Дәрумендер. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дәрумендер. (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау

8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау

 Сабақтың мақсаты

  • Дәрумендерге сипаттама беру;
  • Дәрумендердің мөлшеріне байланысты түрлерін атау.

Бағалау критерийлері

  • Дәрумендердің маңыздылығын сипаттайды
  • Құрамында дәрумендердің қажетті мөлшері бар азық-түліктердің тізімін жасайды
  • Ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды сипаттайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Дәрумендердің маңыздылығын сипаттайды

Дәрумендердің жоғары құрамы бар тамақ өнімдерінің тізімін құрып жазады.

Таныстырылымда дәрумендердің жетіспеушілігінен туындаған аурулардың белгілері мен алдын алу жолдарын тиісті терминологияны қолдана отырып, ауызша жазбаша сипаттайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Дәрумендер, А, В, К, Е, С, D дәрумендері, авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, ақшам соқыр, бери-бери, цинга, рахит, пеллагра.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

С дәрумені жетіспегенде ...ауруы туындайды.

Рахит ауруы... дәруменінің жетіспеуіне байланысты.

В дәрумені жетіспегенде ...ауруы туындайды.

Авитаминоз ...байланысты.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Алдыңғы білім

Оқушылар қоректену тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі болып табылатынын біледі (6 сынып).

Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс, қорытылу үдерісі, ассимиляция, сіңірілу (8 сынып).

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға сатылымдағы дәрумендердің қасиеттерін анықтау тапсырмасы ұсынылады. Оларға капсуладағы А, Е дәрумендері мен C, В тобының дәрумендері ұсынылады. Оқушылар олардың осындай екі түрлі формада өндірілуінің себебін түсіндіреді. Содан кейін оларды суға салып көреді. Бұл жұмыстан оқушылар дәрумендер суда еритін және ерімейтін болып екі топқа жіктелетінін біледі. Осы қасиеттеріне байланысты олардың өндірілуі де екі түрлі формада болатынын түсінеді.

Майда еритіндер: А, D, Е, К дәрумендері жатады.

Суда еритін дәрумендер: С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады.

Осы қорытындыдан сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

Дәрумендер туралы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/vitamin-deficiencies

1 -3 слайд

Сабақтың ортасы

4-19 мин

Оқушылар «Экономикалық тиімділік» ойынын ойнайды. Ойынның мақсаты: тағам өнімін жарнамалау. Оқушылар жарнамалау барысында: тағамның құрамы, оның бағалық категориясы, адам ағзасы үшін маңыздылығы сияқты аспектілерін ойластыру қажет. Әсіресе тағам өнімін құрамындағы дәруменнің мөлшеріне, ағза үшін маңызы, ағзада жетіспеушілігінен туындайтын аурулардың алдыну алудағы рөліне байланысты ақпараттар ұсынылады. Жарнаманы әзірлеу үшін оқушыларға дәрумен түрлері, ағзадағы маңызы, жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу үшін қажетті тағам өнімдері мысалдары туралы ресурс көздерін ұсынады. Сонымен қатар оқушыларға кез келген тиімді ақпаратты қосуына болады.

Мұғалім оқушыға жарнама даярлау барысында бағыт береді және қолдау көрсетеді.

Жарнамаға қойылатын критерийлер:

  • Жарнаманың сапасы сурет бойынша көрсетілімі құрамы, бағалық категориясы бойынша 3 аспектіден кем болмау керек;
  • Тағам өнімінің этикеткалары қолданылады.
  • Дәруменнің барлық түрлері (А, В, К, Е, С, D) қамтылған.

Жарнаманың мазмұны:

1.Аурудың туындау себептері (ағзада қандай процесстер бұзылатынын)

2. Аурудың белгілері (кем дегенде 2)

3. Дәруменнің адам ағзасындағы маңызы

4. Тәуліктік мөлшері, ерігіштігі

5. Мөлшері көп азық-түліктердің тізімі (кем дегенде 3)

6. Авитоминоздың алдын алу жолдарын қамтиды.

Жарнамаларда комикстер, рөлдік қойылымдар, мақалалар, өлеңдер т.б болуы мүмкін.

Ресрус ретінде оқушыларға ақпараттық парақшалар, видеоматериалдар, ммүкін болса қосымша интернет көздері ұсынылады.

1, 2 - қосымша

4-9 слайдтар

3- қосымша

10 слайд

20-38мин

Жарнамаларды көрсету. Сыныптың қалған оқушылары сатып алушылар ретінде өздерінің сатып алатын өнімдеріне стикерлер беріп отыру арқылы өзара бағалау жүзеге асырылады.

Стикерлер

Сабақтың соңы

39-40 мин

Кері байланыс:

«Табысқа жету баспалдағы»

Оқушылар бүгінгі тақырыпты қалай түсінгенін табысқа жету баспалдағы бойынша белгілейді.

1-ші: Мен бүгінгі сабақта .... туралы түсінбедім, көңіл күйім нашар болды

2-ші: Мен бүгінгі сабақта ....туралы жартылай ғана түсіндім, көңіл күйім орташа болды

3-ші: Мен бүгінгі сабақта ...туралы жақсы түсіндім, көңіл күйім көтеріңкі болды

11 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Жарнамаларда комикстер, рөлдік қойылымдар, мақалалар, өлеңдер сияқты түрінде болуы арқылы саралау жүзеге асырылады. Оқушылар өздерінің қабілеттері мен дағдыларына сай жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Жеке жұмысты бағалау – мұғалімнің тарапынан кері байланыстар арқылы жүзеге асырылады

Өзара бағалау-оқушылардың стикерлер арқылы жарнамаларды бағалауы кезінде жүзеге асырылады

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Топтық жұмыс кезінде оқушылар белсенді қозғалады.

Жарнамаларды жасау, таныстырылым кезінде оқушылар белсенді қозғалыста болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу