Логарифмдік теңдеулер жүйесі. (Бекіту сабағы). Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

11.3С Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер және теңсіздіктер.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Логарифмдік теңдеулер жүйесі (бекіту сабағы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 11.2.2.9 - логарифмдік теңдеулер жүйесін шешу;

Сабақ мақсаттары

Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешеді.

Бағалау критерийлері

  • Логарифмдік функциясының қасиеттерін біледі;
  • Логарифмдік функция қасиеттерін теңдеулерді шешу барысында қолданады;

- Логарифмдік теңдеулер жүйесін алмастыру әдісімен шығарады;

- Логарифмдік теңдеулер жүйесін қосу әдісімен шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Логарифмдік функцияның қасиеттерін айтады;
  • Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешу әдістерін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • негізі;
  • теңдеулер жүйесінің түбірі;
  • мүмкін мәндер жиыны;
  • өспелі функция;
  • кемімелі функция;

Диалог үшін пайдаланылатын сөздер мен тіркестер:

  • теңдеулер жүйесін шешу әдісі ......
  • егер … теңдеуді қанағаттандырмайды, онда …

Құндылықтар

Құрметтеу, топта жұмыс істей білу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, жауапкершілікті дамыту, шығармашылық қабілеттілікті дамыту

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/nachala-analiza/pokazatelnaya-i-logarifmicheskaya-funkczii/lesson/metody-resheniya-sistem-pokazatelnyx-i-logarifmicheskix-uravnenii

Бастапқы білім

Логарифмдік функциясының қасиеттерін білу, логарифмдік теңдеулерді шешу.

Сабақ кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

6-16мин

Сәлемдесу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

«Комплимент» әдісі арқылы сыныпқа жағымды психологиялық ахуал тудыру.

Мұғалім кез келген оқушыға комплимент айтудан бастайды, қалған оқушылар бір-біріне айтады.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар бір- бірімен дәптерлерімен алмасады. Дайын жауаптар арқылы бірін- бірі тексереді.

Жауабы: (16;25)

Жауабы: (4;125) (125;4)

  • Үй тапсырмасын орындау барысында қандай қиындықтар болды?
  • Бірінші теңдеулер жүйесін қандай тәсілмен шығардыңыздар?
  • Екінші теңдеулер жүйесін қандай тәсілмен шығардыңыздар?

«Сағат бойынша достар» әдісі арқылы мұғалім жұптық жұмыс ұйымдастырады.

Әр оқушы сағат суреті бейнеленген парақ қағазды алады.

- Әр оқушы өз сыныптастарының бірімен 12.00, 15.00, 18.00 уақыттарының бірінде кездесетіндіктерін белгілейді.

Кездесетін оқушының аты белгіленген уақыттың тұсына жазылады. Әр оқушыда 3 кездесу, 3 түрлі оқушымен белгіленген.

Мұғалім кездесу уақытын 12.00 белгілейді, ал құрылған жұптар тапсырмаларды алады. Белгілі бір уақытта талқылайды, шешімін табады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін дескрипторлар арқылы тексереді.

Мұғалім келесі кездесу уақытын белгілейді және жаңа жұптар тапсырмаларды алады, орындайды, шешімін табады, т.с.с.

12.00.

Теңдеулер жүйесін шешіңіз:

15.00.

Теңдеулер жүйесін шешіңіз:

18.00.

Теңдеулер жүйесін шешіңіз:

Бағалау: дайын жауаптар арқылы дескрипторларға сәйкесінше тексереді

Дескрипторлар:

  • Шешу тәсілін дұрыс таңдаған;
  • Түрлендіруді орындауда логарифм қасиетін дұрыс қолданған;
  • Логарифмдік теңдеулер жүйесін дұрыс шығарған.

қосымша 1

Сабақтын ортасы

17-22 мин

16-25мин

26-38 мин

Сабақтың тақырыбына шығу мен сабақ мақсатына жету үшін оқушыларға келесі тапсырманы ұсынамыз:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау оқушылардың келесі сұрақтарға жауаптарына негізделеді:

  • Теңдеулер жүйесінің ерекшелігі неде?
  • Негізінде айнымалы болатын теңдеулер жүйесін қандай тәсілмен шығарамыз?

Оқушылар дәптерге сабақ тақырыбын жазады, сабақ мақсатын айтады

Оқушылар өздігімен bilimland.kz ресурсы арқылы негізінде айнымалы болатын теңдеулер жүйесін шешу тәсілімен танысады.

Теңдеулер жүйесін шешуін қарастырайық

Бекіту кезеңінде саралап оқыту «Жасырын саралау» тәсілін қолданамыз. Оқушылар ұсынылған 9 тапсырмадан үш тапсырма таңдап шығарады. Таңдау шарты диагональ бойымен (жоғары деңгей) немесе тігінен (оңай деңгей) немесе горизанталь бойымен (орта деңгей)

Дескрипторлар:

  • Шешу тәсілін дұрыс таңдаған;
  • Түрлендіруді орындауда логарифм қасиетін дұрыс қолданған;
  • Логарифмдік теңдеулер жүйесін дұрыс шығарған.

https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/nachala-analiza/pokazatelnaya-i-logarifmicheskaya-funkczii/lesson/metody-resheniya-sistem-pokazatelnyx-i-logarifmicheskix-uravnenii

Шыныбеков А.Н.

Алгебра 11сынып

қосымша -2

Сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия

Оқушылар топта «синквейн» әдісі арқылы рефлекия жүргізеді

  • жол – негізгі идеяның ашатын бір сөз, зат есім,
  • жол- ойды ашатын екі сын есім; 
  • жол- тақырыптың әрекетін бейнелейтін үш етістік;
  • жол- синвейн тақырыбын ашатын қысқаша сөйлем;
  • жол- тақырыптың мазмұнын ашатын зат есім.

Әр топтың дайындаған рефлексиясын тыңдаймыз.

Үй тапсырмасы:

Оқушылар «Жасырын саралауда» келесі деңгейдегі тапсырмаларды үйде орындайды. Ал жоғары деңгейдегі үш тапсырманы таңдаған оқушы келесі диагональдағы тапсырманы шығарады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу