Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4А бөлім: Дифференциалдық теңдеулер | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі», | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабдисалиева Г.К. | |||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы: | Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер | |||||
Cабақ түрі | Білімді бекіту сабағы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.3.1 - физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| |||||
Бағалау критерийі | Білу және түсіну: физикалық мазмұнды есептер шығару алгоритмін біледі; Қолдану және анализ : - берілген құбылысқа қатысты шамаларды анықтайды - шамаларды байланыстыратын физикалық заңдарды ажыратады, - есеп мазмұнына сәйкес дифференциалдық теңдеулер құрады және шешеді. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар жұптық жұмыста: - қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады, бір-бірі үшін жауапкершілік сезімдері дамиды; -жұмысты талдау барысында балама көзқарастарды қабылдай білуге үйренеді; -талдау, талқылау,ой қорыту дағдысы қалыптасады. | |||||
Пән аралық байланыс | физика | |||||
Бастапқы білім | Дәрежелік, тригонометриялық, көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың алғашқы функцияларын білу; дифференциалдау және интегралдау дағдылары; алгебралық теңдеулердің қасиеттерін білу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 мин | 1. Ұйымдастыру Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру Мақсаты: оқушыларды сабаққа әзірлеу, қолайлы орта қалыптастыру. | |||||
Сабақтың ортасы 10 мин 5 мин 5 мин 15 мин | 2. Жаңа материалды меңгерту Мақсаты: жаңа білім меңгеру; 2.1 Ж :Қоспаға және сұйықтың ағып кетуіне берілген есептерді талдау; Оқушылар тапсырмаларды алдымен жеке талдайды, содан соң жұптасып бір біріне түсіндіреді. 2.2 Ұ:Радиоактивтік ыдырау ұғымын енгізу; Радиоактивтік ыдырау ұғымы туралы бейне-материалды қарау және талдау. 2.3 Ж: Радиоактивтік ыдырауға берілген есептерді талдау Оқушылар жұптасып радиоактивтік ыдырауға байланысты есепті шығарады. 3. Ж:Есептер шығару; Мақсаты: жаңа білімді бекіту; 1.Ыдыстағы 60 л ерітінді құрамында 10 кг тұз бар. Ыдысқа 4л/мин жылдамдықпен су құйылған кезде, ерітінді 2 л/мин жылдамдықпен ағып кетеді. 30 минуттан кейін ыдыста қанша тұз қалады? 2.Биіктігі 2 м және табан радиусы 1 м болатын цилиндр тәрізді ыдыстың түбінде радиусы 0,1 м дөңгелек тесік бар. Ыдысты толтыра құйылған су қанша уақытта ағып кетеді? 3.Егер 3 сағатта радиоактивті заттың 0,2 бөлігі ыдырайтын болса, осы радиоактивті заттың жартылай ыдырау периодын табыңыз. Бағалау: үлгі бойынша жұп өзін бағалайды; | Қосымша 1 https://twig-bilim.kz/ru/film/radioactive-half-life Қосымша 1 | ||||
Сабақтың соңы (3 мин) | 4. Рефлексия. «Екі жұлдыз және бір тілек» Оқушыларға өз жұбындағы «көршісінің» қандай жұмысы ұнағанын және оған қандай ұсынысы (тілегі) бар екенін атап кету ұсынылады. 5. Үй тапсырмасы: Шыныбеков Алгебра 11 кл №8.27, №8.33, №8.34 | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушының материалды өздігінен игеруі және құрбысына түсіндіруі оның материалды жақсырақ игеруіне және өзінің оқуы үшін жауапкершілігін сезінуіне мүмкіндік береді. | Бейнематериалды қарағаннан кейін материалды қаншалықты түсінгендіктерін білу үшін оқушылармен талқылау жүргізіледі. Оқушылар сабақ бойында мұғалімнен және құрбыларынан өз жұмыстарының сапасы туралы пікір алып отырады. Сабақ соңында оқушылар өздерінің не түсінгендіктерін және қай бағытта жұмыстанатындықтары туралы рефлексия жасауға мүмкінік алады. | Сабақ желдетілген сынып бөлмесінде өткізіледі. Мұғалім оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалайды. | ||||
Сабақбойынша рефлексия Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру