Логарифмдік теңдеулер жүйелерін шешу. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3С Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер | Мектеп:ХББ НЗМ Қарағанды қ. | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Логарифмдік теңдеулер жүйелерін шешу | ||||||||||
Оқу мақсаты | 11.2.2.7 логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер жүйелерін шешеді; 11.2.2.8 логарифмдік және көрсеткіштік теңсіздіктер жүйелерін шешеді; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Пәндік мақсат Оқушылар: көрсеткіштік, логарифмдік, рационал, иррационал теңдеулер мен теңсіздіктердің негізгі түрлерін және олардың жүйелерін шеше алады. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Логарифмдік теңдеу анықтамасы мен оны шешу әдістерін біледі; Логарифмдік теңдеу және теңсіздікті шығара алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсат Оқушылар: Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді. Пәнге тән лексика мен терминология: Логарифмдік теңдеудің ММЖ, бөгде түбір Шешу, шешім, бөгде шешім Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Егер иррационал теңсіздікті оған мәндес теңсіздіктер жүйесі мен жиынтығымен алмастырамыз | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Өздігінен ақпаратты талдай алу, жағдаяттарды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді анықтау және шешім қабылдау, топпен жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу. Жоғарыда айтылған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар бойынша іске асырылады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар иррационал теңдеудің биология, химия да қолданылуын есептер шығару арқылы зерттейтін болады. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет көздерінен ақпарат іздестіру үшін АКТқолданылады, интерактивті тақтада презентация көрсетіледі | ||||||||||
Бастапқы білім | қарапайым иррационал теңдеулерді шеше алады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі Сабақ басында: - оқушылардың зейінін шоғырландыруға - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға - оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет | Презентация, Таратпа материалдар | |||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 20 минут | ІІІ. Өткен сабақты жандандыру Логарифмдік теңдеу (теңсіздік) дегеніміз не? Логарифмдік теңдеулерді (теңсіздіктер) шешудің қандай негізгі тәсілдерін білесіз? Теңдеулер жүйесін шешудің қандай тәсілдерін білесіз? Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз не?
IV. Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешудің негізгі тәсілдерін қайталау және бекіту. - Теңдеулер жүйелерін шешудің жалпы тәсілдеріне шолу - Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешуге мысалдар келтіру, есептердің қысқаша шешу алгоритмін айтып өту. V. Жаттығу жұмыстары. Қосымшада берілген есептерді шығару үшін сынып оқушыларының деңгейлеріне байланысты жеке, жұппен немесе жаопы сыныппен орындатуға болады. № 1,3,5,7,9,11,13,15 | 5-6 слайд 8 слайд 9-11 слайд Қосымша | |||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет? Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады. Үй тапсырмасы | 13 слайд | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру