Анықталмаған интеграл. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Келісілді
«Математика» ӘБ жетекшісі
Даулетов К.С. ________
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4С Қисап III | Мектеп: Ақтау қаласы НЗМ ХББ | ||||||||||
Күні: 8.04.2019 | Мұғалімнің аты-жөні: Урынбаев А.О. | ||||||||||
Сынып: 11 В | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Анықталмаған интеграл. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.5.1.44 функцияның анықталмаған интегралын табу үшін бөліктеп интегралдау әдісін қолданады, сонымен бірге arcsinx, logаx түріндегі функциялардың | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Бөліктеп интегралдау әдісін қолданып, көрсеткіштік, тригонометриялық, кері функцияларды интегралдайды. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар анықталмаған интегралды анықтауды сипаттау үшін көбейтіндінің туындысы, интегралдау ережелері, бөліктеп интегралдау формуласы, айнымалыны ауыстыру сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады. Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлемдерді орынды қолданады. - Анықталмаған интегралды табу үшін алғашқы функцияның қасиетін қолданамыз … - Берілген анықталмаған интегралды … әдісімен табуға болады. - Қисық сызықты трапецияның ауданын табу үшін … - Айналу денесінің көлемін табу үшін … | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жұптық жұмыстарда ашық болу, бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу, академиялық шыншылдықты сақтау, өмір бойы білім алып, ізденуге дағдыландыру. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физиканың қолданбалы есептерінде қолданылады. Айналу денесінің көлемін есептеуде қолданылады. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Анықталмаған интегралға байланысты есеп жауаптарын https://www.mathsolution.ru/math-task/indefinite-integral онлайн калькулятормен тексереді, https://cdn.kutasoftware.com/Worksheets/Calc/05%20-%20Integration%20by%20Parts.pdf сайтынан тапсырма іріктейді. | ||||||||||
Бастапқы білім | Дифференциалдау ережелері, интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсіну туралы білімі, дәрежелік функцияның алғашқы функциясын табу дағдысы. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы Ұ және М 4 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдеседі. Сынып тазалығына назар аударады. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. 2. Функция графиктері арқылы, қандай функцияларды интгралдау керектігі анықталады. Графиктерге қарап нені байқадыңыз? Қандай функциялардың графиктері берілген? Қандай топтарға бөлуге болады? Неліктен Қандай функцияларды интегралдау қарастырылады? деген сұрақ қойылады. 3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері оқушылармен бірге талқыланады. | 1-3 слайдтар | |||||||||
Сабақтың ортасы Ұ 5 минут М және Ұ 10 минут М 3 минут Ж 15 минут | Сын тұрғысынан ойлаудың күрделендіру қағидасы бойынша есептердің деңгейі қиындай түседі. 1. Интеграл астындағы функция екі бір-бірімен «байланысты емес» функциялардың көбейтіндісі түрінде берілсе, мысалы: , түрлерін көрсету арқылы алдағы жоспармен таныстырады. Тақырыпты мұғалім түсіндіреді, дәлелдеу жолын оқушылармен бірге қарастырады. Бір мысал көрсетеді. 2. Мысалдар қарастырылу арқылы Блум таксономиясының түсіну сатысы жүзеге асырылады. Мысалдардағы тапсырмаларға жеке-жеке оқушылармен ақылдасу арқылы дескрипторлар құрастырылады. 3. Бөліктеп интегралдау формуласын қолданғанда u(x) функциясын дұрыс таңдау бойынша түсіндірме жүргізіледі. 4. Жұптық тапсырма орындалады. Бағалау: бір-бірін бағалау орын алады және кері байланыс береді. Дескриптор - u(x) функциясын дұрыс таңдады; - бөліктеп интегралдау формуласын дұрыс қолданды; - тікелей интегралдауды орындай алды. | 4-11 слайдтар 12-15 слайдтар 16 слайд Қосымша 1 | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | 1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
2. Бағалау. Барлық жасалынған жұмыстар бойынша мұғалім қорытынды бағалау жасайды. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сын тұрғысынан ойлаудың күрделендіру қағидасы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды. Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұпта жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Тереңдету қағидасы бойынша физикалық қолданбалы бағыттағы тапсырма үлестіріледі. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында рефлексия жүргізу барысында INSERT техникасы қолданылады. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетіледі. Әрбір тапсырмадан кейін кері байланыс беріледі. Жұптық жұмыстар мен өздік жұмыстар дескриптор бойынша тексеріледі. | Сынып бөлмесі сабақтан бұрын желдетілген. Сыныптағы орындық парталар түзу тур. Сыныптың іші жарық және сол жақтан түсуде. Сынып бөлмесі алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру