Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал.
Тест
1.Бірінші ойыншының сақаны омпы түсіру ықтималдығы 0,95-ке, екінші ойыншының сақаны омпы түсіру ықтималдығы 0,9-ға тең. Екі ойыншының кем дегенде біреуінің омпы түсіру ықтималдығын тап (Жауабын жүздікке дейін дөңгелекте).
А) 0,14 В) 0,16 С) 0,43 D) 0,12
2. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша жарысқа үш ойыншыдан тұратын командалар қатысты. Егер бірінші ойыншының ұту ықтималдығы 0,2, екінші ойыншының ұту ықтималдығы 0,6 және үшінші ойыншының ұту ықтималдығы 0,4 болса, онда команданың 3:0 есебімен ұту ықтималдығын тап.
А) 0 В) 0,048 С) 0,44 D) 0,2
3. Ұста үш көрікте жұмыс жасады. Бір сағатта бірінші көрікте тоқтаусыз жұмыс жасау ықтималдығы 0,56-ға, ал екінші және үшінші көрікте тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы сәйкесінше 0,55; 0,4-ке тең. Бір сағатта тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығын тап.
А)0,1342 В)0,3212 С)0,431 D)0,1232
4) Ғылыми конференцияда математикадан 25, физикадан 15 және қолданбалы ғылымдардан 30баяндама жасалды. Кездейсоқ алынған баяндама математика немесе физика болу ықтималдығын тап.
А) 0,4 В) 1 С) 0,3625 D) 0
5) Халықаралық ғылыми конференцияға қатысушылардың 75%-ы ағылшын тілін, 30%-ы қазақ тілін және 25%-ы ағылшын және қазақша тілдерін біледі. Кездейсоқ алынған қатысушы ағылшын және қазақ тілін білмеу ықтималдығын тап.
А) 0 В) 0,2 С) 0,8 D)1
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру