Функцияның шегі. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В бөлім: Функцияның шегі және үзіліссіздігі | Мектеп: Алматы қ., ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||
Сынып: 11(10сағ) | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Функцияның шегі | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.1.9 функцияның шексіздіктегі шегін біледі және оны есептейді | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - функцияның шексіздіктегі шегін біледі; - функцияның шексіздіктегі шегін есептейді; | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | функцияның шексіздіктегі шегін есептейді; функцияның шексіздікке ұмтылғандағы мәнін есептеу тәсілдерін қолданып, тапсырмаларды орындайды. | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар функцияның шексіздіктегі шегіне берілген есептерді шығаруда математикалық терминдерді дұрыс, әрі өз орнымен қолданады. Пәнге тән лексика мен терминология: - шек; - функцияның шегі; - функцияның шексіздіктегі шегі; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Функцияның шексіздіктегі шегі .... ... мұнда шексіздіктегі шек анықтамасы бойынша ... Функцияның шексіздіктегі шегінің .... қасиетін қолдансақ, ... ... есептеу үшін, функцияның шексіздіктегі шегін .... | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақтың бағалау критерийлері бойынша терминологияны қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін меңгеру барысында тиімді тәсілдерді қолдану арқылы топпен, жұппен жұмыс жасауда командада өзара сыйластық пен бір-бірінің пікірлерін тыңдауға және жеке жұмыс істеуде ұқыптылыққа тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||
Пәнаралықбайланыстар | Математикалық терминдерді үш тілде игеру барысында орыс және ағылшын тілдері пәндерімен; | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Bilimland.kz | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сандық тізбектің шегі | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Оқушылармен амандасады, түгендейді. Жағымды психологиялық ахуал орнатады: «Бас бармақ» стратегиясын қолданып, балалардың көңіл-күйін анықтайды. Үйге берілген тапсырмалар "мұғалім-оқушы-оқушы" байланысы арқылы тексеріледі, балалар интербелсенді тақта көмегімен бір-бірлерін бағалайды. | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 15 мин 25 мин 20 мин | Анықтама. f(x) функциясы сандық түзуінің бойында анықталған болсын. Егер, болатын кез-келген хn тізбегі үшін болса, онда В саны f(x) функциясының шегі деп аталады. Бұл жағдайда деп жазады. Дәл солай, егер болатын кез-келген хn тізбегі үшін болса, онда болады. Жұппен жұмыс. Оқушылар «екеуге саналу» арқылы жұптарға біріктіріледі және дайын сызбалар арқылы шығарылатын есептерді орындайды. Тапсырма 1: Графиктері 1-4 суретте көрсетілген функциялардың қайсысының , немесе жағдайда шегі бар?
Тақырыпқа сай бейнеролик көрсету: «Шексіздіктегі функция шектерін табу»; «Белгісіздік дегеніміз не?». Анықталмағандықтар (немесе белгісіздіктің негізгі түрлері). Анықталмағандықтарды ашу үшін: Функция өрнегін қысқартады: көбейткіштерге жіктейді; функцияны қысқаша көбейту формулаларымен, тригонометриялық формулалалардың көмегімен түрлендіреді, түйіндесіне көбейтеді, бұл бұдан әрі қысқартуға мүмкіндік береді.
Топпен жұмыс. «Галерея» стратегиясы қолданылады, әр топ өз постерін қалған топтарға мазмұндайды, сұрақтар болса, жауап береді. Оқушылар «3 тапсырма» көмегімен үш топқа бөлінеді. 1-ші топтың тапсырмасы:
№1 Мысал: 2-ші топтың тапсырмасы:
№2 Мысал: 3-ші топтың тапсырмасы:
№3 Мысал: Жұппен жұмыс. I. №3.5 . №3.6 . №3.7 . №3.8 . №3.9 . №3.10 . II. №4.1 . №4.2 . №4.3 . №4.4 . №4.5 . №4.6 . III. №5.1 . №5.2 . №5.3 . №5.4 . №5.5 . №5.6 . Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. №1. Келесі қасиеттерді қанағаттандыратындай, қандай да бір функциясының графигін салыңыз: а) ; ә) ; б) ; в) және кесіндіде . №2. Келесі шектерді есептеңіз: а) ; ә) ; б) . | А.Е.Әбілқасымова, Алгебра 10 Bilimland.kz А.П.Рябушко, Сборник индивидуальных заданий по высшей математике, часть 1 | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Сабақ соңында оқушылар «Жетістік баспалдағы» стратегиясы бойынша рефлексия жүргізеді: оқу мақсатының бағалау критерийлері бойынша, оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы қандай деңгейде екенін анықтайды. Үйге тапсырма: Келесі қасиеттерді қанағаттандыратындай, қандай да бір функциясының графигін салыңыз: №39.6 а), ; б) , ; в) , ; г) , . №39.4 , , екені белгілі. Есептеңіз: а); б) ; в) ; г) . №3.27. . №4.16. . №5.29. . | ||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде сапалы құрылымдық кері байланыстар беру арқылы оқушылардың ЖАДА және өздігінен дайындалуларына бағыт-бағдар беру | Топта, бірін-бірі бағалау және өзін бағалау | «Жетістік баспалдағы» стратегиясы бойынша рефлексия жасайды. Оқу кабинетіндегі интербелсенді тақтамен жұмыс жасауда, электр көзін пайдалануда абай болу. | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру