Судың тіршілік үшін маңызы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Су – Жер шарында кең таралған зат (мысалы, салқында кеңейеді, 0 0С мұзға айналады, 100 0С қайнайды, көптеген қызмет атқарады және тіпті ақпарат сақтауға қабілетті). Мұхиттар, теңіздер, көлдер мен өзендер сумен толған, су буы ауаның құрамына кіреді. Су барлық тірі организмдердің жасушасының құрамына кіреді (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялар): сүтқоректілердің ағзасында судың үлесі шамамен 70% құрайды, ал қияр мен қарбызда шамамен 90%, адам каңқасында – 45 %, ал миында 90 % су болады.
Молекулалардың құрылысы мен молекуларалық байланыстар | Қасиеттері |
Су молекуласының құрылыс бұрыштәрізді болып келеді: сутек атомдары оттегі атомымен бұрыш түзеп байланысады, шамамен 1050тең. Сондықтанда су молекуласы – диполь: сутегі молекулалары орналасқан бөлк оң зарядталған, ал оттегі орналасқан бөлік – теріс. | Су – жақсы еріткіш. Ерітінділер (мысалы, ас тұзы) еріткіштің (су) бөлшектерімен байланысу арқылы түзіледі. Сұйықтықта қатты заттардың еру үрдісі келесідей жүреді: еріткіштің әсерінен қатты затты беткі жағынан біртіндеп жеке иондар немесе молекулалар ажырай бастайды да, еріткіште біркелкі таралады. |
| Су – гидролиз (судың әсерінен күрделі химиялық заттардың жаңа қасиеттерге ие қарапайым заттарға дейін ыдыруы) реакцияларында және де бірқатар ферменттердің реакцияларында реагент болып табылады: крахмал + су → глюкоза Полимер мономер |
Су молекулаларының арасындағы сутектік байланыстар | Бір қатар заттардың ерітінділері зат пен еріткіш (су) молекулаларының арасындағы сутектік байланыс арқылы түзіледі |
Сутектік байланыстар өте көп, сондықтан оларды ажырату үшін көп энергия қажет.
| Су жақсы жылуөткізгіштік және үлкен жылусыйымдылық қасиетке ие. Су баяу жылиды және салқындайды. |
Сутектік байланыстар әлсіз. | Су молекулалары бір-біріне қатысты қозғалмалы болып келеді. |
Молекулааралық тіркес күші молекулалар арасында кеңістіктіқұрайды. | Су іс-жүзінде сығылмайды. |
Су молекулалары мен басқа да заттар арасында сутектік байланыстар түзіледі. | Су беткі керілу күшіне ие. |
Су 0 0С температурада мұзға айналады, мұздағанда көптеген сутектік байланыстар түзіледі де, молекулалардың арасында кеңістік пайда болады. Мұздың құрылысы: су молекулаларының арасындағы кеңістік | Судың максималды тығыздығы 4 С° температурада 1 г/см3 тең, ал мұздың тығыздығы төмен болып келеді, сондықтанда мұз судың беткі жағында қалқиды. |
Тірі организмдердегі қызметі | |
Су диффузияны қамтамасыз етеді- жасушаға заттардың баяу (пассивті) тасымалдануы және одан концентрациясы төмен жаққа қарай жылжуы (осмос) және пиноцитоз, сонымен қатар жасушадан заттардың сыртқа тасымалдануы. Заттар ерітіндіге түскенде, олардың молекулалары немесе иондары еркін қозғалады, сәйкесінше заттың реакциялық қабілеті артады. Заттың ыдырауы нәтижесінде пайда болған иондар химиялық реакцияға жылдам түседі, сондықтан су – ағзадағы барлық биохимиялық үрдістердің негізгі ортасы болып табылады (зат алмасу реакциялары). | |
| |
Гидрофильді заттар жасушаның ішіне енеді. Гидрофобты заттар (ақуыздар, липидтер) сумен беткі аудан құрайды, онда көптеген химиялық реакциялар жүреді. Жасуша мембранасы гидрофобтық заттардан тұрады, ол жасушаның тұтастығын сақтайды, бірақ заттарды жасушаның ішіне таңдамалы түрде өткізеді.Су газдарды ерітіп, су организмдерінің тыныс алуына және фотосинтездің жүруіне мүмкіндік жасайды. Организмдер қалдықтарының ыдырауы барысында түзілген күкірттісутек суқоймаларда тіршіліктің жойылуына алып келеді. | |
Су – жылуреттегіш. 1) Су - бүкіл организмге жылудың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Қоршаған орта температурасы өзгерген жағдайда жасушаның ішіндегі температура өзгеріссіз қалады немесе қоршаған ортаға қарағанда шамалы ғана ауытқиды, сондықтанда су жасуша құрылымының сақталуын қамтамасыз етеді (жасуша белсенділігі қаааншалықта жоғарыболса,оның ішіндегі судың мөлшері соншалықта жоғары болады). 2) Организмнің салқындауы судың қатысуымен жүреді (терлеу, өсімдіктердің суды буландыруы (транспирация).3) Су – көптеген тірі организмдер үшін қолайлы тіршілік ортасы (мысалы, топырақтағы сумен толған қуыстар).4) Су бассейндері біздің Жер шарымыздың температурасын реттейді. Үлкен жылусыйымдылық мұхиттардың климаттық қызметін анықтайды. Сондықтанда теңіз климаты құрлық температурасына қарағанда жұмсақтау, ауа райы температураның аз ауытқуына ұшыраған. | |
Буындардағы, плевральды қуыстардағы және жүрекмаңы қалтасындағы «майлағыш зат». | |
| |
Қан тамырларындағы ағыс, топырақта заттардың қозғалуы, өсімдіктерде ерітінділердің қозғалуы (жапырақтардан тамырға, тамырдан сабақ пен жапыраққа).судың беткі керлуі аралыққабық құрайды – кейбір жануарлардың тіршілік ортасы болып табылады (мысалы, масалардың дернәсілдері). | |
Мұз суды салқындаудан қорғайды, сондықтанда суда тіршілік ететін организмдер қыста белсенділігін сақтап қалады. | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру