Митохондрийдің құрылымы мен қызметі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ : Митохондрийдің құрылымы мен қызметі. | Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Нурсеитова С.К. | |||||||||||
Сыныбы: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | митохондрия құрылысы мен жасушалық тынысалу процестерінің өзара байланысын орнату | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар орындай алады:
| |||||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: митохондрияның құрысы мен тынысалу процесстерін сипаттайды. тыңдап-түсіну дағдыларын дамыта алады және цикл кезеңдерін ауызша суреттейді Пәнге бағытталған лексика және терминология: Гликолиз, электрондар тасымалдау тізбегі, пируват/ пирожүзім қышқылы, коферменттер, A ацетил коферменті, аралық өнімдер, көміртек қосылыстары, қышқылдану, редукция, декарбоксилирлену, АТФ, қалпына келтірілген никотинамид-аденин-динуклеотид (НАДФ), қалпына келтірілген флавин-аденин-динуклеотид (ФАДH2), матрица, митохондрия Өнімдер, форма, түрлендіру, жылжыту, … тұратын, қосу, ену (кіру) Диалогтар мен жазбаша жұмыстар үшін пайдалы шаблондық фразалар: X Y-ке бөлінеді X …. қалыптастыру үшін қолданылады X және Y өндіріледі. X –тің Y-ке түрленуі кезінде, Z өндіріледі X … көшеді Y бөлініп шығарылады. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік ұлт дені сау ұлттың қалыптасуы үшін дұрыс қоректену ағзаны энергиямен байытатуының маңыздылығын түсіну Құрмет Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Ынтымақтастық берілген тапсырманы топта орындауда бірлесіп жоспарлау оқушыларда ынтымақтастық пен шыдамдылықты қамтамасыз етеді. Еңбек және шығармашылық Митохондрия моделін құрастыру кезінде жауапкершілік және еңбексүйгіштік қалпытасады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Жасушалық тыныс алудағы химиялық рекциялардың жүруі химиямен, суретепен жұмыс жасау өнер/технология пәнімен байланысты | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ сабақтың басында көмірсулардың классификациясы жайлы білім беру кезінде таныстырылым көрсетуге, оқушыларға өз беттерінше ноутбуктарда видео көрсетуде қолданылады. | |||||||||||
Алдыңғы білім | АТФ, энергетикалық алмасудың кезеңдерін біледі | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||||||
Басталуы 0-5 минут | Жасуша оттегіні не үшін қабылдайды? сұрағын талқылайды. Жұпта талқылауға уақыт бере отырып, мұғалім оқушыларды жасушалық тыныс алудың принциптерінің болатындығына бағыттайды.Митохондрия туралы не білетіндіктерін еске түсіреді Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. | Жасуша органеллалары мен митохондрийлерді қайталау http://www.nobelprize.org/educational/medicine/cell/ | ||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||||||
06-10 мин 11-21 мин 22-30 мин 31-36мин | (W) Интерактивті тақтада митохондрийдің суретін көрсетіледі. Оқушылар суретке сәйкес келетін жазуларды орналастырады. (G) Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Оқушыларға митохондриидің құрылым бөліктерінің қызметтері туралы ақпарат беріледі. Оқушылар ақпаратты талдап постер немесе шағын презентация жасайды. 1- топ: митохондрияның құрылысы 2 -топ: митохондрияның құрамы, орналасуы 3-топ: митохондрияның қызметін түсіндіреді. (W)Оқушылар митохондрияның құрылысы мен қызметтерін түсіндіретін сызба жасап, матрикстегі және кристадағы үдерістерді сипаттайды. Мұғалім оқушыларға сипаттамалар беруде, сұрақтарға жауап беруін сұрай отырып, көмектеседі (I) (f) Тапсырма: Митохондрийдің суретін салып немесе мұғалім таратқан суретті және жетістік критерийлерін пайдаланып, оның құрылымын және тыныс алу фазалары бөліктеріне сәйкес жазады Уақыт қалса барлық сыныпқа: «Тыныс алу неге митохондрияда жүреді?» деген сұрақ қойып, білімін қолдана алуы тексеріледі. | http://humbio.ru/humbio/cytology/000ad4bd.htm - митохондрия туралы жалпы ақпарат Митохондрияның мылқау суреті. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы | ||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||||||
37-40 | Рефлексия «Екі жұлдыз-бір тілек» арқылы жүзеге асырылады | Таза парақтар | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Оқушыларды қолдау мақсатында салған суреттерінен белгілеген митохондоия бөліктерінің қызметін дұрыс анықтауын, тіршіліктегі митохондрия маңызын анықтағанына көңіл бөлемін Қабілеті жоғары оқушылар Тыныс алу неге митохондрияда жүреді? деген сұрақпен жұмыс жасаулары сұралады | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Формативті бағалау Ауызша сыни сұрақтар қою Митохондрия моделін жасауын бағалау Тыныс алу фазаларын еске түсіру сұрақтары Қабілеті жоғары оқушыларға: «Тыныс алу неге митохондрияда жүреді?» деген білімін қолдана алуы тексеріледі. | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Оқушылардың сынып бөлмесінде қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалау АКТ ны қолдану интерактивті тақтамен жұмыс жасауда орындалады. Оқушылар интернеттен қосымша ақпараттар іздейді. | ||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||
Қысқаша бағалау Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1:Модель жасау 2: Топта жұмыс Қандай екі мезет сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1: Сұрақтарға жауап беру барысындағы - Пікірталас 2: Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын? Анель, Камилла, Азиза өз білімдерін қолдана алды, бұд мені қуантты. | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру