Дәрежелік функцияның қасиеттері және графигі. Алгебра, 11 сынып, презентация. 2 сабақ.


Оқушыларды топтастыру

Үзілісте парта астына топ санына сәйкес әртүрлі түсті стикерлер жабыстырып қою қажет. Оқушылардан стекерлерді алып, түстер бойынша топтасу

Қайталау

Өткен тақырыпты еске түсіру сұрақтары:

дәрежелік функция дегеніміз не?

дәрежелік функцияның қандай қасиеттерін білесіз?

натурал көрсеткішті дәрежелік функция дегеніміз не?

дәрежелік функцияның графигі туралы не білесіз?

бүтін теріс көрсеткішті дәрежелік функциясы?

Сабақтың тақырыбы: Дәрежелік функцияның қасиеттері және графигі

Сабақтың мақсаты: Дәрежелік функцияның қасиеттері мен графигін салу әдісін есептер шығаруда қолдана біледі.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

1. Натурал, бүтін теріс көрсеткішті және бөлшек көрсеткішті дәрежелік функциялардың қасиеттерін және олардың графигін сала білсе және оның қасиеттерін сипаттай алса;

2. Осы қасиеттерді есептер шығаруда қолдана білсе;

Топтық жұмыс

ЖИГСО әдісімен әр топтан бір немесе екі адамнан (кластағы оқушы санына сәйкес) жаңаша 4 топ жасақтау.

Әр жаңа топ бір есептен шығарады

Әр жаңа топтың мүшесі өз тобына қайта оралып, өз есебін түсіндіреді

Топтар шығарған есебін АЗ форматындағы қағазға жазып, тақтаға іліп, қорғайды

Келесі топ дескрипторлар көмегімен және дайын жауаппен бағалайды.

ТАПСЫРМАЛАР

Дескриптор:

функцияның мәндерінің жиынын табады

функцияның кему аралықтарын табады;

таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды

функцияның графигін салады.

Жұптық жұмыс

Оқушылар топта қасында отырған оқушымен жұптасып, берілген тапсырманы орындайды. Келесі жұп дәптерлерін ауыстырып, дескрипторлардың көмегімен бағалайды.

Дескриптор:

-функцияның анықталу облысын табады

функцияның өсу аралықтарын табады;

таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды.

Өзіндік жұмыс

Оқушы тапсырманы жеке орындап, дайын жауаппен өзін-өзі бағалайды.

Дескриптор:

- функцияның анықталу облысын табады

-функцияның нөлдерін табады;

- таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды.

Рефлексия:

не үйрендім?

нені жетілдіруім керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу