Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты өткізу кезінде мұғалімге арналған нұсқаулық

 

 Демонстрациялауға және қауіпсіздік техникасына арналған нұсқаулық

 Оқушылардың сынып ішінде қозғалуы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар.

 Уақытты үнемдеу үшін тапсырманың бағалау критерийін және сол тапсырмаларға арналған нұсқаулықтарды мультимедиалық тақтаның экранына шығарған дұрыс. Материалды игеру кезінде топтағы оқушылар санын өзгертуге болады. Оқыту ресурсы ретінде, оқушыларға қосымша оқу материалдарын ұсыныңыз.

 

 

 Әр түрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар

 1. Оқушыларға халық ертегілері мысалында трансгендік организмдер жасау мүмкіндігін талқылауды ұсыныңыз. Олардың өмір сүру және жойылу гипотезаларын ұсыныңыз.

 2. Жаңа тақырыпты бекіту үшін оқушыларға вакцинацияның оң және теріс жақтарын талқылауды ұсыныңыз.

 

 Формативтік бағалау бойынша ұсыныстар.

 1. Материалды қайталау кезеңінде, оқушылар ГМО қолданатын күнделікті қолданылатын заманауи өнімдерді атайды.

2. Тақырыпты түсіну кезеңінде оқушылар ақпараттық парақтармен танысады, негізгі ұғымдарды көрсете отырып, мәліметтерді талдайды, айтатын сөздерін дайындайды.

 3. Бекіту кезеңінде оқушылар ауыл шаруашылығы жануарлары үшін жем және вакцина өндіру мысалында ГМО пайдаланудың оң және теріс жақтарын талқылайды. Тапсырма аяқталған соң, экранға дұрыс жауаптар шығарылады (немесе оқиды).

4. Қорытынды бағалау деңгейлер (базалық, жоғары) бойынша сараланған тапсырма негізінде жүргізіледі, онда оқушылар жұмыс дәптерінде ГМО пайдаланған өнімді атап көрсетеді, ГМО-ны пайдаланудың нақты (табылған) және әлеуетті (болашақта мүмкін болатын) қауіптері деп аталады. Бағалауды мұғалім тапсырманы орындау % негізінде жүзеге асырады.Егер оқушылар тапсырмалардың 80% орындаса, онда бұл оқушылар мақсатқа жеткендігін дәлелдейді.

 

 Жауаптар, тапсырмалар критерийі, сабаққа арналған қосымша материалдар

 А. Материалды қайталау кезеңіндегі тапсырмаларды бағалау критерийі

 1. Микроорганизмдерді пайдалану салалары дұрыс анықтайды.

 2. ГМО пайдаланатын күнделікті қолданылатын заманауи өнімдер атайды.

 Пікірталас аяқталғаннан кейін оқушылар өз жұмысын өз бетінше бағалайды.

 

 В. ақпараттық парақтармен жұмыс істеу бойынша түсіну кезеңіндегі тапсырманы бағалау критерийлері.

 1. Технологиялық процестің нақты сипаттамасы жасалды.

 2. Өндірістік штамм атауы берілген.

 3. Бастапқы микроорганизмдердің патогендігі айтылады.

 

 С. бекіту кезеңінде оқушылар ауыл шаруашылығы жануарлары үшін жем өндіру және вакциналар мысалында ГМО пайдаланудың оң және теріс жақтарын талқылайды. Тапсырма аяқталған соң, экранға дұрыс жауаптар шығады.

 

 Д. қорытынды бағалау деңгей (базалық, жоғары) бойынша сараланған тапсырма негізінде жүргізіледі, онда оқушылар жұмыс дәптерінде ГМО қолданылған өнімді атап көрсетеді, ГМО-ны пайдаланудың нақты (табылған) және әлеуетті (болашақта мүмкін болатын) қауіптері деп аталады.

Пайдаланған әдебиеттерге сілтеме

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу