«Түр» ұғымының анықтамасы. Түрдің құрылымы. Түр критерийлері. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Тұқымқуалаушылқ пен өзгергіштік заңдылықтары | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | «Түр» ұғымының анықтамасы. Түрдің құрылымы. Түр критерийлері | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.5.5 түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттау | ||||||||||
Сабақ түрі | Жаңа материялмен танысу | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: - түр туралы алдыңғы білімдерін пайдалану; - түр критерийлерді анықтау; Көпшілік оқушылар:
Кейбір оқушылар:
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология түрлер, жаңғырту, ұрықты, ұрпақ, жыныссыз, гибрид, генетикалық, морфологиялық, экологиялық, географиялық, этологиялық, ұрықсыз, шағылысуға қабілеттілік, мекен ету ареалы, жыныс құрамы, жас құрамы, түрдің жыныстық және кеңістіктің құрылымы Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері топтамасы Сипаттамалары ұқсас ағзалар … болып табылады. … ағзалар ұрықты ұрпақ береді. Бір түрге жататын дарақтардың ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы ... деп аталады. Түр критерийлерінің ең маңыздысы ... болып табылады. Бір түрге жататын дарақтар ұқсас мекен ету орталарында тіршілік етеді. Берілген критерий ... деп аталады. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Мәңгілік ел» бесінші қадамы, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.Патриоттық сезімді дамыту. Өзіне және бір-біріне деген құрметті, топтық жұмыста ынтымақтастықты қалыптастыру. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих- Жердің пайда болуы. География – Биосфера. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Білімнің қайталануы мен жинақталуы үшін Интернет-ресурстарды пайдалану, РР құру, брошюралар. | ||||||||||
Бастапқы білім | Ағзадағы гендердің рөлі – 7 сынып. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы – 8 сынып. Әртүрлі ағзалардың бейімделушіліктері мен тірі қалу стратегиялары – 8 сынып. Селекция – 8 сынып, | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 1-2мин. 2-10мин. | (Ұ) Миға шабуыл. І. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу. ІІ. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау (І) Мұғалім оқушыларға бейне-cуреттер көрсетіп олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын талқылайды. Сұрақтар қойылып жаңа тақырыппен байланыс жүргізеді. Сабақтың мақсатын айқындау және тақтада жазу. | Презентация MS PowerPoint | |||||||||
Сабақтың ортасы 11-15 минут 16-25 минут 26-30 минут 31-37 минут | (М) «Түр» және «популяция» анықтамалары беріледі. (Т, Қ) Оқушыларға «Автобус аялдамасы» тапсырмасын орындауды ұсынылады. Бұл үшін түр критерийлерін топтар арасында бөлінеді: •Генетикалық •Морфологиялық •Физиологиялық •Биохимиялық •Экологиялық •Географиялық Әр топ түр критерийлерін қосымша ресурстар (қосымша материал мен бейне-роликке сілтеме) көмегімен қарастырып, постер дайындалады. Оқушылар қозғала отырып, командалардың мүшелеріне өз тапсырмаларын айтады. Қорытындысында жұмыс бойынша жалпы қорытынды жасайды. Постерді бағалау критерийлері: •түр құрылымын қысқаша сипаттайды; •түр критерийін қысқаша сипаттайды; •мысал келтіреді. КБ: мұғалім әр оқушыға көмек көрсетеді. (Ж, Қ) Оқушыларға алынған білімдердің негізінде «Түр құрылымы мен критерийі» кластерін құрады. КБ: мұғалім оқушылардың жұмыстарын бағалайды. | Презентация MS PowerPoint қосымша-материал «Түр критерийі» оқу фильмі | |||||||||
Сабақтың соңы 38-40мин. | Рефлексия ББҰ кестесі
Үйге: терминологиялық сөздерді қайталау | Презентация MS Power Point | |||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Әлсіз оқушылар үшін мұғалім төменгі дәрежелі сұрақтарды пайдаланады. Күшті оқушылар үшін жоғарғы дәрежелі проблемалық сұрақтар қолданылады. | Бағалау сабақтың басында (білімді өзектендіру кезінде), ортасында (жазбаша ҚБ орындау кезінде) жүзеге асырылады. | Сабақ кезінде оқушылардың партада дұрыс отыруын (сымбатын) бақылау. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру