент, фотохимиялық эффект, жарық фазасы

Диалог / хат үшін пайдалы сөз тіркесі:

Фотосинтез процесі екі фазада өтеді …

Фотосистема - бұл …

АТФ-синтаза-бұл фермент, ол …

Көмірқышқыл газ өсімдік жапырағының ішіне кіреді …

 Құндылықтарды дарыту   

Патриоттық сезімді дамыту. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Өзіне және бір-біріне деген құрметті, жұптық жұмыста ынтымақтастықты қалыптастыру. 

 Пәнаралықбайланыстар

Химия, физика.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, флипчарт, ғаламтор, ноутбуктер

Ұсынылатын бастапқы білім

 

Қоректену : 7-10 сыныптар

Тынысалу: 10 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

3-5мин

5-8 мин

1.(К) ұйымдастыру сәті, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

(W) Оқушыларға фотосинтездің жарық кезеңіндегі негізгі үдерістерді түсіндіре отырып, анимация көрсетіңіз.

Видео көрсетілгеннен кейін талдау жасау.

Фотосинтездің жарыққа тәуелді сатысы туралы 2 минуттық дауысты анимация:

http://highered.mcgraw-hill.com/olcweb/cgi/pluginpop.cgi?it=swf::535::535::/sites/dl/free/0072437316/120072/bio13.swf::Photosynthetic%20Electron%20Transport%20and%20ATP%20Synthesis

Сабақтың ортасы

(пайымдау)

8-15 миин

15-22мин

22-32 мин

32-38

(T) Фотосинтездің жарық сатысында  фотосинтездің алғашқы процестері жүреді:

1) күннің электромагниттік энергиясының сіңірілуі;      

2) оның электрондық қозу энергиясы  түрде пигмент құрылысында жинақталуы;

3) энергияның реакциялық орталыққа  ауысуы;

4) реакциялық орталықтағы тотығу-тотықсыздану реакциялары.  Осы үдерістер келесі сатыларды қамтиды:

а) Тилакоид мембранасының құрамына енген хлорофиллдің ортасында магний атомы орналасады. Жарық кванты (фотоны) хлорофиллге түсіп, оған өз энергиясын береді. Нәтижесінде одан (магний атомының соңғы деңгейінен) жоғары энергиялы электрон үзіліп, «кетіріледі». Хлорофилл0 + hv (квант) ® хлорофилл+ + е–.

б) Су молекуласы үнемі диссоциацияның тепе-теңдігінде болады. Н2О « Н+ + ОН–.

в) Хлорофилден үзілген электрон сутек катионы үшін арналған. Алайда, электрон тилакоидтер мембранасында орналасқан электронтасымалдаушылардың тізбегі арқылы өтіп, энергиясын төмендеткен соң ғана онымен қосылады. Бөлінген энергия АТФ молекуласының синтезіне жұмсалынады, яғни АТФ-ң макроэргиялық байланыстарында жинақталады. 

г) Сутек катионы хлорофилден  үзілген электронды қосып алып, реакцияға  түсу қабілеті өте жоғары бөлшекке – атомарлық сутекке айналады. Н+  +  е– ® Н0.

д) Көмірсу молекуласының  синтезіне тек атомарлық сутек  қажет, сондықтан ол оны тасымалдайтын  НАДФ-та (никотинамиддинуклеотидфосфат) сақталады. 2Н + НАДФ ® НАДФ . 2Н.

е) Хлорофилл молекуласына тотықсыздануы қажет болғандықтан, ол бұны гидроксильдік топтың электроны есебінен орындайды. Бұл ретте энергиясы төмендеу электрон тартып алынады: ОН– – е– ® ОН0, ал гидроксильдік топ өте белсенді бөлшекке айналады. Осындай төрт белсенді бөлшек әрекеттесіп, оттек молекуласын және екі су молекуласын береді.

4ОН ® О2 + 2Н2О.

(М) (G) (f) Оқушыларға фотосинтездің жарық кезеңіндегі үдерістерді үлгілеуді ұсыныңыз.

Жұптық жұмыс. Қосымша 1

Жұптар жұмыстарын өзара бағалау жүргізулеріне болады.

Оқушылардың: цитохромдар, фотожүйе, жарық акцепторы, протон сорғысы, протон градиенті, АТФ синтезі, фотофосфорлану және НАДФ сияқты терминдерді түсінуін қадағалаңыз.

(G) (f) Оқушыларға фотосинтездің бұл жарық кезеңінде өтетін фотофосфорлану үдесіндегі химио-осмос реакциясының митохондриядағы тыныс алу кезіндегі электрондарды тасымалдау тізбегімен ұқсастығы және одан айырмашылығын талқылауды сұраңыз.

Тапсырма 2

  • Фотосинтездің жарық фазасын және жасушалық тыныс алудың электронды тізбегін мұқият зерттеңіз.
  • Жарық кезеңінде өтетін фотофосфорлану үдесіндегі химио-осмос реакциясының митохондриядағы тыныс алу кезіндегі электрондарды тасымалдау тізбегімен ұқсастығы және одан айырмашылығын талқылаңыз

(І) (f) Оқушылардан фотосинтездің жарық кезеңіндегі үдерістер мен өтетін орындарын, реттілігін сәйкестендіруге арналған тапсырма орындауды тапсырыңыз.

Жеке жұмыс. Қосымша 2

Сабақтың соңы

(рефлексия)

39-40 мин.

Рефлексия.

Үй тапсырмасы Циклдік және циклдік емес фотофосфорлануды салыстыру

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Барлық оқушылар білетінболады: фотосинтездің жарық және қараңғы фаларарының этаптарын атай алады.

Оқушылардың көпшілігі: Фотосинтез процесінің ферментерінің жұмысын түсіндіре алады

Оқушылардың кейбіреуі: фотосинтез поцесіндегі электрон тасымалдау жүйесін түсіндіре алды

Оқушыларға таратылатын материалдар, суреттер, оқу презентациясы түріндегі демеу көрсетіледі.

Оқу компонентін визуализациялау оқыту мақсаттарына жетуге бағытталады.

(1) Тақырыпты меңгеруге үндеу барысында оқушыларда оқу құзыреттіліктерінің қалыптасуының деңгейіне қалыптастырушы бақылау.

(2) Жұптық жұмыс барысында бағалау.

  • Бастапқы сабақта ҚТ бойынша инструктаж.
  • Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.
  • Сергіту сәті.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу