Диализдің артықшылықтары мен кемшіліктері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Бүйректі ауыстырып қондыру

Бүйректі ауыстырып қондыру науқастың барынша сапалы өмір сүруін қамтамасыз ететін керемет амал болып табылады. Бүйректі ауыстырып қондыру бүйректің созылмалы дертінен айықтырмайтыны жөнінде атап айту керек, бұл тек емнің бір түрі. Өмір бойы дәрі-дәрмекке мұқтаж болады. Дегенмен, көптеген науқастарға бүйректі ауыстырып қондыру тәуелсіздік пен неғұрлым толыққанды өмір сыйлайды.

Бұнда тек пайда ғана емес, қауіп те бар

Ауыстырып қондырудың артықшылықтарына қарамастан, өмір сапасының артатындығына кепіл жоқ. Сонымен қатар бүйректі ауыстырып қондыруға қатысты қауіптер де бар. Донор бүйрегін алу үшін ағзаға ауыстырып қайта қондыруға сәйкестігіне кепілдік беретін жан-жақты тексеріс жасалады. Иммундық жүйенің сипаттамаларын барынша мұқият тексеру қажет. Науқастың физикалық жағдайы жақсы болуы керек. Ауыстырып қондыруды күту кезінде тамақтану, дәрі-дәрмектерді қабылдау және жалпы өмірлік салт бойынша қатаң бағдарламаны ұстану керек.

Донорлық мүшелердің жеткіліксіздігі

Ауыстырып қондырылатын бүйректі туыс немесе туыс емес тірі донорлардан да алуға болады. Кейбір елдерде, олар адал ниетпен қайырым жасап, жәрдем еткісі келетін жасырын тірі донорлардан да алуы мүмкін. Көптеген жағдайларда, бүйрек қайтыс болғандардан алынады. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта ауыстырып қондыруға қажетті мүшелердің жеткіліксіздігі орын алып отыр. Донор бүйрегін ұзақ күту мүмкін. .

Адамның барлығы ауыстырып қондыруға жарамды бола бермейді. Ауыстырып қондыруды қиындататын немесе аса қауіпті ететін басқа да аурудың болуы мүмкін. Қол жетімді донордың бүйрегі ағзаның сипаттамаларына сай келуі керек.

Ауыр операция

Трансплантациялық хирургия дегеніміз кең көлемде жедел түрде оталық шаралар қолдану. Бұл, ауруханада 4-7 күн болу керектігін білдіреді. Ота жасалған соң бүйректің ажырауына жол бермейтін дәріні өмір бойы қабылдау қажет болады. Сонымен қатар сау адамдарға қарағанда жұқпаны жұқтыруға неғұрлым бейім болады. Бүйрек қондырылған соң алғашқы жыл бойы тексерілуге және талдау жасауға келіп тұру керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу