Т. Морганның хромосомалық теориясы. Биология, 10 сынып, презентация.


1. Талданатын белгілердің гендері бір-біріне жақын орналасады, бұл олардың арасында кроссингер жүруін мүмкін емес қылатын тіркесудің бір түрі.

2. Талданатын белгілердің гендері бір-бірінен кейбір қашықтықта орналасқан, бұл олардың арасындағы кроссингерді мүмкін ететін тіркесудің бір түрі

3. Гендері гомологиялық хромосомалардың әртүрлі жұптарында орналасқан белгілердің тұқым қуалауы.

4. Гаметалар, олардың қалыптасуы барысында кросинговер болмаған.

5. Гаметалар, олардың қалыптасуы барысында кросинговер болған.

6. Ата-аналар сияқты белгілердің үйлесімі бар гибридті дарақтар.

7. Ата-аналардан басқа белгілері бар гибридті дарақтар.

8. Кроссоверлі гаметалардың пайызына немесе рекомбинанттардың пайызына сәйкес келетін шартты бірлік.

Терминологиялық диктант

Терминологиялық диктант.

(жауаптар)

Толық тіркесу

Толық емес тіркесу

Тәуелсіз тұқымқуалау

Кроссоверлі емес гаметалар

Кроссоверлі гаметалар

 Рекомбинанты емес

Рекомбинанты

Морганида

Бағалау критериі

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл.

10 тапсырманың 8-і орындалған жағдайда оқу мақсатына қол жеткізілді.

Т. Морганның хромосомалық теориясы.

10.3 В Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары.

Тапсырма: мәтін негізінде ментальді карта құрыңдар.

(Топта жұмыс)

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңдер.

(Жұпта жұмыс)

1 сұрақ. Тіркесіп тұқымқуалау дегеніміз не?

2 сұрақ. Гендердің тіркесу топтары дегеніміз не?

3 сұрақ. Гендердің тіркесуінің бұзылуының себебі неде?     

4. сұрақ. Гомологтық хромосомалар арасында аллель гендерінің алмасуының биологиялық маңызы қандай?

5 сұрақ. Тіркесіп тұқымқуалаудың цитологиялық теориясы расталды ма?

Бір хромосомада локализацияланған гендердің ортақ тұқымқуалау құбылысы тіркесіп тұқымқуалау деп аталады.  

Т. Морган зерттеуінің нәтижесі тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын құру болды.

Қорытынды:

Қорытынды

Гендер хромасомаларда орналасқан; әртүрлі хромосомаларда гендердің сандары да әртүрлі, сонымен қатар гомологты емес хромосомалардың әрқайсысының гендер жиынтығы бірегей.

Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы орны (локус) болады.

Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді

Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны сол организмге тән хромосомалардың гаплоидты санына сәйкес келеді.

Гендердің тіркесуі кроссинговер барысында бұзылуы мүмкін; бұл рекомбинантты хромосомалардың пайда болуына алып келеді.

Кросинговердің жиілігі гендер арасындағы қашықтықтың функциясы болып табылады; гендердің арасындағы қашықтық неғұрлым көбірек болса, кроссинговердің саны артады (тікелей тәуелділік).

Әр түрге тән хромосом – кариотип жиынтығы бар.

Үй тапсырмасы:

Хромосомалық теорияның негізгі ережелерін үйрену, тақырып бойынша 3 «жіңішке" және 2 "жуан" сұрақты құрастыру.

Рефлексия.

Сабақта сіз жаңа не білдіңіз?

Есепті шығару үшін бұрынғы білімдеріңіздің (немесе сабақта) қайсысы сізге көмек көрсетті?

Есепті шығару кезінде сізге кім және қалай сабақта көмектестуі?

Бүгінгі сабақта алған білімдеріңіздің қайсысы болашақта сізге қажет болады деп ойлайсыз?

Сабақта өз әрекетіңіздің несін өзгертер едіңіз?

Болашақта осы сабақта қандай өзгерістер жасар едіңіз?

Осы сабақта сізге ең көп не ұнады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу