Иррационал теңдеулерді шешу әдістері. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Бөлім 11.2В Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сыныбы: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Иррационал теңдеулерді шешу әдістері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.2.2 - теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу; 11.1.2.3 - айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу; | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді ауызша түсіндіреді. Лексика және терминология: Иррационалдық өрнек, теңдеу, квадрат түрге келтіру, түрлендіру, мүмкін мәндер жиыны, радикал көрсеткіші; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - иррационалдық теңдеулер шешуде маңызды болып табылады … - теңдеудің екі жағын п-ші дәрежеге шығарамыз ...; | |||||
Құндылықтарды дарыту
| оқушының топта белсенді жұмыс жасай білу, яғни өзгені тыңдай білу және өз идеяларымен бөлісу, жауапты болу дағдысын қалыптастыру. оқушының тақырып бойынша ойын математикалық тілде еркін жеткізе білуге, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Осы сабақта қарастырылмайды. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Бастапқы білім | Иррационал сан, өрнек, теңсіздіктер шешудегі аралықтар тәсілі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 7 минут | Ұйымдастыру. Сәлесдесу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру Өткенді қайталау. Миға шабуыл Оқушыларға парақшалар таратылады Төмендегі теңдеулерді шешіңдер 1) 2) 3) 4) 5) Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талқылау. | Қосымша Презентация | ||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 10 минут | Оқу мақсаты: 11.2.2.2 - теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу; 11.1.2.3 - айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу; Бүгінгі сабақтың мақсаты қалай деп ойлайсыңдар? - оқушылармен бірігіп сабақтың мақсатын анықтайды Жаңа сабақ. Жаңа сабақ оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою, мысалдар келтіру арқылы түсіндірілді. Иррационал теңдеулердің мүмкін мәндер жиыны мен бөгде түбірлеріне аса назар аударылады. Иррационал теңдеулерді шешу әдістері қарастырылады. Оқушыларға төмендегі сұраққа жауап беруді ұсыну:
Топтық жұмыс. Проблемалық сұрақ: Теңдеуді шеш: Оқушыларға төмендегі теңдеуді шешу ұсынылады Әр топ теңдеуді шешу бойынша өз пікірлерін білдіреді. Оқушылармен бірге тақтада теңдеудің шешу жолы қарастырылады, шешімдері талданады. -2 саны неге теңдеудің түбірі болмайтындығы анықталады. Тексеру: 3=1 теңдік дұрыс емес. теңдеудің түбірі болмайды, бөгде түбір болып табылады. Тексеру: 1=1 теңдік дұрыс. теңдеудің түбірі болып табылады. Жауабы: . Теңдеудің екі жағын бірдей дәрежеге шығару әдісі бойынша оқушылармен бірге алгоритм құрылады. - егер дәреже көрсеткіші жұп болса, онда түбір астындағы өрнек теріс емес мәнді қабылдау қажет; сонымен қатар түбір де теріс емес мәнді қабылдау қажет; - егер дәреже көрсеткіші тақ болса, онда түбір астындағы өрнектің кез-келген мәнінде мағынасы болады. Сол сияқты теңдеуін шешу жолы тақтада қарастырылады. Жұптық жұмыс. Оқушыларға теңдеудің екі жағын бірдей дәрежеге шығару әдісіне және жаңа айнымалы енгізу әдісіне есептер ұсынылады. Жұпта оқушылар бір-біріне үйретіп қолдау көрсетеді. Дискриптор:
Жеке жұмыс. Тақырыпты пысықтау мақсатында жеке жұмыс орындату. Оқушыларға деңгейлі тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар оңайдан күрделіге қарай тапсырмаларды орындайды. Дискриптор:
| Презентация | ||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | Таратпа материал | ||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру