Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

 Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орынды алатын жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер.

Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, таулардың, жартастардың бетінен көреміз. Мүкті ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тіпті терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады.

Көкек мүгі (жасыл мүк) жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жынысты көбею кезінде,  аталық өсімдіктің ең ұшында аталық жыныс жасушалары болады. Аналық өсімдіктің ең ұшында аналық жыныс жасушалары жетіледі. Осы жыныс жасушалардың суда қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан қауашақ (спорангий) жетіледі. Қауашақтың ішінде споралар дамиды. Спора – екі қабықшадан тұратын жасуша. Жыныссыз көбеюі осы споралардан басталады. Пісіп жетілген споралар қауашақтан жерге шашылады. Қолайлы жағдайда споралар өсіп, тармақталған жіп тәрізді жасыл балдырларға ұқса сөскінше пайда болады. Осы өскіншелердің бүршікшелерінің біреулерінен – аналық өсімдіктер, ал екіншілерінен аталық өсімдіктер жетіледі.

 Қырықжапырақтәріздестер - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы.

 Қырықжапырақтар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.  Өсімді көбеюі тамырсабақтары және өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Өнім бүршіктері қырықжапырақтардың барлығында бірдей бола бермейді. Мұндай бүршіктер жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кішкентай қырықжапыраққа бекиді де нағыз қырықжапыраққа айналады.

Жыныссыз көбею жаз кезінде усасырқырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзіледі. Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегеніміз спорангийлердің жиынтығы. «Спорангий» - споралар дамып жетілетін орын - қалта. Сорустың үстін жауып тұратын жарғақша жамылғысы болады. Спорангийлері жапырақтың астыңғы бетінде ұзын аяқшалары арқылын егізгі жүйкеге бекініп тұрады. Пісіп жетілген споралар спорангийдің қабықшаларының жыртылуы нәтижесінде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өніп, өскіншелер береді. Усасыр қырықжапырақ – тең споралы өсімдік.

Жыныстық көбеюі осы өскіншеде жүзеге асады. Өскінше (пісіп жетілген гаметофит) жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 миллиметрдей. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекиді. Өскіншенің астыңғы бетінде аталық және аналық жыныс мүшелері жетіледі. Аталық жыныс мүшесінен – аталық жыныс жасушалары антеридий, ал аналық жыныс мүшесінен аналық жыныс жасушасы (жұмыртқа жасушасы)архегоний пайда болады. Екі әр түрлі жыныстық жасушалардың қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдік тамырының, сабағының, жапырағының бастамасы болады. Ұрық алғашқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. Кейін ұрықтан тамыр және жапырақ жетіледі.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады. Өсімдіктердің тірі үлгілері қолданылған кезде кейбір оқушыларда өсімдіктерге аллергияның болатынын ескерген жөн.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабақта мүктәріздестер мен қырықжапырақтәріздестердің тірі үлгілері, суреттері, плакаттар мен жинақтарды көрнекілік ретінде пайдалануға болады. Әсіресе қырықжапырақтәрізділердің сорусындағы спорофиллдерді көрсетіп, онда споралар дамитын спорангийлердің дамитынын түсіндіру маңызды.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылрдың споралы өсімдіктердің тіршілік циклінде жыныссыз-спорофит және жынысты -гаметофит ұрпақтарының болатынын білулері маңызды. Осы екі ұрпақтың даму кезеңдерінің ұзақтығын салыстыра білулеріне назар аударылады. Оқушылардың мүктер мен қырықжапырақтың ұрпақтарын атап, олардың даму ретін түсіндіре алуларына басты назар аударған жөн.

  • Саралау тапсырмалары

Сілтемелер бойынша ұсынылды.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/muktarizdiler

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/qyryqqulaqtar

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Мүк:

  • Сызбада өркен, зигота қоршауға алынады.
  • Жынысты ұрпақтарын атап жазыңыз: спора, аталық, аналық, сперматозоид, жұмыртқа жасушасы
  • Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасы.
  • Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасында n зиготада 2n
  • Спорофиттің бірінші жасушасы зигота, ол диплоидты.
  • Гаметофиттың бастапқы жасушасы спора

Қырықжапырақ:

  • Сызбада қырықжапырақтардың жынысты ұрпақтары ересек өскін.
  • Жыныссыз ұрпақтары: ересек өсімдік, жас өскін.
  • Мейоз жүретін ұрпақтары: өскінше, спора, жұмыртқа жасушасы мен сперамтозоид
  • Спора, жұмыртқа жасушасы мен сперамтозоид n, зигота, өскін, ересек өсімдік 2n
  • Мүктер, қырықбуын, қырықжапырақ тәрізді өсімдіктерде екі түрлі ұрпақтың болу себебін түсіндіріңіз.

Ұрпақтардың әртүрлі формасының алмасуы өсімдік тіршілігін ұзақ уақыт бойы сақтап қалу арқылы тірі қалуға деген бейімделушілік. Спора түзілген кезде гендер алмасуы жүретіндіктен гаметофит ұрпақтарында жаңа белгілер дамиды. Сондықтан келесі ұрпақтар алдыңғыларына қарағанда жақсырақ бейімделген болып келеді.

Критерийлер:

Споралы өсімдіктердің жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін сипаттау

Дескрипторлар:

  • Мүктердің ұрпақтарын сызбада атап жазады
  • Қырықжапырақтардың ұрпақтарын сызбада атап жазады.
  • Споралы өсімдіктердің ұрпақтарын спорофит және гаметофит деп екі топқа жіктейді.
  • Сілтемелер мен ресурстар

Қарапайым бауырмүктің (Marchantia polymorpha) тіршілік айналымы

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/muktarizdiler

Қырықжапырақтарға сипаттамалар

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/qyryqqulaqtar



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу