Гомеостаз және гуморальді реттелу. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 11.2 А Гомеостаз және гуморальді реттелу | Мектеп: | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Гомеостаз және гуморальді реттелу | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.1.7.1 биологиядағы басқару жүйесін сипаттау | |||
Сабақ мақсаттары |
| |||
Бағалау критерийлері | -Басқару жүйесі түрлерінің (оң/теріс кері байланыс) анықтамаларын түсіндіреді; -Оң және теріс кері байланыстарға мысалдар келтіреді; -Бақылау жүйесінің адам организміндегі рөлін анықтайды; | |||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: •Басқару жүйесі түрлерінің анықтамаларын түсіндіру; •Адам ағзасына басқару жүйесін рөлін анықтау. Пәнге тән лексика және терминология: гомеостаз, ашық жүйе, жабық жүйе, оң кері байланыс, реттеу механизмдері, теріс кері байланыс, ішкі орта өзгерісі. Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: •Басқару жүйесі түрлерінің... •Адам ағзасына басқару … | |||
Мектеп құндылықтары | Әл-ауқат (денсаулық, мәдениет, бақыт). Коллаборативті мәдениет. (құрметтеу, ашықтық, жауапкершілік). Адалдық. Ашықтық. Өмір бойы үйрену. Өзіндік сана-сезім. | |||
Пәнаралық байланыс | Физика: басқару жүйесі Химия: метаболиттер, гормондар түзілуіндегі химиялық | |||
Алдыңғы білім | Жүйке жүйесінің рөлін, рефлекторлық доға ұғымы және жүйке жүйесінің қызметі (9-сынып) | |||
Жоспар | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 0-5 5-7 7-10 10-12 | 1. Ой шақыру. «Көзді жұмып отырып сурет салу» «Кері байланыс» терминін түсіну үшін оқушыларға көздерін жұмып отырып қандай да бір заттың сурет салуды ұсынылады. Оқушылар көзін ашпауы мұқият бақыланады. Бұл жағдайда парақта пайда болған бейне (бақыланатын көрсеткіш) туралы ақпарат миға (реттеуші) жетпейді. Сондықтан ол сурет салушы қолдың (эффектор) қимылындағы ақаулықтарды түзетуге мүмкіндігі болмайды. Біз неғұрлым күрделі сурет салғымыз келген сайын, нашар бола береді. Организмді тиімді бақылау үшін реттеуші үнемі өз қызметінің нәтижесі туралы ақпарат алуға тиісті. Осындай ақпараттың берілуі кері байланыс деп аталады. Суреттерді талқылау. (Неге суреттер әртүрлі салынды? Неге байланысты, сурет салған кезде не қиын болды, ішкі орта тұрақтылығын қандай жүйе реттейді және гомеостаз терминінің мағынасын ашуға сұрақтар қою) 2. Сабақ мақсаттары: - гомеостаз ұғымына анықтама беру; - адам организміндегі гомеостазға мысал келтіру; - адам организмінде гомеостаз маңызын анықтау; - Оң және теріс кері байланыстарды сипаттау. Бағалау критерийлері: 1)Гомеостазға анықтама береді; 2)Адам организміндегі гомеостатикалық механизмін (глюкоза деңгейі/температура реттелу) анықтайды; 3)Оң/теріс кері байланыстың ерекшелігі мен маңызын түсіндіреді. | Презентация | ||
Сабақтың ортасы 12-22 22-30 30-38 | 3. Мұғалімнің оқу презентациясында қамтылады: 3.1. Гомеостаз термині мен оның тарихы 3.2. Гомеостазға әсер ететін факторлар 3.3. Гомеостатикалық механизмдерге мысалдар 4. (G) Топтық жұмыс. Оқушылар топта оң және теріс кері байланыс механизмдерін салыстырады бір фактор (температура өзгеруі,глюкоза деңгейі, гормондар деңгейі т.б.) сызбасын құрады. Оқушыларға көмек ретінде қазақша, орысша ресурстар беріледі. 1 топ «Оң кері байланыс» 2 топ «Теріс кері байланыс» глюкоза 3 топ «Теріс кері байланыс» дене температурасы 4 топ «Басқару жүйесі» Топтық жұмыс критерийі:
5. Оқушылар тыңдалымы Әр топтың талқылау және қорытындылар Теріс кері байланыс арқылы бақылау көрсеткіштерінің (параметр) кез-келген өзгерісін бастапқы қалпына келтіруге ұмтылады. Мысалы, қанда глюкоза мөлшері артатын болса, онда ұйқы безінен инсулин гормоны бөліну де артады, глюкозаның қаннан жасушаға өтуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде қан құрамында глюкоза деңгейі төмендейді. Керісінше, глюкоза концентрациясы төмендегенде инсулин бөліну де баяулайды, глюкоза деңгейі қайтадан көтеріледі. Теріс кері байланыс белгілі бір деңгейде кез келген параметрлерін сақтау үшін пайдаланылады. Оң кері байланыс бақылау параметрінің бастапқы деңгейінен шамалы ауытқуын (белгілі бір шекке дейін) одан әрі арттыруға бағытталған бақылау жүйесінің іс-әрекеттері болып табылады. Нәтижесінде өзді күшейетін және өзгермелі процесс дамиды. Ағзаның кез келген күшті және жылдам өзгерістерге жету үшін қажет болған оң кері байланыс іске қосылады. Мысалы, адреналиннің бөлінуі жүйке жүйесін белсенділігін арттырады, бұл осы гормон көбірек бөлінуіне артуына әкеледі. Оң кері байланыс жабық жүйе болғандықтан, нәтижесінде қан құрамында адреналин мөлшерін күрт арттырады. | Оқу презентациясы 1)http://bilimland.kz/kk/content/lesson/12929-gomeostaz_tuzhyrymdamasy 2)http://bilimland.kz/kk/content/lesson/12929gomeostaz_tuzhyrymdamasy Д. Тейлор, Н. Грин, У. Стаут. Биология 2 бөлім,99-404 беттер | ||
Сабақтың соңы 38-40 | 6. Оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс. Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары: Не білдім? Неге үйрендім? Не түсініксіз болды? Нені жақсартуым керек? | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру