Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: Координация және реттелу | Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ Оқытушы: Койшыгараева А.Т. | ||||||
СЫНЫП: 11 | Қатысушылар саны: | Келмегендер: | |||||
Сабақтың тақырыбы 2 | Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі | ||||||
Оқыту мақсаттары | 11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру | ||||||
Сабақтың мақсаты | гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру | ||||||
Бағалау критерийлері | - инсулин мен эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмінің сызбаны жасай алады; - инсулин мен эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмін (ауызша және жазбаша) сипаттай алады; - инсулин мен эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
нысана-жасушалар, мембрана, мембрана-жасушаішілік, ақуыз синтезі, аденилат циклаза, стероидты гормондар, пептидті гормондар, амин қышқылы туындылары, байланыстыру орны, рецептор молекулалары, ерігіштігі, циклдік AMФ, қайталама хабарлар, гендік әсер, транскрипция факторлары, мРНҚ, ақуыз синтезі. Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар: Инсулин/эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмі келесі кезеңдерді қамтиды... Инсулин/эстрогеннің әсер ету механизмдеріндегі ұқсастық - бұл... Инсулин/эстрогеннің әсер ету механизмдеріндегі айырмашылық - бұл... Гормоналды сигналдарды тарату оқиғаларының тізбегін келесі диаграмма түрінде көрсетуге болады... Гормондардың әсер ету механизмдері келесі түрлерге бөлінеді… | ||||||
Пәнаралық байланыс | химия (ерігіштігі, гормондардың химиялық табиғаты); физика (диффузия) | ||||||
Алдыңғы білімдер: | Координация және реттелу: 7-10 сынып. | ||||||
Сабақ жоспары | |||||||
Сабақта жоспарланған кезеңдер | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Ой шақыру 0-7 мин
|
1.1. оқушыларға нысана жасушаларына гормондардың әсер ету процесіне қатысатын компоненттерді еске түсіру ұсынылады (жасушалық мембрана, мРНК, ДНК, аденилатциклаза, стероидты гормондар, пептидті гормондар, учаскені байланыстыратын амин қышқылдарының туындылары, рецепторлы молекулалар, циклдық АМФ, қайталама мессенджерлер, транскрипция факторлары, протеинкиназа) 1.2. топтарда оқушыларға гормондардың нысана клеткаларына әсер ету механизмінің кезеңдері бар карточкаларды дұрыс ретпен орналастыру және бір – бірін бағалау ұсынылады. Бағалау критерийлері:
1.3. Сұрақтар: - Стероидты гормондарды атаңыз (андрогендер, эстрогендер). - Пептидке жататын гормондарды атаңыз (глюкагон, инсулин, өсу гормоны...). – Инсулин мен эстроген нысана жасушаларына қалай әсер ететінін болжаңыз. Сабақ тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге тұжырымдау және дәптерге жазу. | Қосымша 1 (карточкалар) Оқу презентациясы 1-5 слайд | |||||
Мағынаны тану 7- 29 мин 7-12 мин 12 -21 мин 21-28 мин 28 -31 мин 31 -36 мин 36 -39 мин | 2. Нысана-жасушаларға әсері 2. 1. инсулин мысалында 2. 2. эстроген мысалында Оқушыларға ақпараттық ресурс ұсынылады: - оқушылар жұптасып, жасушағы гормондардың әсер ету механизмі туралы ақпаратты зерттейді және талқылайды (бір жұптар - инсулиннің әсері, екіншілері - эстрогеннің әсері); - топтардағы оқушылар бір-біріне түсіндіреді (бірдей ақпараты бар жұптар топтарға біріктіріледі); - топтағы оқушылар жасушадағы гормондардың әсер ету механизмінің сызбасымен менталды карта жасайды. - оқушылар менталды картаны сыныптың алдында қорғайды. - оқушылар бір-бірін бағалайды (топтық жұмыс), сұрақтар қояды. Бағалау критерийлері:
2.3. Оқушыларға жасушадағы гормондардың әсер ету механизмі туралы бейне фильм көру ұсынылады (бекіту үшін). 2.4. Жеке жазбаша жұмыс. Оқушылар Венн диаграммасын толтырады: «Эстроген мен инсулиннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмдеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар». 2.5. Өзін-өзі бағалау және кері байланыс беру, талқылау. | Қосымша 2-3 Оқу презентациясы Слайд 6 Оқу презентациясы Слайд 7 https://www.youtube.com/watch?v=QoSeNhcAbx4 Оқу презентациясы Слайд 8-10 | |||||
Рефлексия 38-40 мин | Оқушылар бағалау критерийлері бойынша сабақтың мақсатына жетуді талқылайды. Ү/ж: қайталау. | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Әр түрлі деңгейдегі сұрақтар, білім беру мақсатына жету үшін бірнеше ресурстармен қамтамасыз ету, менталды картасын құру, оны қорғау, Венн диаграммасын толтыру. | белсенді бақылау, кері байланыс, сұрақтар, оқушылардың рефлексиясы, жеке жұмыс, содан кейін өзін-өзі бағалау арқылы. | Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау | |||||
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру