Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2А бөлім: Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция. | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. | |||||||||||
Сабақтың түрі | Бекіту сабағы. | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.2.1.4 - алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану арқылы алгебралық өрнектерді түрлендіре алады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | 1) рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдана алады; 2) ықшамдалған нәтижені таба алады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: кубтық түбір, үшінші дәрежелі түбір, n-ші дәрежелі түбір, санның тақ дәрежелі түбірі, санның жұп дәрежелі түбірі, n-ші дәрежелі түбірден шығару, рационал көрсеткішті дәреже, рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -... саны ... санының ... түбірі болады, себебі ...; -... саны ... санының ... дәрежелі арифметикалық түбірі болады, себебі ...; -... санның ... дәрежелі арифметикалық түбірі болмайды, себебі ...; арифметикалық түбірдің қасиеттері бойынша ... өрнектің ... үшін мағынасы бар. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика тарихы. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құрастыруда презентация қолданылады. | |||||||||||
Бастапқы білім | Дәреже, иррационал сан және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, дифференциалдау ережелерін қолдану. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану, квадраттық теңдеу және теңсіздіктерді шешу, у = х2, у = х3, функцияларының графиктерін салу және оның қасиеттерін анықтау. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы Ұ және М 2 минут Ө 5 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аударылады. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріледі. 2. Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында жеке тапсырма алынады, тез тексеріліп, оқушыларға кері байланыс беріледі.
3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқыланады. | 1-3 слайдтар | ||||||||||
Сабақтың ортасы Ұ 20 минут Ө 10 минут | Сабақта сыни ойлаудың күрделендіру қағидасы басымдық табады. Есептер деңгейге бөлініп ұсынылады. Қолдану. 1. «Борды бер» әдісі бойынша оқушыларға есептер ұсынылады. Ұсынылған есепке сыныппен бірлесіп дескриптор құрылады. Мұғалім жеке жұмыста кері байланыс ұсынған оқушыны таңдап, тақтаға шығарады. Ол оқушы өз есебін шығарып, борды өзі таңдаған оқушыға ұсынады. Борды алған оқушы тақтадағы есепті дескриптор бойынша тексеріп, келесі оқушыға борды ұсынады. Процесс осылай жалғасын табады. Бағалау: бір-бірін бағалау орын алады. Дескриптор
2. Оқушылар жеке тапсырманы орындайды. Есептеу жұмысын орындайды. Бағалау: критерийлер бойынша мұғалім өзі тексереді. Дескриптор
| № 1 Дидактика-лық материал № 2 Дидактика-лық материал | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | 1. Тақырыпты қорытындылау кезеңінде сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында INSERT техникасын қолданамын.
2. Бағалау. Жеке жұмыс бағалау критерийлері негізінде мұғалім тарапынан бағаланады. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма. Ықшамдаңыз:
| № 3 Дидактика-лық материал А. Әбілқасымова, Алгебра және анализ бастамалары 11, Мектеп, 2011 | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Талқылауда барлық оқушының қатысатынына, идеяларын ортаға салатындығына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына сынып оқушыларның сенімді болуы жоспарланған. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында INSERT техникасын қолданамын. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру