Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Алгебра, 10 сынып, дидактикалық материал.
Өткен білімін жаңғырту
Функцияның берілген кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәнін табыңыз.
Ұжымдық жұмыс
952.Үш еселенген біріншісі және екіншісінің кубының қосындысы ең кіші болатындай,
3 санын оң екі қосылғыштың қосындысы түрінде көрсетіңіз.
953.
Тік төртбұрыштың периметрі 56 см. Егер осы тік төртбұрыштың ауданы ең үлкен болса, онда қабырғаларының ұзындығы қандай болады?
954.
Ұзындығы 200 м болатын тік төртбұрыш пішінді жер бөлігін қоршау керек. Оның ауданы ең үлкен болуы үшін, онда осы тік төрбұрыштың өлшемдері қандай болуы тиіс?
318.
Табаны 60 см, бүйір қабырғасы 50 см теңбүйірлі үшбұрышқа ауданы ең үлкен тік төртбұрыш іштей сызылған. Тік төртбұрыштың екі төбесі- үшбұрыштың табанында, ал қалған екеуі бүйір қабырғаларында жатады. Тік төртбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын тап.
319.
Жуан бөренеден қимасының ауданы ең үлкен тік төртбұрыш болатын тіреу кесіп алынған. Егер бөрененің көлденең қимасының радиусы 20 см болса, тіреудің көлденең қимасының өлшемдері қандай болады?
Үй жұмысы
1) Бірінші қосылғыш пен екінші қосылғыштың кубының көбейтіндісі ең үлкен болатындай,
5 санын оң екі қосылғыштың қосындысы түрінде көрсетіңіз.
2) Тік төртбұрыштың периметрі 72 см. Егер осы тік төртбұрыштың ауданы ең үлкен болса, онда қабырғаларының ұзындығы қандай болады?
3) Ұзындығы 240 м болатын тік төртбұрыш пішінді жер бөлігін қоршау керек. Оның ауданы ең үлкен болуы үшін, онда осы тік төрбұрыштың өлшемдері қандай болуы тиіс?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» 🎂 Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру