Сүйектің байланысу түрлері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
- қосымша
Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар (борозда), төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қанқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді
Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан. Ми сауытының сүйектері қозғалмайтын сүйек талшықтарымен тігісіп байланысуының себебі ішінде орналасқан миды зақымданулар мен соққыдан, қозғалыстан қорғау болып табылады.
Жартылай қозғалмалы – шеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен байланысқан.
Шеміршектер екі сүйектің басының қажалуын болдырмайды, олардың кеңістікте аз мөлшерде қозғалуына жағдай жасайды. Мысалы, омыртқалар төс сүйегімен жартылай қозғалмалы байланыспен байланысса, жауырын сүйегімен қозғалмалы буын арқылы байланысады.
Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.
Буындар мүшенің емін еркін қозғалуын қамтамасыз етеді.
Сүйектердің байланысуы дененің қозғалысын қамтамасыз етумен қатар ішкі мүшелерді сыртқы әсерден қорғау, олардың орналасуына жағдай жасау болып табылады.
2-қосымша
Қозғалмайтын | Жартылай қозғалмалы | Қозғалмалы |
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
|
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру